Атақ қымбат па, абырой қымбат па?

Бүгінде қандай жолмен келсе де атақ үшін есі кете, есерлене қимылд­ай­ты­ны­мыз­ды бәрі біледі. Айта­лық, жуырдағы бір мереке күндерінде орден сатылыпты. Бұл орденнің атауы қандай дерсіз – «Қазақстанның құрметті азаматы».

Егемен Қазақстан
19.07.2018 258
3

Мәселенің мәнісін отандық теле­ар­налардың жаңалықтарынан естігенде таңданысымызда шек болмады. «Бақсақ бақа екен» дегендей, көрші Ресей елінде тіркелген компания белгілеген «Қазақстанның құр­метті азаматы» орденінің құны – 1 млн 750 мың теңге. Ауадан ақша жасап отыр­ған серіктестік директорының орынбаса­ры Игорь Кан есімді азамат «Біз алдымен қоғамға еңбегі сіңген адамдарды, саясат­кер­лерді, бизнес өкілдерін таңдап аламыз. Оларға арнайы хат жібереміз» дейді. Яғни «Сіз айрықша кәсіби жетістігіңіз және экономиканы дамытуға қосқан үлесіңіз үшін «Қазақстанның құрметті азаматы» орденімен марапатталасыз. Көптеген үміткердің арасынан сізді таңдадық» деген сипаттағы мәтіннің соңына орденнің құны да көрсетіледі. Телеарналар таратқан ақпаратта осы орденді 3 жыл ішінде 150 адамның алғаны, ал жыл сайын 10 шақты азаматқа тегін берілетіні де айтылды. Биылғы таңдаулының қатарында 30 адам бар көрінеді. Ал 10 адамға осы орден тегін ұсынылды дегеннің өзінде қалған 20 шақты «еңбегі еленгендердің» қалтасынан шыққан қаражат қаншама десеңізші?!..

Кей азаматтарымыздың даңққұмар дау­рық­палығын есепке алған пысықайлардың екі ортада пайдаға белшесінен батып, даңғойлықпен шашқан ақшаға миығынан күле қарқ болып жатқаны аян. Сонда дейміз-ау, бұл серіктестік «Қазақстанның құрметті азаматы» деген зор атақты беретін құқықты қай органнан алыпты, қай құрылым мұндай рұқсат бермек? Тұтас мемлекет пен халық атынан берілетіндей дардай марапатты сату қандай пысықайлық? Әлеумет қарап отырсын ба? Әлеуметтік желі сол сәт­те-ақ гу ете қалған. Жасұлан Мәу­лен­ұлы есімді желі қолданушысы «Мен үш ком­па­нияның атқарушы директорымын. Осы үш компанияның электронды поштасына бір мәтінмен (тек басшылардың аты ауысқан), бір күнде осындай ұсыныс келді. Бұл – шындық! Бұл атақ туралы ұсыныс барлық мекеме басшысына келеді. Бізге де келді. 1,7 млн теңгеге 7 мың теңгелік металл орденді сатып алардай әлі есімізден ауысқан жоқпыз», деп жазды.

Жалпы, атаққұмарлықтың түп төркіні неде жатыр? Неге марапатқа құмартамыз? Ағылшын әдебиетінің классигі У.Теккерейдің «Атаққұмарлар жәрмеңкесі» романындағы Ребекка Стайн тәрізді «қолдарында жоқ болса да көсеумен қамшылаудан» неге арыла алмай келеміз? Той өткізсе тортының бағасымен таңғалдырып, ас берсе жүлдеге тіккен бәйгесімен адамдардың аузын аштырып, көзін жұмдыруға әуестік, жалпы атақ пен марапатқа тоймау ненің белгісі? Жасыратыны жоқ, қазір республикалық деңгейдегі әр ұжымда кеуделері орден мен медальдан көрінбейтін, тіпті ақшалысы бар, ақшасызы бар түрлі лауреаттық атақтардың түр-түрінен коллекция жиған адамдар жеткілікті.

Өткен жолы газетімізде «Таланттың тағ­ды­рын түсінетін мәдениет қалыптастыру керек» атты сұхбатта тарлан әртіс Сәбит Оразбаев «Театр актерлерінің ішінде міне­з­дісі Нұрмұхан ағам еді. Әділетсіздікті көріп қалса, бойына күш құйыла кететін. Бетің бар, жүзің бар демей, тіліп тұрып айтатын тік мінезі болмағанда Нұрмұхан ағам КСРО халық әртістігін де, КСРО мемлекеттік сыйлығын да қатарының алды болып алып кететіндердің біреуі еді», деген өкінішін жет­кізіпті. Ал Жантөринге тимеген атақтың иесіз қалмағаны да анық қой.

Енді міне, қоғамды кеулеп, асқынған дерттің аяғы «Қазақстанның құрметті азаматы» деген сөзді саудалауға жетті. Өйткені қоғам да осы дүниеге лайық. Атын атағанда атағы мен лауазымы ұзаққа созылатын адамның жолында қоғадай жапырылу белең алды. Тіпті осы марапат пен атаққа лайық пенде ме деп бас қатырып та жатпайды. Атағы болса болды, құлдық ұрып, бас июге бар. Сол шіркін енді білім саласына да жетті. Сабаққа, дәріске қатыспастан ғылыми дә­ре­жені малданып, магистр, PhD докторы болудың ғылымға қандай пайдасы болмақ?

Қай адамның да өзі таңдаған кəсібі жолында өсуге, жетілуге ұмтылғаны өте қуанарлық жайт. Бірақ мемлекеттік грантқа оқып, ғы­лыми дәреже алып, басы дауға қалған өнер шеберлері сол қаражатқа қарап қалып па еді? Егер жастарды, елдің болашағын ойласа грантты алмақ түгілі, талантты жастың ақ­шасын төлеп магистратураға оқытуға да ша­малары келеді. Қара басты ғана ойла­ған­ша, төбесіне тұтып жүрген жұртқа сондай бір амал жасаса қолқ ете қалар халық разылықтың дариясын лекіте толқытар еді. Бірақ әлгі әзіл сөздегідей «Ондай атты күн қайда, оны білер ұл қайданың» кебін киіп отырмыз. Бұл да ел алдындағы ерлердің деңгейін көрсетеді. Ал сабаққа бармастан, оқу оқып жарытпастан қатырма қағазды алуға ғана келушілер, даңқ пен дақпырттың аражігін айырмай, атақ үшін абыройларын айрандай төгетіндер қатары азаяр емес. Не істеуге болады?...

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

20.02.2019

Жас журналистер клубы құрылды

20.02.2019

Алексей Луценко тағы да топ жарды

20.02.2019

«Амурға» әліміз жетпеді

20.02.2019

Асанәлі Әшімов: «Театрды ашудағы мақсатым – талантты жастарды қолдау»

20.02.2019

Бақыт Сұлтанов автобус паркін жаңарту жоспарлары туралы айтып берді

20.02.2019

Қарағанды облысында 2 күнде 41 жол-көлік оқиғасы тіркелді

20.02.2019

Бейсенбі күні Қостанай облысы мен СҚО-да дауылды ескерту жарияланды

20.02.2019

Тілсіз жаудан зардап шеккен отбасыға тәртіп сақшылары көмектесті

20.02.2019

Ақмола облысының 5 ауданында «Еnglish for jastar» жобасы жалғасатын болады

20.02.2019

Бурабайда қысқы президенттік көпсайыстан облыстық біріншілік өтті

20.02.2019

Көкшетауда «Бояулар құпиясы» жас суретшілер байқауы өткізілді

20.02.2019

Еліміз Иранға 42 тонна сиыр етін экспорттайды

20.02.2019

Қарағандыда жемқорлық құқық бұзушылықтар бойынша брифинг өтті

20.02.2019

Алматыда ережесіз жекпе-жектен жарыс өтеді

20.02.2019

Ақтөбе облысында «Агрогектар» жобасы жүзеге асырылуда

20.02.2019

Қырғыз Республикасынан кіргізілетін өнімдерге шектеу қойылмақ

20.02.2019

Мемлекеттік қызметшілер декларациясын тапсыру мерзімі 31 наурызда аяқталады

20.02.2019

Астанада кәсіпкерлер мен инноваторларды біріктіретін алаң ашылады

20.02.2019

Алматы халқы жылына 50 мың адамға көбейіп келеді

20.02.2019

Әли Ахмедовтың қарсыласы анықталды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Бақытгүл САЛЫХОВА, педагогика ғылымдарының кандидаты

Qorqynyshty mıkroplastık

О́tken aptada Eýropalyq odaq úkimeti óndirýshilerge mıkroplastıktiń barlyq túrin óz ónimderinde qoldanýǵa tyıym salǵanyn estigen bolarsyzdar. Mıkroplastıktiń ne ekenin bilesiz be? Osyǵan deıin kóp mán bermeppiz. Sóıtse mıkroplastık − sıntetıkalyq polımerlerdiń kishkentaı bólikteri, bul kóptegen zattyń quramyna kiredi: kúndelikti kıetin kıimimizde de, kir jýatyn untaqta da, saǵyzda da bar eken.

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

«Jeti jarǵy» jıen jaıly ne deıdi?

Qarǵa tamyrly qazaqta jıenmin dese qolq etpes jan joq shyǵar, sirá. Tipti, naǵashyǵa aıtar oıyn «tuzdyqtap» jiberse de, basynan sóz asyrmas nebir adýyn minezdiniń ózi jıen ǵoı, aıta beredi» dep kúlip, bas shaıqaǵannan artyqqa barmaıdy.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Rýh jaıly áńgime

Marqum alashshyl tulǵa Aqseleý Seıdimbektiń «Rýhy azat halyq qana uly ister atqara alady» deıtin myzǵymas ustanymy boldy. Osy uǵymdy Ahań ári qaraı tápsirlep: «Rýhsyz halyqty altynǵa bólep qoısań da báribir, rýhy myqty qaýymnyń aldynda eńkish tartyp turady. Rýh degenimiz ol kózge kórinbeıdi, halyqtyń gendik bıosferasynda bolatyn úreıdi jeńý qýaty. Úreı qan arqyly urpaqtan urpaq jalǵasyp kete beretin asa qaterli qubylys. Qandaı bir qaýymnyń rýhanı erkindigi (táýelsizdigi) halyqtyń boıyndaǵy úreıdiń az-kóptigimen ólshendi» deıtin edi jaryqtyq.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Elorda: kósheler, avtobýstar, aıaldamalar

Astana jyl sanap ósip keledi. Bir kezderi oblys ortalyǵy bolǵan shaǵyn ǵana qala az ýaqyttyń ishinde elimizdegi iri shaharlardyń qataryna qosyldy. Munyń bári qarqyndy júrgizilgen qurylys jumystarynyń nátıjesinde júzege asyp otyr. Ras, qazir 2000 jyldardyń basyndaǵydaı ekpin joq. Degenmen áli de bolsa jańa ǵımarattar men turǵyn úıler turǵyzý isinde alǵa basý bar. Bas qala, jańadan turǵyzylyp jatqan elorda bolǵandyqtan, qurylys jumystarynyń jalǵasa beretinine kúmán joq.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Oqıǵalar uǵymdy bolsa ıgi

Tildiń túıtkili qansha aıtsaq ta tarqamaıtyn boldy. Burynǵydaı eshkim zorlamasa da, eshkim tizege salmasa da, ana tilimizde sóıleıik dep urandap jatsaq ta, halqymyzdyń qalada turatyn negizgi bóligi únemi orys tilin qoldanýǵa beıil turatyny qynjyltady. Úlkender túgili qazaqsha oqıtyn balalarymyzdyń ózi orysshany tez qabyldaıdy. Qazaqsha oılanǵansha oryssha jyp etkizip jaýap bere qoıady. Eshkimdi kinálamaı, eshkimdi qaralamaı osynyń sebebin taǵy bir izdep kórelikshi...

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу