Аймақтар • 21 Шілде, 2018

Тараз қаласына Денис Тенді еске алуға арналған баннер орнатылды

676 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Тараз қаласындағы "Жеңіс" саябағында қарақшылар қолынан қаза тапқан әйгілі спортшы Денис Тенді еске алуға арналған баннер орнатылды. 

Тараз қаласына Денис Тенді еске алуға арналған баннер орнатылды

Аталған шараны Жамбыл облыстық ішкі саясат, Жамбыл облыстық спорт және дене шынықтыру, сондай-ақ Тараз қаласының әкімдігі жүзеге асырды.

Денис Тенді еске алуға арналған шараға төрт жүзге тарта қала тұрғындары жиналып, баннер үстіне гүл шоқтарын қойды. Сонымен қатар, бұл шараға Зүлфия Габидуллина, Саттар Бейсембаев, Дмитрий Трубин және Нұрдәулет Момынов сынды танымал спортшылар да қатысты.

Бұдан кейін Тараз қаласындағы "Тараз-Арена" спорт кешенінде мәнерлеп сырғанаудан Олимпиада кезінде ел қоржынына олжа салған Денис Тен туралы деректі фильм көрсетіліп, оның жеңісті сәттері тамашаланды.

Хамит ЕСАМАН,

«Егемен Қазақстан»

Жамбыл облысы