Жандарбек Бекшин мектеп формасын қалай таңдау керектігін түсіндірді

Орталық коммуникациялар қызметінде жаңа оқу маусымына дайындық тақырыбына арналған баспасөз маслихаты өтті. Іс-шараға Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы  Жандарбек Бекшин қатысты. 

Егемен Қазақстан
23.07.2018 2023
2

Жандарбек Бекшин атап өткендей, республикада жаңа оқу жылында 7051 жалпы білім беру мектебіне және 255 интернат ұйымына оқушылар қабылдау жоспарлануда. Бүгінгі күні олардың ішінде 45 мектеп апаттық жағдайда (ОҚО-да - 13, Жамбыл облысында - 9, Атырау облысында - 8, ШҚО-да - 5, Ақтөбе облысында - 4, Қызылорда облысында - 2, Алматы облысында - 1, Қарағанды облысында - 2, БҚО-да - 1). Өткен оқу жылында тендердің кеш өткізілуі және уақтылы қаржыландырылмау салдарынан жаңа оқу жылы басталғанша 119 мектепте жөндеу мерзімінде аяқталған жоқ.
Биылғы жылғы шілдеден бастап Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің аумақтық бөлімшелері жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп білім беру мекемелерінің оқу жылының басталуына дайындығын бағалау бойынша жұмысты бастады.


Сондай-ақ Қазақстанның Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Жандарбек Бекшин мектеп формасы мен сөмкелерін таңдауға, оқушының дұрыс күн тәртібі мен дұрыс тамақтануына байланысты ұсынымдармен  бөлісті.

Арқаға асатын сөмкені таңдау кезінде мынадай ұсынымдарды сақтау қажет:

- арнайы қаңқасы бар ортопедиялық арқалығы бар сөмкені/рюкзакты таңдау керек, салмақты және омыртқаға қысымды біркелкі бөлетін, баланың омыртқасын бұзбай, оның арқасын тік қалыпта ұстау үшін қатты болуы тиіс;

- иықбаулары баланың иығын ауыр салмақпен қиып кетпеуі үшін сипағанда жағымды, жалпақ материалдан болуы тиіс. Тұтқаларының ұзындығы реттелуі тиіс, бала оны тек екі иықбаумен асынуы, бұл ретте баланың мойнына салмақ түспеуі тиіс;

Балалар портфельдеріндегі артық салмақ проблемаларын шешу үшін 2017 жылдан бастап әр оқушыны оқулықтарды, ауыстыратын аяқкиімді және спорт керек-жарақтарын сақтауға арналған жеке шкафпен қамтамасыз ету бойынша жобаны іске асыру басталды. «Осындай шаралар Білім және ғылым министрлігімен және Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті мамандарымен Е. Бектұрғановтың жетекшілік етуімен депутаттық топтың бірлескен талқылауынан кейін қабылданды. Аталған шаралар балалар арасында тірек-қозғалыс аппараты ауруларының алдын алу үшін қажет»,- деді Жандарбек Бекшин.

Киімді сатып алу кезінде бала осы киімді 5-6 сағат және одан да астам уақыт бойы киетініне және бірінші кезекте форманың тігілген материалының сапасына назар аударуы керек.  Құрамында синтетикасы аз матаны таңдаған дұрыс. Күнделікті кию үшін синтетикалық материалдан тігілген форма сәйкес келмейді, себебі синтетикалық талшықтардан ауа өтпейді. Одан басқа, синтетикалық талшық аллергия тудыруы мүмкін. 

«Бірақ синтетикадан толық бас тартуға болмайды, себебі синтетикалық талшық киімнің пішінін «сақтайды», киіс береді» - деп түсіндірді Бекшин. 
Форма тігілетін мата баланың денесі демалатындай және аллергияның алдын алу үшін гигиеналық қасиетке ие табиғи материалдардан (тоқыма, мақта, жібек) және вискозадан болғаны дұрыс. 

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

21.09.2018

Әліпби ауыстыру – үлкен өзгеріс

21.09.2018

Елбасы. Елорда. ЭКСПО

21.09.2018

Парламенттік тыңдау өтеді

21.09.2018

Инвесторларды тарту мәселелеріне арналды

21.09.2018

Еуразиялық әйелдер форумына қатысты

21.09.2018

Саялы төрім – Сарқаным!

21.09.2018

Кеңес Хатшылығының өкілімен кездесті

21.09.2018

Отгонцецег Галбадрах қола жүлдені иеленді

21.09.2018

Сырлыбек Бекботаев: Дала әуені

21.09.2018

Қазақ сыныптары қағажу көре бере ме?

21.09.2018

Ауылдан әлемге жол тартқан өнім

21.09.2018

Үкіметтік емес ұйымдар діни экстремизмнің алдын алуға көмектеседі

21.09.2018

Кәсіпкерлерге арналған фулфилмент-орталық ашылды

21.09.2018

Ресми бөлім (21.09.2018)

21.09.2018

«Eni» Қазақстанға инвестиция құюды жандандыруға дайын

21.09.2018

Сөз қуаты мен қасиеті Еуразия қаламгерлерінің басын қосқан халықаралық әдеби форумда талқыланды

21.09.2018

Ауыл шаруашылығы секторын дамытатын 8 шара

21.09.2018

Өнімді несиелеу

21.09.2018

«Астана» Киевтің «Динамосымен» тең түсті

20.09.2018

Д.Қыдырәлі – Түлкібас ауданының құрметті азаматы

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Minez adamnyń taǵdyry ma?

Qazir Elbasynyń «Bolashaqqa baǵdar: rýhanı jańǵyrý» baǵdarlamasy týraly jıi áńgime qozǵalýda. Jańa turpatty jańǵyrýdyń eń basty sharty – ulttyq kodyńdy saqtaı bilý, ıaǵnı zaman jańalyqtaryn qabyldaı, oǵan ún qosa otyryp, basqa ulttardan árdaıym erekshelendirip turatyn ózińniń ulttyq bolmysyńdy, qazaqy qalybyńdy damyta bilý ekendigi aıtylýda.

Жұмабай ШАШТАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Esti men eski

Elektrondy aqparat quraldaryn qosa qalsań-aq jarq etip shyǵa keletin ánshilerdiń bitim-bolmystarynan syr aýlaı uzaq qadalatynyń bar. Qyz-jigitterdiń arasynda burynnan biletiniń ıa qatarǵa jańa-jańa ilingenderiniń oryndaǵan ánderine qulaı elikpeseń de – beker obaldary káne, beıjaı tyńdap otyrǵyzbaıtyn izdenisteriniń qýaty barshylyq. Bul salanyń jetik bilgiri sanalmasań da, tańdaǵan repertýaryna ózińshe kóńil aýdaryp, naqyshyn ishki tarazyńmen ólshep, órnek ıirimin oısha saraptaısyń ǵoı, baıaǵy. 

Ермухамед Мәулен, «Егемен Қазақстан»

Boljam aıtyp baıyǵandar

Sport bızneske aınalǵaly qashan. Árıne bul sózben qazir eshkim daýlasa almaıdy. Álemdegi eń baı adamdar sportshylar ekeni anyq. Alaıda osy sport bıznesi salasynda alaıaqtyq ta joq emes. Ásirese bás tigip aqsha tabatyndar men qandaı báske qoıý kerektigin usynatyndardan aıaq alyp júre almaısyz. Keńes beretin keń­seler men aqyl aıtyp otyratyn saıttar qap­tady. Aldaǵy ýaqytta alaıaqtardyń arbaýyna túspes úshin bul júıeniń qalaı áreket etetinin aıtyp óteıin. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Naǵyz Báıterek

Qazirgi baspasóz betterinde, buqaralyq aqparat quraldarynda «Báıterek» degen sóz teńeý retinde kóbinese qoǵamǵa eńbegi sińgen nemese ómir jolynda jeke basy jaqsy tabystarǵa jetken, sodan halyqtyń kózine túsken adamdarǵa qatysty qoldanylyp júr. Durys-aq. Ondaı adamdardyń eńbegi halyq ıgiligine jarap jatsa, sol ıgilikten kóptegen adamdar nár alyp, turmysyn jaqsartsa nemese sol adamnan úlgi alý arqyly urpaǵyna durys tárbıe, baǵyt-baǵdar berse, tipti basqany bylaı qoıǵanda, et jaqyn týystary, aýyldastary sonyń saıasynan pana taýyp, sol arqyly ómirin durys arnada jalǵastyryp jatsa, nege qoldanbasqa. Rasynda da, mundaı adamdar «Báıterek» degen atqa ábden laıyq qoı.

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Tо́relik qyzmetke tо́r qashan beriledi?

Abaı atamyz: «Burynǵy qazaq jaıyn jaqsy bilgen adamdar: «bı ekeý bolsa, daý tórteý bolady» dep aıtypty», deıdi. Rasynda, bul sózdiń ómir tájirıbesinen alynǵanyna esh kúmán joq. О́ıtkeni bul arada hakim bıdiń sany emes, sapasy daýdy azaıtatynyna mán bergeni anyq. Al endi bul búgingi kúni de elimiz aýmaǵyndaǵy tórelik qyzmet prosesinde týyndaıtyn qoǵamdyq qatynastardy sheshýde eń basty eskerer jaıt bolyp tur. Sebebi azamattyq daýlardy qaraýda qara qyldy qaq jaratyn ádil sheshimge qol jetkizý áli de arman.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу