Қазақстан • 21 Шілде, 2018

Алматылықтар Денис Тенді ақтық сапарға шығарып салды

436 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда Денис Тенмен қоштасу рəсімі өтті.

Алматылықтар Денис Тенді ақтық сапарға шығарып салды

Қоштасу рәсіміне қатысқандардың санында есеп жоқ. Олар гүл шоқтары мен марқұмның портретін көтеріп таңғы сағат 7:00-ден бастап Балуан Шолақ атындағы стадионға жиналды.

Олимпиада жүлдегері Денис Тенді ақтық сапарға шығарып салу рəсімі сағат 10.00-де басталды. Ресм шараға министрлер мен спорттағы саңлақтар және қала жұртшылығы қатысты. Оның ішінде қазақстандық кəсіпқой боксшы Геннадий Головкин, Қанат Ислам да бар. 

Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Мемлекет басшысының жеделхатын оқып берді. 

Қоштасу сəтінде мəртебелі қонақтардың сөзінен кейін Денистің табытын өзі жазған əнмен алып шықты. Жиналғандар спортшыны ерекше құрметпен ақтық сапарға аттандырды.

Марқұм қала іргесіндегі Достық ауылына әжесінің жанына жерленді.