Қазақстан • 23 Шілде, 2018

Суға бату оқиғалары жиілеп кетті

589 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Облыстық төтенше жағ­дайлар департаменті жедел құтқару жаса­ғының хабар­лауынша, 1-9 шілде ара­лығында суға шомылу ке­зіндегі оқыс оқиғалар күрт кө­бейіп кеткен. Суға кеткен 8 адам­ның 4-еуі бала. 

 

Суға бату оқиғалары жиілеп кетті

«Ертіс өзенінің жаға­сын­да 22 жағажай ашылды. Бірақ тұр­ғын­дар облыс ор­та­лығындағы су­ға шомылу үшін аса қауіпті және рұқ­­сат етіл­­меген орындарға барып су­­ға түседі», дейді құтқа­ру­шы­лар. Департаменттің жедел-құт­қару жасағының хабарлауынша, статис­тика судағы оқыс жағдайлардың 90 пайызы шо­мылуға арнал­маған жерлерде бо­латынын көрсетеді.

Өңірдегі өзен-суларда 50-ден аса осындай қауіпті жерлер бар, сон­дық­тан тексерілмеген су айдынд­а­рының түбі қауіпті, он­да темір, қоқыс және тағы басқа заттар кездеседі. Екін­шіден, бұл жерлерде қатты ағын, жартас, иірім болуы мүмкін. Үшіншіден, суға түсу­ге рұқсат етілмеген жерлер­де дабыл түсе салысымен кө­мекке келетін құтқарушы бол­майды. Шомылуға рұқсат бе­рілмеген жерлердегі тұр­ғын­дар өзде­рінің жеке қауіпсіздігі, бала­ларының қауіпсіздігі туралы ойланбайтыны өкінішті.

Мысалы, бас құтқарушы Ер­қанат Аққо­зиновтің ай­туын­ша, өңірде суға шомы­луға рұқсат берілген жа­ғажай­ларда бірде-бір адам­ның қаза болуы тіркелмепті. Өйт­кені бұл жағажайлар су жаға­лауларының қауіп­сіз аймағы саналады. Облыстық тө­тен­ше жағдайлар депар­таменті мамандары білім беру басқармасымен бір­лесіп, былтыр 1,5 мыңға жу­ық оқушыны суда жүзуге де үйретті.

Қазір жаз маусымының басынан бастап құтқару бөлім­шелері мен сүңгуір апат­­тық-құтқару жасағы кез келген қауіптің ал­дын алу үшін күшейтілген ре­жімде жұмыс істеуге көшкен. Сенбі және жексенбі күндері Жасыбай және Са­бындыкөл көлдері демалыс аймақтарында де­малу­шылардың саны 10 мың адамға жетеді. Өткен ап­тада құтқару жилетінсіз ката­ма­ранда серуендеушілер Жасыбай көліне батып кете жаздап, дер кезінде құтқа­рылыпты.

Қазір Ертіс өзеніндегі су­дың деңгейі жоғары. Сон­дықтан суға шомылу кезінде сақ болу қажет. Жағажайларға жақын және аса қауіпті жерлерде 100-ден ас­там ескерту және тыйым салу белгісі ор­натылған. Төтеншеліктердің айтуынша, оқыс оқиғалардың алдын алу үшін шомы­лушыларға арналған арнайы жағажай­лардың қатарын әлі де көбейте түсу қажет. Облыс бойынша 192 көл, 7 ша­ғын өзен және Ертіс өзені бар. Барлық ауылдың, ау­­да­н орта­лық­тарының тұр­­­ғын­дары Ертіс өзе­ні жаға­лауында демалып, суға түседі.

Қазір өзен жағалау­ла­рын­да­ғы 26 жағажайда 99 құ­т­­қарушы, же­дел-құт­қа­ру жаса­ғының қыз­мет­кер­л­ері кезекшілікте. Облыс­тық ден­саулық сақтау бас­қар­масы­ның мәліметінше, би­ылғы жылдың 6 айы ара­лығында жас ерекшеліктері әртүрлі 7 бала суға кеткен, 5 бала биік­­тік­тен құлаған. Бас­қарма ата-ана­лардан балаларды қа­рау­сыз қалдырмауды сұрайды.

Фарида БЫҚАЙ,

«Егемен Қазақстан»

ПАВЛОДАР