Білім • 23 Шілде, 2018

«Серпін» – серпінді жоба

857 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Ізгі мұраттарды көздеп, іл­кімді жүзеге асырыла бастаған «Серпін-2050» әлеуметтік жобасы бүгінде еліміздегі ең танымал әлеуметтік бастамалардың бірі саналады. Қазір халықтың жобаға деген қызығушылығы орасан зор. Бұл жоба жастардың сапалы білім алып, тұрақты жұмыс та­буына зор мүмкіндік берері сөзсіз. Алайда, көпшіліктің көкейінде әлі де бірқатар сауал бар. Бұл әсіресе, жобаға қатысу шарттары, оқу орындары мен мамандықтар, білім гранттарының қалай бөлінетіндігі төңірегінде болып отыр. 

«Серпін» – серпінді жоба

Негізі аталған жобаның екі маңызды тұсы бар. Біріншісі экономикалық. Қазіргі таңда еліміздің 9 өңірінде бала туу деңгейі төмен және сыртқы жаққа көшіп-қону басым болғандықтан, кадр тапшылығы сезіле бастады. Бұл мәселенің өзектілігі жылдан-жылға ушығып барады. Алдағы жылдарда индустриялық-инновациялық бағдарлама аясында іске қосылатын өндірістерде жұмыс күшінің тапшылығы айрықша байқалады. Сондықтан «Серпін-2050» жобасы арқылы сол өңірлерге халық саны көп облыстардан жастарды әкеліп, жергілікті оқу орындарында қажет мамандықтар бойынша білім беріп, жұмысқа қалдыру арқылы кадр мәселесін шешу өзекті.

Екінші маңызы әлеуметтік проблемаларды шешу. Рес­пуб­ликамыздың 5 облысында бала туу деңгейі жоғары, тұрғындар саны жылдан-жылға қарқынды өсуде. Аталған өңірлерде мектеп бітіруші түлектердің жергілікті жерде оқуға түсуі қиын және мамандық алғаннан кейін басым көпшілігі жұмыссыздар қатарын көбейтеді. Жоба арқылы осы 5 облыста мектеп бітірген жас­тарға 9 өңірдегі оқу орындарына «Серпіннің» арнайы гранты бөлінеді. Сонымен қатар, қо­сымша әлеуметтік көмек көр­се­тіліп, оқыған өңірлерінде қо­ныс­танып қалған жағдайда 100 пайыз жұмысқа орналасуға мүмкіндік жасалады.

 

Облысымызда «Серпін» жобасы бойынша бірқатар жұмыс атқарылуда. 2014-2015 оқу жылдарында Зеренді ауданындағы Шағалалы ауылындағы Агро­бизнес колледжі оңтүстік өңір­ден келген 75 білім алушыны қабылдады. Щучье қаласын­дағы Экология және орман ша­руа­шылығы колледжінде 25 жас білім алуда. Сондай-ақ осы қаладағы жоғары колледж­де 25 оқушы оқыса, Қа­тар­көл ауылындағы Ауыл шаруа­шы­лығы колледжінде де 25 білім алушы бағдарлама бойынша білім алып, кәсіп меңгеруде. Ал Целиноград ауданына қарасты Новоишимка ауылындағы №9 агротехникалық колледжде 50 адам оқиды.

Өткен 2016-2017 оқу жы­л­да­рын­да да жоғарыда атал­ған кол­ледждерге ұзын-ырғасы 133 бі­лім алушы оқуға қабылданды. Жыл өткен сайын еліміздің оң­түс­­тігінен келетін білім алу­шы­лар саны өсе түсуде. Мә­се­­лен, 2017-2018 оқу жылда­ры Бу­ра­­байдағы Қатаркөл кол­­­­лед­жіне 20 адам, Зеренді ауда­нын­дағы Шағалалы агробизнес кол­леджіне 115 адам, Көкшетау қа­ла­сындағы көп бейінді Аза­мат­­тық қорғау колледжіне 20 адам, Шортанды ауданындағы Бо­зай­ғыр селосындағы №5 агро-тех­­никалық колледжге 5 адам қ­а­был­данса, өзге де бірқатар кә­сіп­тік-техникалық оқу орында­ры­на оқуға түсіп, білім алып жат­­қандар қатары аз емес. Білім алу­­шылар жатақханамен, ай сай­­ын төленетін шәкіртақымен, ыс­тық аспен және қысқы киім-ке­шекпен қамтамасыз етіледі. Жо­ғарыда аталған колледждерде тәрбие жұмысының қыз­ғы­лықты шараларды қам­ти­тын жоспары түзілген. Жал­ғыз білім ғана емес, білім алушы жастардың бо­йында адамгершілік қасиеттерді қа­лып­тастыруға да айрықша мән бе­рі­ліп отыр.

«Мәңгілік ел жастары – ин­дус­трияға» бағдарламасы бо­­­йын­­­ша білім алған студенттердің ал­ғашқы легі 2017 жылдың ақпан айында үлкен өмірге жолдама алды. Шағалалы селосындағы Агробизнес колледжінен 63 тү­лек, Щучье қаласындағы экология және орман шаруашылығы кол­леджінен 19 түлек өздері қа­ла­ған мамандықты меңгеріп, жү­рек қалауы бойынша еңбек ет­пек. Сөз арасында 2016-2017 оқу жылдарында аталған бағ­дар­лама бо­йынша білім алған 109 жастың 80 пайызға жуығы өз мамандықтары бойынша жұ­мыс­қа орналасты. Олар негізінен Астана қаласы мен Ақмола облы­сында еңбек етуді ұйғарып отыр. Арасында жоғары оқу орын­­дарына түсіп, білімін же­тіл­д­іруді дұрыс көргендер де, рес­публика Қарулы Күштері қа­та­рында азаматтық борышын өтеу­ге аттанғандар да бар. Егер осын­дай себептерді ескерсек, кол­леджден кейін үлкен өмірден өз орындарын табуы жүз пайыз бо­лып есептелер еді.

Енді «Серпін» жобасы бо­йын­­ша білім алған тү­лек­­тер­дің кейбір проблема­ла­рын да айта кеткеніміз жөн болар. Оның ішінде ең ма­ңыз­ды­сы, тү­­­лек­тердің өз ма­ман­дық­тары бой­­ынша жұмысқа орна­лас­қа­ны­мен, тұрғын үй мәселесі ше­ші­­мін таппай отыр. Ендігі бір мә­­селе, колледж мамандарының оң­­түстіктегі қалың елді аралап, кә­сі­­би бағдар бойынша жарнама жа­сауына жолсапар шығыны ес­ке­рілмеген.

Қорыта айтқанда, жастар бел­гілі бір кәсіпті игеруге ынта­лы. Бұл үшін тамаша жағдай туып отыр. Осы бір мүмкіндікті шал­ғайдағы шағын ауылдардың жас­тары да қалт жібермесе деген тілек бар.

 

Байқал БАЙӘДІЛОВ,

«Егемен Қазақстан»

Ақмола облысы

 

Соңғы жаңалықтар