Әдебиет • 16 Шілде, 2018

Роман рейтингі

453 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Роман рейтингі

«The Telegraph» баспасы әлем әдебиетінің тарихындағы 100 үз­дік романның рейтингін жариялады. Л.Толстойдың «Ан­на Каре­нина» романы үздік үштікке кір­ді. Алдыңғы екі орынға Герман Мел­виллдің «Моби Дик», Джордж Элиот­­тың «Миддлмарч» романдары жайғасты. Генри Джеймстің «Әйел портреті» төртінші, Джозеф Конрадтың «Түн жү­регі» романы бесінші орынға тұрақтапты.

Ондыққа француз Марселя Прустың «Жоғалған уақытты із­деу» романы, ағылшын Шар­лотта Бронтенің «Джейн Эйр», оңтүс­тікафрикалық Джон Макс­велл Кутзеенің «Ба­қытсыздық», Вирджинии Вулфтің «Миссис Дэллоуэй» және даңқты Мигель де Сер­вантестің «Дон Кихоты» енген.

Жүздіктің ішінде В.На­боковтың «Лолита» романы (54), Б.Пастернактың «Доктор Живаго» романы (65), Федор Достоевскийдің «Қыл­­мыс пен жаза» романы (66), А.Пушкинің «Евгений Оне­гині» (88) бар.

ТОП-жүздікті Джон Р.Тол­киннің «Сақиналар әмір­шісі» роман-фэнтезиі түйіндеп тұр.

Бағашар ТҰРСЫНБАЙҰЛЫ,

«Егемен Қазақстан»