Қазақстан • 23 Шілде, 2018

Б.Сағынтаев СҚО, Қостанай және Павлодар облыстарын дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді

218 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеңес барысында Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары әкімдіктерінің жобалық басқару бағыттары тұрғысынан іс-шараларды орындау және индикаторларға қол жеткізу бойынша 2018 жылдың екінші жарты жылдығына арналған жоспарлары және бірінші жарты жылдықта атқарылған жұмыстардың алдын-ала қорытындылары талқыланды, деп хабарлайды primeminister.kz сайты.

Б.Сағынтаев СҚО, Қостанай және Павлодар облыстарын дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді

Қостанай облысының әкімі А. Мұхамбетов, Павлодар облысының әкімі Б. Бақауов және Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Қ. Ақсақалов өңірлердің негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерімен таныстырып, көлік және логистиканы, АӨК, білім беру, денсаулық сақтау салаларын, туризмді, сауданы, жаппай кәсіпкерлікті дамыту, сондай-ақ, базалық индустрияландыруды жүргізу, инвестициялар тарту және өнімді жұмыспен қамту мәселелері жөнінде баяндады.

Әкімдер өздерінің сөздерінде экономикалық өсімнің жаңа моделін қалыптастыру бойынша қабылданып жатқан шараларға баса назар аударды.
Барлық құқығы қорғалған.

Соңғы жаңалықтар