Әліпби – жазуымыздың іргетасы

Елбасы – Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында елімізде жүргізілетін маңызды реформалар турасында, оның ішінде қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру қажеттілігі туралы айтқаны көптің көкейінен шыққан еді. Ал латын әліпбиіне көшудің мақсат-міндеті, қоғамдық-саяси, өмірлік маңызы бұл күнде жалпы қауымға жете түсінікті болып отыр. 

Егемен Қазақстан
18.07.2018 1550
2

Ұлт ұстазы Ахмет Бай­тұр­­­сын­ұлы: «Әліпби деген – тілдің негізгі дыбыстарына арналған таңбалардың жұ­мағы. Неғұрлым тіл дыбыстарына мол жетсе, арналған дыбысқа дәл келсе, оқуға-жазуға жеңіл болса, үйретуге оңай болса, заманымыздағы өнер құрал­дарына орнатуға қолайлы болса, соғұрлым әліпби жақсы болмақшы» деген еді (А.Б. Қаз. тіл. біл. мәсел. 2013, Б. 552). Бү­­гінгі таңда латын графика­сына негізделген қазақ тілі әліпбиін түзу, қабылдау барысында ұлы ғалымның бұл аталы ой-пікірі жете басшылыққа алынып, толықтай іс жүзіне асуда.

Соның айқын дәлелі «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 19 ақпандағы №637 Жарлығы жарияланып, қалың қауымның ыстық ықыласына бөленіп, қызу қолдау табуда. Солай бола тұрса да Елбасы: «Әліпби деген қатып-семіп қалған дүние емес, ол жол-жөнекей жөнделе, толықтырыла түседі. Сондықтан бұл мәселенің көпшіліктің талқысына түсуі заңды» деуі де қуантарлық жайт. Айтса айтқандай, еліміздің бұдан бұрын да үш рет әліпбиге ие болу барысындағы іс-тәжірибесінің бары баршаға аян.

Әсіресе 1939-1940 жылдардағы латын әліпбиін иемдену, 1940 жылдан күні бүгінге дейін орыс тілі негізіндегі жазу үлгісі, оның әліпби мәселесі, ел тарихы, тіл тарихы қоғам өмірімен тікелей байланысты. Ұзақ мерзімді іс-тәжірибелер мен үлгі-өнегелер қазіргі латын әліпбиіне көшу барысында тиімді нәтижелерге қол жеткізіп отырғаны баршаға аян. Сол жылдары заң жүзінде бе­кітіліп, қолданысқа кеңінен енген латын әліпбиіндегі кейбір әріп­тердің өзгеріске түскені бар-ды.

Біздер 1934 жылы мектеп табал­дырығын аттап, 1940 жылы алтыншы сыныпты бітірер кезімізде латын әліпбиіндегі і және j әріптері өзгеріске түскен-ді. Сол кездегі qoj, aj, taj сияқты сөздердегі j әрпінің өзгеріп кейін і болғаны, сөйтіп qoі, aі, taі деп жазылғаны, ал is, tis, til, bir сияқты сөздердің js, tjs, tjl, bjr болып жазылғаны бар. 1939 жылы «Abai Qūnanbaiūlь. Tolьq jinaq» атты кітаптың да жарық көргені белгілі (ол кітап менің қолымда сақтаулы).

1940 жылы С.Аманжолов да­йын­даған «Орыс алфавитіне негіз­делген қазақтың жаңа алфавиті мен орфографиясы» атты еңбектің екі рет өзгеріске түсіп, өңделіп толықтырылғаны да зиялы қа­уымға мәлім. 1949-1951 жылдары бұл жұмыс толықтырылып өңделген соң Ғылым академия­сы Тіл білімі институтының директоры А.Ысқақовтың бас­шылығымен «Қазақ әліпбиі мен орфографиялық ережесі» деген атпен 1957 жылы жарық көр­ді. Арада 26 жыл өткен соң оның жаңа нұсқасы профессор Р.Сыздықтың ұлан-ғайыр ең­бегінің нәтижесінде 1983 жылы Үкімет қаулысымен бекітілді де, күні бүгінге дейін тұрақты қолданысқа ие болып отыр.

Бұл жайтты қысқаша да болса баян етіп отыруымыздың басты себебі – қазіргі кездегі латын гра­фикасына негізделген қазақ тілі әліпбиі мен оның болашақта жасалар ережесіне қатысты атқарылар қыруар шаруаның аса күрделі де қиян-кескі қиын­­дығын, оған орасан күш-қай­рат, білікті мамандардың аса қажеттілігін қаперден шығармау.

Қазіргі басты міндет – латын графикасына негізделген әліпбиімізді толық анықтап, нақтылап тұрақтандыру. Бүгінгі таңда тарихи мәні зор бұл игі істің баянды негізі жасалып, жұртшылық қолына тиіп отыр. Ең негізгісі Республика Президентінің Жарлығы – басты заң. Ал талқылау барысында айтылып жатқан ұтқыр ұсыныстар мен талап-тілектер Үкімет комиссиясы тарапынан жан-жақты қарастырылып, әділ де шынайы шешімін табары сөзсіз.

Жарлықта латын графикасына негізделген қазақ тілі әліп­­биінің жалпы саны 32 болса, оның ішінде әңгімеге ерекше тиек болған ә, ғ, қ, ң, ө, ұ, ү, і, һ сияқты төл әріпте­ріміз бен и, й, х, һ, ч,ш, ь, ю, я әріп­тері туралы пікірлер бар. Олар­дың баспасөз беттерінде жарияланғаны бар­шаға мәлім.

Жаңа нұсқаның 11-бабы бойын­ша айтылған «Орыс тілінің дауысты «и» дыбысы мен қазақ тілінің дауыссыз «й» дыбысын бір таңбамен беруге болмайды. Сондықтан осы бапты алып тас­тау керек» деген ұсынысты байқадық. Дауысты және дауыссыз дыбысты бір таңбамен беруге болмайтынын ғылыми тұрғыдан дәлелді деп қарар болсақ, 11-бапты алып тастаудың ешбір қисыны жоқ. Бұл жердегі негізгі мәселе латынша әріп беру ғой. Қазіргі әліпбиіміз бен жазуымызда екі и (яғни [й] және [и] болса, бұл екеуі латын әліпбиінде бір ғана жалаң «ı» әрпімен таңбаланып отыр. Оның бас әріппен жазылу нұсқасы нүктесіз «І» болса, кіші әріппен жазылу нұсқасы да нүктесіз «ı». Егер «и» әрпін жеке, «й» әрпін жеке таңбалағандай болсақ, екеуін де «і» әрпімен береміз ғой.

Шынтуайтқа келгенде, тілі­мізде «й» дыбысынан баста­ла­тын шет тілдерден енген – Йемен, йог, йод, йодты, йот, йота деген алты ғана сөз болса, оның есесіне байырғы сөздеріміздің бас, орта, соңғы буындарында келіп, анық айтылатын жүздеген сөз бар. Мәселен, ай, жай, қой, сай, май, жайма, бейбіт, бейне, дайын, қайың, жайлау, қайыр, айдай, айқай, бабай, бақай, атай, апай, т.т. Ал «и» әрпімен басталып айтылатын және сөздердің бас, орта, соңғы буындарында келетін сөздер қаншама, тіптен 5-6 мыңға жуық. Олай болса, 11-бап сол қалпында, өзгеріссіз қалу керек.

Құрамдарында ь,ч,щ, э, ю, я ды­быстары келетін терминдер мен жалпы есімдерді латын әрпімен таңбалауда көптеген қиындықтар туғызар жайттар аз емес. Бұл ретте қазақ тіліндегі латын әліпбиін қолдану барысында сингармонизм заңына сүйену арқылы жіңішкелік белгінің «ь» қажет еместігі туралы пікір орынды болғанымен, басқа да уәждер мен себеп-салдардың тиянақты қарастырылуы тиіс. Бұл ретте тіл маманы А.Әмірбекованың ой-пікірлері мен ұсыныстарының тиімді екені байқалады («Ана тілі». 5-11 шілде 2018 ж.).

Қазіргі қолданыстағы Гг, Ғғ дыбыстары латын әліпбиіндегі Gg, Ǵǵ әріптерімен таңбаланып отыр. Оларды «Egemen Qazaqstan» газетіндегідей GG, ǴǴ дыбыстарымен таңбаласақ, жазу барысында да, қолдану кезінде де әрі жеңіл, әрі ыңғайлы болар еді.

Әліпбидің жаңа редакция­сының 17-бабында «ң» дыбысы Ńń әрпімен таңбаланған. Тілімізде «ң» әрпімен, яғни латынша беріліп отырған ń әр­пімен басталатын сөз жоқ. Олай болса, ол ешқашан бас әріппен жазылмайды. Сондықтан оның баптағы Ń бас әріппен көрсетілуін алып тастау орынды болмақ. Қазіргі жазуымыздағы «Ұ» әрпін латын әліпбиінде «Uu» әрпімен беріп қолданысқа енгізу, жазу, қолдану да көптеген қиындықтар туғызады. 1950 жылдардың басына дейін ол ȳ таңбасымен берілген болатын. Ȳлы деген сөз сол кезде газетте улы тұлғасында жазылып кетіп, төбесіндегі дәйекше (-) түсіп қалған. Содан кейін оның орнына белдемше сызығы бар ұ әрпі қабылданылған. Сондықтан [ұ] әрпін ý, ал у әрпін латынша u әрпімен таңбаласақ айтуға да, жазуға да ыңғайлы әрі жеңіл болары сөзсіз. Ал ү әрпі ú әрпі ар­қылы таңбалануын сақтай береді.

Жаңа редакцияда орыс тіліне тән [ч] дыбысы латын әліпбиінде «сһ» диграфымен таңбаланған. Оны бір ғана «с» дыбысымен, таңбамен беру қолайлы болатыны туралы пікірлерді біз де қолдаймыз. Қолданыстағы [ш] дыбысы латын әліпбиінде «sh» диграфы арқылы таңбаланған. Бұл тектес әріп ағылшын тілінде де бар. Алайда тілімізге жат бұл дыбыстың көптеген қиындыққа соқтыратын жақтары бар екен. Ол жайлы жазушы Т.Жексенбаев көптеген мысалдар келтіре отырып, орынды уәждер айтты. Мәселен, шашу шаш, дәрісхана, асхана, жегішшіл, көнгішшіл, бергішшіл сияқты сөздер латын әліпбиімен жазылғанда «shashý shash, darischana, ashana, jegishshil, kóngishshil, bergishshil» сияқты тұлғаларда ке­ліп, қиындыққа соқтырады екен. Сондықтан [ш] дыбысын «sh» диграфымен емес, төбесіне ноқат-акутка қойған «Śś» әрпі­мен таңбалаған дұрыс болар еді» дейді» («Қ.Ә.» 9.03.2018). Бұл пікірді дұрыс та орынды айтылған уәж деп санаймыз.

Қазіргі қазақ әліпбиінде бар, латын әліпбиінде таңбалануға тиісті болса да ескерусіз, сырт, тіптен ұмыт қалған [щ] дыбысы болып отыр. Бұл дыбыстың қатысуы арқылы жасалған ба­йыр­ғы сөздеріміз бен шет тілден енген сөздер бары көпке мәлім. Тіліміздегі ащы, тұщы сияқты сөздер мен сөз тіркестері, туын­ды сөздер, атаулар, тұрақты сөз тіркестері, кейбір терминдер аз емес. Мәселен, ащы, ащыла, ащылы, ащыот, ащытамыр, ащы-тұщы, тұщы, тұщыла, тұщылық, тұщытқыш, ащы айқай, ащы дауыс, ащы дәм, ащы тер, ащы тіл, тұзы ащы, т.т. сөздер мен сөз тіркестері көп-ақ. Осы «щ» дыбысын латын әліпбиінде Ș дыбысымен (құйрықты Ș) таңбалаудың жөні бар. Сонда ащы (așy), ащыла (așyla), ащытамыр (așytamyr), ащы тер (așy ter), тұщы (tușy), тұщылық (tușylyq), тұщытқыш (tușytqyś) болып айтылып та жазылар еді.

Бұл «щ» дыбысын латын әліпбиіндегі «sh» дыбысымен таңбаласа да болар деген пікір бар. Әрбір дыбыстың өзіндік мәнге ие екенін ескерер болсақ, ashshy, tushshy деп берер болсақ, есікті ашшы, көзіңді ашшы дегенмен тең болады да нақты, анық дыбыстық мағына көрінбей қалады. Сондықтан қосарлы «щ»-ны білдіру үшін Ș таңбасымен беру өте қолайлы болары сөзсіз. Сонда așy, tușy болып, бұрынғы ащы, тұщы сөздерінің дыбыстық мәнін айқын білдіреді.

Президентіміздің бас­тауымен, халқымыздың қолдап-қос­тауымен іс жүзіне асқан латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиінің болашағы зор игі іс, өмір­шең ретінде мәңгілік еліміздің мәң­гілік жазуы болып қала берері хақ.

Телғожа ЖАНҰЗАҚ,

филология ғылымдарының докторы, профессор

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

17.02.2019

Арыстанбек Мұхамедиұлы Димаш пен Данелияға сәттілік тіледі

17.02.2019

Ауған ардагерлері оқушылармен кездесті

17.02.2019

Өскеменде 37 көшеге жаңа атау берілді

17.02.2019

Геннадий Головкиннің ықтимал қарсыластары белгілі болды

17.02.2019

Талдықорғанда «Тайлақтың тақиясы» фильмінің тұсаукесері өтті

17.02.2019

Биатлоннан әлем кубогі: Роман Еремин із кесушілер сынында 48-ші орын алды

17.02.2019

Ғылыми жобалардың үздіктері анықталды

17.02.2019

Қыздар бесік жырын айтудан жарысқа түсті

17.02.2019

Үндістанда орын алған террористік әрекетке байланысты СІМ мәлімдеме жасады

17.02.2019

​Иранда орын алған террористік әрекеттерге байланысты СІМ мәлімдеме жасады

17.02.2019

Көркем гимнастикадан төрт дүркін әлем чемпионы Гран-приде Димаштың әніне биледі

17.02.2019

Қазақстандық футболшы голландиялық клубқа 6:0 есебімен жеңіске жетуге көмектесті

17.02.2019

Болгариядағы "Странджа" турнирінде алты боксшымыз ширек финалға өтті

17.02.2019

Қазақстанның көрікті жерлері туралы бағдарлама халықаралық сыйлыққа ие болды

17.02.2019

Димаш пен Данэлияның The World's Best шоуындағы қарсыластары анықталды 

17.02.2019

Көркем гимнастикадан Мәскеудегі Гран-при: Әділханова 19-шы орында

17.02.2019

Қарағанды облыстық соты республикалық байқауда жүлдегер атанды

17.02.2019

Қанат ТІЛЕУХАН. Қайтқан қыз (Әңгіме)

17.02.2019

«Батыс» өңірлік қолбасшылығында ауқымды шара өтті

17.02.2019

Берни Сандерс АҚШ президенті лауазымы үшін қайта күресуге шешім қабылдады

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Elorda: kósheler, avtobýstar, aıaldamalar

Astana jyl sanap ósip keledi. Bir kezderi oblys ortalyǵy bolǵan shaǵyn ǵana qala az ýaqyttyń ishinde elimizdegi iri shaharlardyń qataryna qosyldy. Munyń bári qarqyndy júrgizilgen qurylys jumystarynyń nátıjesinde júzege asyp otyr. Ras, qazir 2000 jyldardyń basyndaǵydaı ekpin joq. Degenmen áli de bolsa jańa ǵımarattar men turǵyn úıler turǵyzý isinde alǵa basý bar. Bas qala, jańadan turǵyzylyp jatqan elorda bolǵandyqtan, qurylys jumystarynyń jalǵasa beretinine kúmán joq.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Oqıǵalar uǵymdy bolsa ıgi

Tildiń túıtkili qansha aıtsaq ta tarqamaıtyn boldy. Burynǵydaı eshkim zorlamasa da, eshkim tizege salmasa da, ana tilimizde sóıleıik dep urandap jatsaq ta, halqymyzdyń qalada turatyn negizgi bóligi únemi orys tilin qoldanýǵa beıil turatyny qynjyltady. Úlkender túgili qazaqsha oqıtyn balalarymyzdyń ózi orysshany tez qabyldaıdy. Qazaqsha oılanǵansha oryssha jyp etkizip jaýap bere qoıady. Eshkimdi kinálamaı, eshkimdi qaralamaı osynyń sebebin taǵy bir izdep kórelikshi...

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Qatygezdikke bala ǵana kináli me?

Sońǵy kezderi mektep oqýshylarynyń arasynda sotqarlyq órship barady. Teledıdardan kórip, áleýmettik jeliden oqyp otyrǵanda, olar mundaı qatygezdikke qalaı bardy degen saýal kókeıdi tebendeı tesip, oıdy oıran etedi. 

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Keleli istiń paidasy

Búginde ár kólikke tirkelip beriletin memlekettik nómirlerdiń deni jappaı satylymǵa shyǵaryldy. Olar birkelki sandar men úılesimdi áripter tizbeginen quralǵandyqtan birden kóz tartady. Ony halyq arasynda «ádemi nómirler» deıdi. Atalǵan nómirlerdi alýǵa júrgizýshiler de yntyq. Ásirese qymbat kólik ıeleri úshin sándi nómirdi taǵý, ózine bir artyqshylyqty beretindeı kóredi. Endeshe bul nómirlerdi satylymǵa shyǵarǵannan kim utyp jatyr dep oılaımyz?

Мирас Асан, «Егемен Қазақстан»

Qumar oıynnyń quryǵy uzyn

«Aıdalada altyn bar» dese, soǵan birinshi qandastarymyz baratyn shyǵar dep oılaıtyn halge jettik. Bulaı deýimizge qoǵamda qordalanyp qalǵan, ordalanyp alǵan máseleler mysal bola alady. Sonyń biri – báske aqsha tigý, ıaǵnı býkmekerlik keńselerdiń keleńsiz kásibi bolyp tur. Jalpy, ózi jarymaı otyrǵan jannyń «úıde otyryp ońaı aqsha tabý jolyn úıretemin» degenine erip kete beretin ańqaý bolatynyna ekenine búginde kózimiz ábden jetti. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу