Биографиялық фильмдердің бәсі биік болуы тиіс

Кейінгі кезде «Еуразия бірінші арнасынан» әйгілі кеңестік манекенші-модель, сән әлемінде «Кремльдің ең әдемі қаруы» және «Кеңестік Софи Лорен» атанған Регина Збарская туралы сериа­л көрсетіліп жатыр. Былай қарасаңыз, сән әлемінің кіндігі саналған Парижді тәнті еткен өмірі жұмбаққа толы сұлудың сол кездегі кеңестік қасаң қағидаларға сыймаған ғұмырын өзгеше қырынан бейнелеген қарапайым, бірақ кемел түсірілген Ресейдің кезекті киноөнімдерінің бірі. 

Егемен Қазақстан
16.07.2018 54

Алайда орыс әлемі ұлысы бар, кішісі бар, өз тұлғаларының бет-бейнесі арқылы тұл­ғатану жолында тынымсыз әрі тартымды һәм нәтижелі жұмыс жүргізіп жат­қанын аңдайсыз. Мұндай биографиялық фильмдер солтүстіктегі көршімізде соң­ғы 10-20 жылдықта көптеп түсірілді. Тіп­ті қазаққа қырғидай тиген қанқұйлы әскер­басыларының бірі Кольчакты да «Адмираль» атауымен антына адал қаһарман ретінде көрсеткені есте. Солтүстіктегі елдің сол сияқты саяси тұлға, өнер өкілі болсын, барлық биографиялық фильмдерінде әдемі әдіптелген идеологиялық иірімдер де көрініс беріп қалады. Бірақ бәрібір көркемдік ізде­ністері мен психологиялық портреттері саясаттың салқынын ақтап тұрады. Міне, бұл мәдениет пен өнердің ұлт мүддесімен қабысуы дер едік.

Әрине Қазақстанда да өмірбаяндық өнімдер жарыққа шығып жатыр. Әлбетте, оның ішінде көрерменді баурап алып жат­қаны сирек. Әйтеуір бір әбестік байқалып қалады. Әбестік ұлт тарихынан бейхабар біреулердің күлдібадам дүниесінен айғайлап көрініп тұрса, біледі-ау деген білімпаз, жұртқа жақын жанашыр азаматтар жанынан табылған туындылар де жауһар болып жан-дүниемізді жаулап жатқан жоқ. Экрандау саласында бір әлсіздік бар. Қаржы жеткеніне шығармашылық қауқар жетпейді, шығармашылық қабілеті түгелі қазанның қақпағынан қағыс қалатындай көрінеді. Ал қаншалықты жақсы ой, жаңашыл идея, тың бастама болғанымен пышыраңқы, күңгірт, діттеген ернеуіне жете алмаған шикі шығарманы ақтауға болмайды.

Әйтпесе әлгіндей әдемілігімен, әнімен, сәнімен болса да замананың қиялай соққан желі мен зар-запыранына тұншығып, әлеуетін әсте әспеттей бермеген қоғамда әуре-сарсаң күймен өмір кешкен әжелеріміздің қилы тағдыры жетерлік. Солардың бірі Күләш Байсейітова туралы сериал түсірілді. Бірақ кім түсірді? Әңгіме сонда. Қазақ сахнасының киесіне айналған тұлғаларды кейіптеуге өзгеше академиялық деңгей, ғаламат суреткерлік қабілет, әйел әлеміндегі қуаныш пен күйзелісті түйсінетін және түйсінте алатын терең түйсік қажет. Ал әр нәрсенің басын бір шалатын жолбикелердің қазақтың қайраткер перзенттерімен «ойнауға» моральдық құқы жоқ. Сондықтан режиссураны сахнадағы «гламурмен» шатыстыратын кемталант жандардың «Қозы Көрпеш пен Баян сұлу» сияқты 500 жылдан аса тарихы бар эпосты экрандауын ойлы көрерменнің сын садағына алуы әбден орынды. Өзіңіз салыстырып көріңізші, «Қыз Жібек» эпосын экрандауға кімдер қатысты?.. Режиссері Сұлтан Қожықов, сценарийшісі Ғабит Мүсірепов, музыкасын жазған Нұрғиса Тілендиев, ән мәтіндерін жазған Қадыр Мырзалиев. Асанәлі Әшімов, Құман Тастанбеков, Әнуар Молдабеков, Кененбай Қожабеков, Меруерт Өтекешова сынды актерлік құрамының өзі қандай?! Әрине шығармашылық жол – ауыр жол. Бірақ қазақ халқы қайраткерлерін, әсіресе өнер майталмандарын қадірлей біледі, төбесіне көтереді. Әгәраки, жұрт жүрегіне жол тапқан шығарма жазылса автордың да бағының жанғаны. Бүгінде еліміз бұл кесек дүниелерді толғатып жатыр деп сенейік. Әрине ауызды қу шөппен сүрте беруге де болмас, соңғы 10 жылдықты шиырлайтын болсақ, кинотуындылардың арасында қазақы бояуы қанық, тілі кестелі «Біржан сал» көркем фильмі биографиялық фильмдердің ғана емес, ұлттық картиналардың да қатарына қосылған қазына іспетті әсер қалдырғаны рас. Сол себепті жан-жақты жіті бақылап отырған көрермен көңілінен орын табу да, оларды жетелі көрерменге жетелеу де бәсі биік өнерді қажет етеді.

Бүгінде Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өнер мен мәдениетке айтарлықтай қолдау көрсетілуде. Кеше ғана Ұлыбританияда Кембридж университетінің баспасы қазіргі қазақ әдебиетінің үздік үл­гілерін ағылшын тіліне аударуға һәм таратуға келісімін берді. Сол сияқты қазақ актрисасы Самал Еслямоваға Канн фестивалінің талғампаз киносүйер қауымы тік тұрып ұзақ қошемет көрсетті. Иә, қазіргі қазақ өнерінде, мейлі экранда, сахнада, әдеби туындыда болсын, шынайы шығармашыл, таланты тас жаратын жандарды табу, оларды ортақ мүддеге шоғырландыру арқылы өшкен отты қаузауға болады. Қадыр Мырзалиев айтқандай, «Өткен өмір – өшкен от. От түгіл, өлімсіреген шоқтың өзі қымбат. Үрлеп-үрлеп қайта тұтатқың келеді...». Биографиялық фильмдердің бәсін биіктетер болсақ, біз өткенімізді де, өшкенімізді де, өзімізді де табатын боламыз.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

16.08.2018

Қарқаралы ауданы Қоянды жәрмеңкесінің 170 жылдығын атап өтті

16.08.2018

Ертеңгі ұрпақтың да еншісі бар

15.08.2018

Қазақстан 2019 жылы 5G интернетке қол жеткізеді

15.08.2018

Мемлекет басшысы Италия Республикасының Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

15.08.2018

Бақытжан Сағынтаев денсаулық сақтау саласын дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді

15.08.2018

БҚО: Шалқар көлінде 4 адамды құтқарылды

15.08.2018

«Хат қоржын»

15.08.2018

Елбасы Парламент Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевты қабылдады

15.08.2018

Сақтандыру шарттарын 2019 жылдан бастап онлайн режимде жасауға болады

15.08.2018

Түріктер «Қазақфильмнің» туындыларын көрсетпек

15.08.2018

Алдағы тәулікте күн суытады

15.08.2018

Астананың апорты

15.08.2018

«Егеменнің» қолдауымен «Ұлы Дала рухы» фотокөрмесі өтті

15.08.2018

Адам Пжегодскийдің Жетісудағы көпқырлы қызметі

15.08.2018

Қыркүйек айынан бастап «Астана-Теміртау» күре жолы ақылы болады

15.08.2018

Дәметкен Сүлейменованың «Жаһанша Досмұхамедов һәм қазақ автономиясы» кітабы жарық көрді

15.08.2018

Жазықсыз атылған жампоз

15.08.2018

Астананың білім беру мекемелерінің 45 басшысы тәртіптік жазаға тартылды

15.08.2018

Қарулы күштерінің сержанты ер-азаматқа лайық батылдық жасады

15.08.2018

Атыраудағы «КасХим» жылына 27 млн полипропилен мен полиэтилен шығарады

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Ертеңгі ұрпақтың да еншісі бар

Қойнауы құт қазақ жері тәуел­сіз­дігі­міздің ширек ғасырдан асқан шежіресінде ел экономикасын тұралап қалу қасіретінен сақтап келеді. 

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Мәдениетке мән берсек...

Үйіміздің жанындағы азық-түлік сататын дүңгіршекке соңғы кезде сатушы құтаймай-ақ қойды, жиі-жиі ауысады. Бұрын тіпті мұнда сатушы қыздардың Павлодардан қатынап істейтінін естіп-біліп жүретінбіз. «Екі апта Астанада сауда жасасақ, екі апта бала-шағамыздың қасында болғанға мәзбіз. Ауылдан қалаға қатынап істеудің азабы мен машақаты мұндайды бастан өткізген адамға ғана мәлім. 

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

«Арбамен қоянға жетер» күн қайда?

1998 жылы Kodak фирмасында 170 мың адам жұмыс істеген екен және әлем бойынша саудаланған фотоқағаздың 85 проценті дәл осы фирманың үлесіне тиген. Небәрі бірнеше жылдың ішінде олардың бизнес-моделі жойылып, фирма банкрот болған. Бұл нені білдіреді?

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Аграрлық саладағы болашақ мамандықтар

Сарапшылардың болжамдарына қарағанда, әлемдік аграрлық салада 15-20 жылдың ішінде революциялық өз­герістер жүзеге асырылады. Жаңа тех­нологиялардың шапшаң қарқынмен дамуы, ғарыш кеңістігін игеруге көптеген елдердің құлшыныс танытуы, гендік инженерия ықпалының күшеюі, азық-түлікке сұраныстың артуы, бос жатқан жерлердің азаюы секілді факторлар әлем бойынша жаңа технологиялармен қаруланған жаңа тұрпатты ауыл ша­руашылығын қалыптастырады. Сөйтіп ауыл шаруашылығы өзгерістерге барынша баяу бейімделетін ең консервативті сала деген бұрынғы түсініктің көбесі сөгіледі.

Әлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Бесінші саммит және Каспий «бестігі»

Кеше Ақтау қаласында Каспий маңы мем­лекеттері басшыларының Бесінші саммиті өтті. Аса маңызды халықаралық жиынға Қазақ­станның, Ресейдің, Әзербайжанның, Иранның және Түрікменстанның президенттері қатыс­ты. Тараптар Каспий теңізінің құқықтық мәрте­бесі, теңізде экономика, көлік-транзит, эколо­гия, қауіпсіздік және басқа да салалар бойын­ша ынтымақтастық орнату мәселелерін талқылады. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу