Тұлға туралы толғаныс

Бұл жолғы мақаламыздың бас кейіп­ке­рі де әкім. Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев. Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері. Елбасы Түркістан облысының тізгінін сеніп тапсырған тұлға. Біздіңше, Жансейіт Қансейітұлы «табыскер әкім» демекке әбден-ақ лай­ық.

Егемен Қазақстан
18.07.2018 1846
2

Неліктен дейсіздер ғой, әрине. Қалай­ша дегендейін сауалдардың саулайтыны да рас, әлбетте. Шамамыздың жеткенінше дәлел­де­мекке тырысып көрелікші.

Ең алдымен, өмірбаянына қысқаша ғана көз жүгіртіп, көңіл суарайықшы. Жан­сейіт Қансейітұлы Түймебаев көп балалы, қазақы, қатардағы отбасын­да ту­ған. 1958 жылғы шіліңгір шілдеде. Қат­пар-қатпар қалың тарихы бар Қаратауыңыздың баурайындағы Қайнар ауылында. Әкесі Қансейіт пен аяулы ана­сы Ұлмекен он үш ұл-қыз тәрбиелеп өсірген. Шымкент шаһарындағы атақты мектеп-интернатты, Қазақ Мемлекеттік университетін тәмамдаған. Талантты түлек ретінде ҚазМУ-іңізде қалды­рыл­ған. Ассистент, аға оқытушы, доцент. Кейін­нен ғылым докторы дәрежесіне ие болған.

Ғалым ретінде, Мемлекет басшысы Протоколының жетекшісі ретінде, елші ретінде Жансейіт Қансейітұлының отыздан астам кітабы шыққан. Елге сіңірген еңбегі үшін, халықаралық деңгейдегі қайраткерлігі бағаланып, бірнеше ордендермен, медальдармен наградталған. Олардың ішінде Отанымыздың және шет елдердің биік-биік, жоғары марапаттары бар. Құрметті атақтары да аз емес.

Хош делік. Енді есімізде ерекше қал­ған айрықшалау жағдайларға аз-кем ғана аялдағанымыз артық болмас. Сонау жетпісінші жылдардың ор­та­­сында қатты құрғақшылық болып, Оң­­түстіктегі өзге аудандармен бірге бұ­рынғы шаяндық-алғабастықтардың, бү­­­гінгі бәйдібектіктердің Қаратаудан сасыр жұлып, қара талдың бұтақ-жа­­пы­рақ­тарын сыдыра сындырып, қоғамдық малға жемшөп үшін жинағаны жадымызда. Сонда облыстық газет тіл­шісі ретінде Қансейіт ағамыздан сұхбат алған едік-ау. Совхоздың парторгы еді. Шекесін шарт байлап алып, өзі де сасыр жұлып жүріпті. Шайыр-шайыр, желім-желім қолдарын журналистік алақанымыздан жуық арада ажырата алмай, ақжарылқап пейілмен күлгені көз алдымызда.

Білім және ғылым министрі жүз ауру­ха­на, жүз мектеп мәселесіне байланысты облысты ерінбей-жалықпай аралап шығыпты, түстен кейін обләкімдіктің үлкен залында басқосу болады, соған келіңіздер дескен тиісті кісілер. Ұмыт­па­сақ, 2007 жыл шығар. Тілдерді да­мыту басқармасын басқаратынбыз. Жина­лыс жақсы өткен. Нақ-нақ мәсе­ле­лер мәністелген. «Білім туралы» Заң­ға енгізілетін өзгерістер, білім мен тәр­­биенің тығыз бірлігі, мемлекеттік тіл тағдыры, оқулықтар сапасы, өнді­ріс пен ғылымды ұштастыру мен тех­ни­­калық және кәсіптік білім беруді да­мытудағы министрлік атқарып, республикада жүйеленіп жатқан жұмыстар туралы тартымды әңгімелеген.

Министр Түймебаев. Жиналған жұртшылық тәнтілік танытқан. Сүйсініс білдірген. Сұрақтарды да емін-еркін қойып, емен-жарқын жауап естіген. Сонда ғой, жиналыс аяқталып, облыс басшыларымен бірге Министр де сыртқа қарай беттеген. Орта тұстағы қатардың шетінде тұрған бізге күлімсірей жақындап, қо­лын ұсынып: «Аға, әңгімелеріңізді оқи­мын. Көбірек жазсаңызшы», – деген. «Министрлер оқыса, жазамыз ғой, ай­налайын», – деп ризаландық. Біз. Жанымызда тұрған, онша оқи бермейтін құрдасымызға қоқиланып. Ал көз алдымызға сол бір қуаңшылық құрсаған, қапырық сапырған ыстық жаздағы жүдеңкі тартқан тау беткейінде қолы шайырланып, алақаны желімденген ақжүрек ағатайымыз келе берген.

Одан бұрынырақта, 2006 жыл болу керек, ел газеті «Егемен Қазақстаннан» «Елдес­тірмек – елшіден» айдарымен жа­рия­ланған «Абай мен Пушкин» атты кө­лемді сұхбатты сүйсіне оқып, қиып алып, сақтап қойғанбыз. Мінекиіңіз, сол сарғайған қиындыға қызыға қарап оты­рыппыз. Төтенше және өкілетті елші Түймебаев мырза бүй дейді: «Өткен жылдың өзінде ғана мемлекет басшылары Н.Ә.Назарбаев пен В.В.Путин­нің арасында онға тарта кездесу болды. Үкімет басшылары, сыртқы істер министрлері мен басқа да лауазым иелері ұдайы жүздесіп, пікір алысып тұрады.

Апта сайын Мәскеуге кемінде үш-төрт қазақстандық ресми делегация келіп кетеді. Ресеймен шекаралас облыстарымыз да өзара алыс-берісті белсенді үде­тіп келеді. Екі елдің арасындағы қа­рым-қатынастың өлшемі сауда айналымы болса, 2005 жылы аталған көрсеткіш 10 миллиард долларға жетті. Енді мемлекет басшылары өзара сауда көлемін екі есе ұлғайтып, 20 миллиард долларға жет­кі­зу қажет деген міндет қойды. Мұ­ның өзі де шек емес. Әлі де біз үлкен жолдың ба­сында тұрмыз...».

Осы сұхбаттан сол 2006 жылдың Қазақ­­стандағы Пушкин, Ресейдегі Абай жылы деп жарияланғанына, әлем­дік деңгейде әйдік шаралар өтіп жат­қанына қанығасыз. Қуанасыз. Елші­лік­тің бастамасымен Мәскеуде «Абай инс­­титуты» аталатын оқу-ағарту жә­не гуманитарлық орталық ашылып, Абай ескерткіші еңселенген. «Шы­нын­­да да Мәскеу басшылығы мен қа­лалық дума депутаттарының Қазақ­стан­­ға деген оң көзқарасының, Ел­ба­сына деген құрметінің арқасында қыс­қа мерзім ішінде Ресей астанасын­да Абай ескерткішін қою туралы ше­шім қабылданды», – дейді Жан­се­йіт Түй­ме­баев. Сол сұхбатында Тө­тен­ше жә­не өкі­летті елшіңіз Абай ес­кер­ткі­ші­нің Кре­мьлден он минөттік ма­ңайда, Мөл­дір­қайнар бульварында бой кө­тер­генін мақтанышпен мағлұмдаған.

2015 жылғы желтоқсанда Түркияға бар­удың сәті түскен. Бізге. Сол сапар­да Қазақстанның Түрік Респуб­лика­сын­дағы Төтенше және өкілетті елшісі Түй­мебаев мырзаның толыққанды тұл­ға­сын танығандай күй кешкеніміз рас. Ыстанбұлыңызда да, Анкараңызда да, туысқан елдің, бауырлас мемлекеттің қандай жерінде де, теңізі мен көліндегі, тегісі мен өріндегі жұртшылықтың ара­сында да Алаш азаматының, қай­ран Қаратау баурайында туып-өскен қазақ­тың қарапайым перзентінің қанша­лық­ты құрметке, абырой-беделге ие екен­дігіне көз жеткізгенбіз. Сексен мил­лиондай халқы бар Түркияңыз Түй­ме­баевыңызды түгел танитындай түй­сін­геніміз рас-тұғын. Осы ойымыздың ше­тін шығара әзілдегенбіз. Сол сәтте Жансейіт Қансейітұлы: «Мұның бәрі Ел­басымыздың Түркі дүниесі көш­басшысына айналғандығының арқасы ғой, аға!» – деген. Толқып. Тебіреніп. Мәр­мәр теңізінің мәрмәр мәнзелдес айды­нына қарап.

Дұшпандар күйінетін шығар, әлбетте. Қазақ елінің Тәуелсіздігін алғаш мойын­дап, ағайындық ақжармалығын та­нытқан Түркия ғой бұл. 2015 жылдың өзін­де, Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Қазақстанға ресми са­пар жасап, екіжақты келісімдерге ықы­лас­пен қол қойды. Сол сапардың аясын­да өткізілген жоғары деңгейдегі стра­те­гиялық ынтымақтастық кеңесіне жә­не биік дәрежелі бизнес-форумға қатысты. Бұл форумға түрік бизнесінің 150-ден астам аймүйіз өкілдері келді. Жалпы құны 776,3 миллион АҚШ долларын құрайтын 20 инвестициялық құжат қабылданды. 2016 жылы сәуірде Елбасымыз, Түркі әлемінің көшбасшысы атанған Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Ыстанбұлда өткен Ислам Ынтымақ­тас­тығы ұйымының саммитіне қатысып, келіссөздер жүргізді. Бұл саммит «Бірлік пен ынтымақ, әділеттілік пен бейбітшілік үшін» тақырыбында ұйымдастырылды. Бірқатар маңызды мәселелер жөнінде бастамашылдық танытып, өзекті шешім­дер мағлұмдаған Елбасымызға сам­митке қатысқан 56 елдің өкілдері, 30-дан астам мемлекет басшылары жы­лы ықылас танытып, жаппай қолдау білдірді.

Түркия мен Ресей арасындағы кикіл­жің, шиеленіскен геосаяси жағдай әлемді әбір­жіткені белгілі. Бұл тығырықтан да тиімді жол тауып, жанжалдың ше­шілуіне Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев теңдессіз еңбек сіңірді. Жеті ай бойына саяси дағдарыс дендеп, Ресейдің де, Түркияның да экономикасына қыруар залал келген болатын. Саяси ахуал күрделіленіп, күрмеулі түйін­дер көбейген еді.

Назарбаев дипломатиясының табысын дүние жүзінің дуалы ауыздары мойындап, мәлімдеп жатты. Түркиядағы тиражы 140 мың дана «Milliyet» басылымынан бастап «Once Vatan», «Karar», сияқты көптеген газеттер, алуан түрлі ақпараттық порталдар Түркия мен Ре­сей­дің татуласуындағы Қазақстан Пре­зи­дентінің рөлін биік бағалап, бұл қай­ырымды қадамның күллі әлемдік сая­сат­қа әсер-ықпалын талдап, таразылап жаз­ды. Осы орайда да Қазақстанның Түркия­дағы елшілігінің, Төтенше және өкі­летті елшісінің қаншалықты қажыр-қай­рат, күш-жігер жұмсағанын түсініп-түй­сінген ләзім-дүр.

2015 жылғы желтоқсанда жолымыз түсті дедік. Түркияңызға. Сонда ТҮРКСОЙ-дың жауапты қызметкері, жазушы Мәлік Отарбаев мырзадан естіген әңгімелеріміз еске түседі. Бұрынырақта Абай мен Мағжанның, Дина Нұрпей­ісова мен Қабанбай батырдың ескер­ткіш­тері еңселеніп, көптеген көшелерге Қазақстанға байланысты атаулар қойы­лып­ты. Түймебаев елші болғалы бұл дәс­түр өзгеше өрлей түсіпті. Абылай хан­­ның ескерткіші, Абылай хан атын­да­ғы саябақ ашылған. Елбасы Нұр­сұл­тан Назарбаевқа арналған монумент орна­тыл­ған. Невшехир қаласында Қазақ­стан, Анкарада Абай, Қыршехир, Гебз­е, Адана қалаларында Нұрсұлтан Назар­баев атындағы даңғылдар, Анкара қа­ласында Сүйінбай Аронұлы атындағы саябақ ашылыпты.

– Кейінгі кездері екі елдің арасындағы мәдени және әдеби байланыстар өнегелі өріс алып, өрелі сипатқа ие болды, – деген еді сонда талантты жазушы, аудармашы Мәлік бауырымыз мерейлене жымиып. – Қазақстанның айтулы ансамбльдері, өзгеше өнер ұжымдары, жекелеген жұлдыздары Түркия шаһарлары сахна­ла­рының төріне шығып, туыстарды тәнті етіп жүр. Еліміздің елеулі тұлға­ларының, арғы-бергі кездердегі ақын-жазушыларымыздың көптеген кітаптары түрік тілінде шығарылды.

2016 жылғы алтын күзде Жансейіт Түймебаев Оңтүстік Қазақстан облысы­ның әкімі болып тағайын­дал­­ған. Елбасы көрнекті мемлекет жә­не қо­ғам қайраткері, аса жауапты, жо­ғары лау­азымдар атқарған айтулы аза­мат, іскер де ізденімпаз басшы әрі ға­лым ретінде биік сенім білдіріп отыр­ға­нын айтып, үшінші мегаполис­ке айна­латын Шымкентті көркейту, әсі­ресе, артта қал­ған өнеркәсіпті өркен жай­дыру, «ақ алтынды» аймақтың атақ-даңқ­ын орал­ту, ауыл шаруашылығында жа­ңа­ша серпін туындатып, егіншілік, әсі­ре­се, көкөніс пен жеміс-жидек және мал өнім­де­рін өңдеу, бюджетке түсетін кіріс­тер көле­мін еселеп көбейту, шағын және ор­та биз­неске кең өрістер ашу жө­нінде тап­сыр­малар тізімдегеніне куә-дүрміз.

Елбасы тапсырмасына сәйкес өнер­кәсіптік кәсіпорындарға, индус­три­ялық-инновациялық орталықтарға, «Оңтүстік» аталатын арнайы аймаққа, киім-кешек тағы басқа да отандық өнім­дер шығаратын кәсіпорындарға қан жүр­гізбекке қам жасауға кірісті. Осы орайда елші әкім облысқа инвестиция тартуда ерекше белсенділік танытты. Дүние­нің алпауыт елдерінен бастап көр­ші елдердің ірі компанияларымен бай­ланыс нығайып, өңірге 480 миллиард­тан астам инвестиция тартылды. Бұл көр­сеткіш жөнінен күңгей өңіріңіз тұтас Қазақстан бойынша көш бастады.

Елді елең еткізген «Шатқал» бағдар­ла­­масы қолға алынды. Қараусыз, қам­қор­­лықсыз азып-тозып кеткен сай-са­ла­­ларды саябақтарға, шатқалдарды шат-шадыман демалыс орындарына ай­­нал­­дырмақты мақсат еткен бұл жаңа­лық­­­қа жұртшылықтың жаны жылыды. 2016 жылғы желтоқсан мен 2017 жыл­ғы қаңтарда Қаратау және Еңбекші ау­дан­­дарының шатқалдарына қаншама мың­­даған қарағай, арша, аққайың, емен, талшын көшеттері отырғызылды. «Шым­­сая» саябағының негізі қаланды. Шым­­қаланы шындап шырайландыру шы­ғандады.

Біз біраз жылдар бұрын «Қош­қа­ра­та мен Бадам өзендерінің бой­лары көр­­кейтілмей, Шымшаһарыңыз көр­кеймейді» деп жазғанбыз. Облысы бар, қаласы бар, әртүрлі әкімдеріңіз әре­кет­тенген. Тек Түймебаевыңыз ғана Қошқарата әулиенің есімін еншілеген ерек­ше өзеннің бойын біржолата біре­гей­леуге қол жеткізе алды.

 Жансейіт Қансейітұлының өзі әкімдікке тағайындалғаннан кейінгі төртінші айда бүй деген еді: «Үш айдың ішінде облыс көлеміндегі аудандар мен қалаларды түгел аралап шықтым. Ең бірінші байқағаным – жұмыссыздықтың көптігі. Неге бұлай? Ауа райы қолайлы, топырағы құнарлы ауылдарда үйіргелік жерлерді үйлестіре алмайтындар жетіп-артылады. Сондықтан да ең бірінші кезекте аудандар мен қалалардың жекелей даму тұжырымдамаларын жасауды қолға алдық. Оларда нендей салаларда нақ­тылы не істелетіні, қандай қала мен ауданда, қай ауылда қайткенде адамдар жұмыспен қамтылатыны бүге-шігесіне дейін нақтыланады».

Түркияның тыныс-тіршілігімен түстік өңірді салыстырып, Анадолының озық жақтарынан үлгі алуды жиі әңгі­ме­лейді. Түрлі-түрлі салаларға сәй­кес делегациялар қайта-қайта туыс­қан мем­­лекетке барып қайтады. «Ол елде мем­лекеттен ешкім жұмыс сұрамайды. Отбасылық кәсіп, үйіргелік телім, тағы басқа жерлерде тынымсыз бейнеттенеді. Өнімдерін өңдеп, пайдалы пұлдаумен ерін­бей шұғылданады. Тынымсыз ізде­неді. Алғашқы тәжірибе ретінде Төле би ау­данының бір жылдық даму тұжы­рым­да­масында отбасылық кәсіпке айрықша мән берілді», – дегені есімізде.

Осылайша 2017-2021 жылдарға жос­парланған жаңа бағдарлама бой­ын­ша ал­ғашқы бір жылға 13 миллиард тең­ге бөлініп, 61 мың адамды жұмыспен қам­­ту жоспарланды. Жоспар жемісті жү­­з­е­ленді.

Қайсыбірін айтайық-ай, инвес­тициялық-инновациялық жаңа жоба­лар­ды жай ғана тізіп шықпақтың өзі біраз көлем алады.

Руханият, мәдениет пен әдебиет, театр мен кино, өлкетану, тарихи мұралар мәселелеріне кең өріс ашыла бастаған. «Рухани жаңғыру» бағдарламасына байланысты жасалған жобалардың басым көпшілігі де бұрынғы Оңтүстік Қазақстан облысы, бүгінгі Түркістан облысында. «Қазығұрт – Кемеқалған», «Ордабасы – қазақ ру­хы­ның қағбасы» кешендері қолға алынуда.

Биыл «Наурыз Қазығұрттан басталады» атты мерекеге жүз мыңнан астам адам қатысты. «Ақсу-Жабағылы алауы, Шұбайқызыл жалауы» атты республикалық қызғалдақ фестивалі өткізілді. Бірлік басы атанған Ордабасыда «Туған жерге тағзым» акциясы, Бәйдібек ауданының бал татыған Бөген өзені бойында «Қымызмұрындық» мерекесі ұйымдастырылды. Ұлттық код, ұлттық салт-дәстүрлер жаңашылдықпен жарасымын тапты. Әр ай сайын әр аудан-аймақтың айрықшалықтарына орай Отырарда, Мақтааралда, Шардарада, Сарыағашта, Созақта, Түркістанда түрлі-түр­лі, терең мәнді, тағылымды та­қы­рып­тардағы ірі-ірі, ізгілікті іс-шара­лар рухани жаңғырудың жарқын көрі­ністері, үлгі-өнегесі ретінде жалға­сын таппақ.

«Түркістан – түркі әлемінің мәдени астанасы» атанған 2017 жыл ерекше есте қалды. Елуге жуық ерекше шаралар – симпозиумдар, конгрестер, конференциялар, фестивальдар, форумдар, кездесу кештері, концерттер, т.б. және т.т. ұйымдастырылды. Мәдени астана жылы «Қош келдің, Әз Наурыз!» мерекесімен басталған. Есімхан алаңында түгел түркінің Наурыз мейрамы бағзыдағы бабалар аманатына адалдықты паш еткен.

Жансейіт Түймебаевтың бастамасымен рухани қазыналар қатарына қосылар жиырма шақты жинақ шыға­ры­лып, «Жаһан таныған жеті тұлға», «Тұлға. Тәу­елсіздік. Тарих» атты керемет кітап­тар­­дың тұсаукесері Астана қа­ла­сын­да, Ұлттық академиялық кітапханада өткені аян. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласына сәйкес жасалған жобалар аясында, өңір басшысының идея­сы нәтижесінде «Қажымұқан», «Оты­рар­ды қорғау», «Ки­елі Қазығұрт» ат­т­ы ани­ма­циялық фи­льмдер, «Көне жеті­ген­нің сы­ры» дей­тін он сериялы туынды дүниеге кел­ді.

Мінекиіңіз, бүкіл байтағыңыздың, Қазақстаныңыздың халқы қатты қуанған, тебіреніске толы тарихи оқиғалар болып жатыр. Шымкентіңіз үшінші ірі мегаполиске айналып, республикалық мәртебе алды. Өңір орталығы текті төрімізге ауыстырылып, Түркістан облысы туындады. Мақтааралыңызда жаңадан Жетісай, Сарыағашыңызда Келес ауданы ашылып, биік-биік белестерге беттемекші.

Тарихи тағылымы терең таңғажайып жаңалықтар елдің, ұлттың, халықтың ата-бабалар аманатына адалдығынан, Елбасының болашақты болжай білген кө­ре­гендігінен туындап отыр. Өзге­ріс­тердің бәрі де – рухани жаңғы­руы­мыздың нақтылы нәтижелері.

Түркістан қаласында, түркі әлемі­нің текті төрінде, Әзірет Сұлтан­ның, ұлы хандарымыз бен билеріміздің, ба­тыр­ларымыздың асыл сүйектері жатқан, рухтары тербеген топырақта жаңаша орталықтардың орындары белгіленіп, тың да тосын тірліктер бас­­­талды. Қоғамдық-саяси, эконо­ми­ка­лық-әлеуметтік, мәдени-рухани іс-шаралардың бәрі түгелдей дерлік Түркіс­танда өтіп жатыр. Барша жұмыстардың басында Түркістан облысының тұңғыш әкімі, Түркі әлеміне танымал тұлға Түймебаев мырза тынымсыз тер төгіп жүр.

Мархабат БАЙҒҰТ,

жазушы

Түркістан облысы

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

17.11.2018

Amazon мен Google-де жұмыс істейтін қазақстандықтарды елге шақыру керек - Атамекен ҰКП

17.11.2018

Павлодар облысында 370 жүргізуші мөлшерден артық жүк тасыған

17.11.2018

Павлодарда 524 полиция қызметкері пәтерге мұқтаж

17.11.2018

Дулат Қажанов: Оңтүстік тұрғындарын Күршімге шақырамыз

17.11.2018

Таразда Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің күні аталып өтті

17.11.2018

Қызылордадағы ЖКО: 29 адам ауруханада, 45-і үйіне оралды

17.11.2018

Қызылордада жолаушылар автобусы соқтығысты

17.11.2018

Атырауда балық шаруашылығы басқармасының басшысы тағайындалды

17.11.2018

Астанада дзюдодан Қазақстан Чемпионаты өтті

17.11.2018

Таразда «Туған жерге туыңды тік!» форумы өтті

17.11.2018

Ақ Жайықтың жастарында жігер көп

17.11.2018

Оралда қоғамдық ұйымдардың VIII форумы өтті

17.11.2018

17 қарашаға арналған ауа райы болжамы

16.11.2018

Қазақстан туризмін дамытудағы кезекті қадам

16.11.2018

Абылай ханның Галдан Цереннің тұтқынында болған жері табылды

16.11.2018

Қазақстан қор биржасы 25 жылдығын қорытындылады

16.11.2018

Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия отырысы өтті

16.11.2018

Атыраулық Қаһарман Қисметов  Әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

16.11.2018

Қазақ жігіті америкалық хоккей командасының капитаны атанды

16.11.2018

​Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Эритреяға қарсы санкцияларды жою туралы қарарын қолдады

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Esi ketken eskini alady

Búginde avtomobıl degen burynǵydaı baılyqtyń, sol kólikti satyp alǵan adamnyń áleýmettik jaǵdaıynyń jaqsy ekendiginiń kórsetkishi bolýdan qalyp barady. Bir úıde eki, keıde úsh avtokóliktiń bolýyn, tipti keıbir jumyssyz júrgenderdiń de avtokólik satyp alýyn oǵan mysal retinde keltirýge bolady. Osy oraıda avtomashınalardyń sonshalyq kóbeıip ketýiniń syry nede degen saýaldyń týyndaýy da zańdy. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Qala jáne qazaq

Astana – jastar qalasy. Qala kóshelerinde kele jatyp aınalańa qarasań kóbinese jastardy kóresiń. Demek, Astana – bolashaqtyń qalasy. Osy Astana arqyly qazaqtardyń qala halqyna aınalyp kele jatqandyǵyn jáne aınala alatyndyǵyn anyq baıqaýǵa bolady.

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Mádenıetti adam. Ol kim?

Osy keıde on ekide bir gúli ashylmaǵan kókórim jastarǵa albyrttyqtyń saldarynan jibergen aǵattyǵy men qateligin túzeý maqsatynda apalyq qamqorlyqpen azǵantaı bir aqyl-keńes aıta bastasań, munyńdy muqatý, tuqyrtý dep oılaıtyndaryna túsinbeısiń.  Olardyń bári syndy solaı qabyldaıdy degen pikirden aýlaqpyz árıne, biraq kúndelikti ómirde mundaı jaıtqa jıi tap bolyp jatatynymyz ras endi. Munan soń aldyńǵy tolqyn apalarymyz ben aǵalarymyzdyń aldarynan kese-kóldeneń ótpeı, jumsaǵan jaqtaryna quldyrańdaı usha jóneletin baıaǵy bizdiń kezimizdegi jastardyń eleýsiz ǵana eskertilgen úlkenderdiń áńgimesinen keıin endigári sol kemshilikti qaıtalamaýǵa tyrysatyn elgezektigi, qarapaıymdylyǵy, kishipeıildigi, ıbalylyǵy sanamyzǵa saǵynysh sazyndaı sarqyla oralady. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Sheraǵań shertken sher

Qazaq jýrnalıstıkasynyń qara narlary Sherhan Murtaza men Kamal Smaıylovtyń «Egemendegi» hattary kezinde qoǵamdyq sanaǵa serpilis ákelgeni málim. «Qadirli Kamal Dos!», «Qadirmendi Sherhan!» dep bastap, el ómiriniń qaltarys-bultarystaǵy búkil problemasyn jipke tizip kórsetken, odan shyǵatyn jol izdegen eki tulǵanyń hattaryn qazir oqysań, alysty boljaı bilgen kóregendigine eriksiz tańǵalasyń. 

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Sotqa silteı salý sán be?

Qara qyldy qaq jaryp, ádildikti aıtqan qazaq bıleriniń bılik qaǵıdasy: «Týra bıde týǵan joq, týǵandy bıde ıman joqqa» negiz­delgeni málim. Qasqaıyp turyp qamshysyn aldyna tastap: «Baı bolsań halqyńa paıdań tisin, batyr bolsań dushpanǵa naızań tısin. Baı bolyp paıdań tımese, batyr bolyp naızań tımese jurttan ala bóten úıiń kúısin» dep Áıteke bıdiń shamyrqanǵany, judyryqtaı jumylǵan Qazybek bıdiń Qońtajyny bılik aıtý kezegi tıgende: «Sózdi óńmenime suǵyp aıtqan kezde, eki ıyǵynan eki aıý aýzynan ot shashyp «typyr»» etshi, «kóreıin» dep turdy. Kórdińiz be, bılik aıtqan adam sózimen de kózimen de, susymen de yqtyra alady eken. Qazaq bıleri dala zańynyń oryndaýshylary bolǵan. Tek ádildikti tý etip kótergen onyń aldynda han da qara da birdeı jaýap bergen.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу