GGG белбеулері экспозицияға қойылды

Кәсіпқой боксшы Геннадий Головкиннің Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа тарту еткен чемпиондық белбеулері бүгінде Елбасы кітапханасының «Қазақстандағы Олимпиада қозғалысы» атты тұрақты экспозициясында жұртшылық назарына ұсыну үшін қойылды. 2018 жылдың мамырында тұсауы кесілген аталмыш экспозицияда Олимпиада қозғалысының жетекшілерімен, отандық және шетелдік спортшылармен кездесу барысында Мемлекет басшысына табысталған кәдесыйлар, марапаттар, спорт құралдары сақталған. 

Егемен Қазақстан
16.07.2018 5408
2

Бұл жерде Елбасының спорт саласындағы мемлекет саясатын ел ішінде ғана емес, шекарадан тыс ілгерілеткені үшін алған марапаттары да тұр. Олардың қатарында спорт ұйымдары мен қоғамдары, қауымдастықтары мен федерациялары тарту еткен марапаттары, сондай-ақ Ұлттық Олимпиада комитеті (ҰОК) Құрмет белгісі (2000), «Спешиал Олимпикс Қа­зақстан қозғалысын қолдағаны үшін» естелік медалі мен белгісі (2002), Азия Олим­пиада кеңесінің ордені (2007), FILA Халықаралық күрес қауымдастығының алтын ордені (2003) сынды өзге де  Олимпиада және Паралимпиада ойындарымен байланысты марапаттар бар. Олардың ең алғашқысы әрі ең ерекшесі – ХОК президенті Хуан Антонио Самаранчтың Мем­лекет басшысына та­быстаған «Еңбегі үшін» атты алтын Олимпиада ордені (1997).

Н.Ә.Назарбаевтың қол­дауы­мен отандық боксшы­лар же­тістіктерге жетіп ке­леді. Сол себепті де, Әуес­қой бокстың халық­аралық қа­уымдастығы (АIBА) Олим­пиа­да боксын дамы­туға қос­қан үлесі үшін Елба­сыға АIBА алтын орденін (2000), АIBА күміс орденін (2000), «Еңбегі үшін» алтын орденін (2002) тарту етті.

Ендігі кезекте «Қазақ­стандағы Олимпиада қозға­лысы» көр­месі экспози­ция­сының төрі­нен Г.Голов­киннің WBA – Дүние­жүзілік бокс қауымдастығы (2010), IBO – Халықаралық бокс ұйымы (2011), WBC – Дүние­жү­зілік бокс кеңесі (2016), IBF – Ха­лықаралық бокс федерация­сы (2015-2018) бойынша чемпион­дық төрт белбеуі ерекше орын алды.

Әли БИТӨРЕ,

«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

20.09.2018

Көкшетау тұрғыны тираждық лотерея ойынының миллионері атанды

20.09.2018

Жаңа еңбекақы жүйесі - оңтайландыру нәтижелеріне тікелей байланысты - Алик Шпекбаев

20.09.2018

Кесенелер тұрғызу жарысқа айналып бара ма?..

20.09.2018

Бүгін елімізде машина жасаушыларының VI форумы басталды

20.09.2018

Атырауда халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

20.09.2018

Бакуде дзюдодан әлем чемпионаты басталды

20.09.2018

Қоқыс өңдейтін цех ашар едім - Сергей Привалов

20.09.2018

Доллар бағамы 358 теңгеге түсті

20.09.2018

Ұрпақ сабақтастығының үлгісі

20.09.2018

АҚШ-тағы «Флоренс» дауылынан зардап шегушілер саны артты

20.09.2018

«Хат қоржын» (20.09.2018)

20.09.2018

Еурокомиссия Амазонға қатысты антимонополиялық тексерулерін бастауы мүмкін

20.09.2018

Әлеуметтік мәртебесі рәсімделеді

20.09.2018

Көкірек көзіміз қайтсек ашылады?

20.09.2018

Оралда бұқаралық домбыра тартудан рекорд жасалды

20.09.2018

Ұлттық ұлан командирлері біліктілігін шыңдады

20.09.2018

Қызылордада «Үздік анықтаушы» анықталды

20.09.2018

Балуандар Бухаресте бақ сынайды

20.09.2018

Кенияда жаттығып жүрген қазақ қызы

20.09.2018

Ақын Сараның 165 жылдығына арналған айтыс өтті

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Minez adamnyń taǵdyry ma?

Qazir Elbasynyń «Bolashaqqa baǵdar: rýhanı jańǵyrý» baǵdarlamasy týraly jıi áńgime qozǵalýda. Jańa turpatty jańǵyrýdyń eń basty sharty – ulttyq kodyńdy saqtaı bilý, ıaǵnı zaman jańalyqtaryn qabyldaı, oǵan ún qosa otyryp, basqa ulttardan árdaıym erekshelendirip turatyn ózińniń ulttyq bolmysyńdy, qazaqy qalybyńdy damyta bilý ekendigi aıtylýda.

Жұмабай ШАШТАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Esti men eski

Elektrondy aqparat quraldaryn qosa qalsań-aq jarq etip shyǵa keletin ánshilerdiń bitim-bolmystarynan syr aýlaı uzaq qadalatynyń bar. Qyz-jigitterdiń arasynda burynnan biletiniń ıa qatarǵa jańa-jańa ilingenderiniń oryndaǵan ánderine qulaı elikpeseń de – beker obaldary káne, beıjaı tyńdap otyrǵyzbaıtyn izdenisteriniń qýaty barshylyq. Bul salanyń jetik bilgiri sanalmasań da, tańdaǵan repertýaryna ózińshe kóńil aýdaryp, naqyshyn ishki tarazyńmen ólshep, órnek ıirimin oısha saraptaısyń ǵoı, baıaǵy. 

Ермухамед Мәулен, «Егемен Қазақстан»

Boljam aıtyp baıyǵandar

Sport bızneske aınalǵaly qashan. Árıne bul sózben qazir eshkim daýlasa almaıdy. Álemdegi eń baı adamdar sportshylar ekeni anyq. Alaıda osy sport bıznesi salasynda alaıaqtyq ta joq emes. Ásirese bás tigip aqsha tabatyndar men qandaı báske qoıý kerektigin usynatyndardan aıaq alyp júre almaısyz. Keńes beretin keń­seler men aqyl aıtyp otyratyn saıttar qap­tady. Aldaǵy ýaqytta alaıaqtardyń arbaýyna túspes úshin bul júıeniń qalaı áreket etetinin aıtyp óteıin. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Naǵyz Báıterek

Qazirgi baspasóz betterinde, buqaralyq aqparat quraldarynda «Báıterek» degen sóz teńeý retinde kóbinese qoǵamǵa eńbegi sińgen nemese ómir jolynda jeke basy jaqsy tabystarǵa jetken, sodan halyqtyń kózine túsken adamdarǵa qatysty qoldanylyp júr. Durys-aq. Ondaı adamdardyń eńbegi halyq ıgiligine jarap jatsa, sol ıgilikten kóptegen adamdar nár alyp, turmysyn jaqsartsa nemese sol adamnan úlgi alý arqyly urpaǵyna durys tárbıe, baǵyt-baǵdar berse, tipti basqany bylaı qoıǵanda, et jaqyn týystary, aýyldastary sonyń saıasynan pana taýyp, sol arqyly ómirin durys arnada jalǵastyryp jatsa, nege qoldanbasqa. Rasynda da, mundaı adamdar «Báıterek» degen atqa ábden laıyq qoı.

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Tо́relik qyzmetke tо́r qashan beriledi?

Abaı atamyz: «Burynǵy qazaq jaıyn jaqsy bilgen adamdar: «bı ekeý bolsa, daý tórteý bolady» dep aıtypty», deıdi. Rasynda, bul sózdiń ómir tájirıbesinen alynǵanyna esh kúmán joq. О́ıtkeni bul arada hakim bıdiń sany emes, sapasy daýdy azaıtatynyna mán bergeni anyq. Al endi bul búgingi kúni de elimiz aýmaǵyndaǵy tórelik qyzmet prosesinde týyndaıtyn qoǵamdyq qatynastardy sheshýde eń basty eskerer jaıt bolyp tur. Sebebi azamattyq daýlardy qaraýda qara qyldy qaq jaratyn ádil sheshimge qol jetkizý áli de arman.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу