Тарих • 24 Шілде, 2018

Дінмұхамед Қонаевтың Сұлтан Сүлейменұлына сыйға тартқан шапаны көрмеге қойылды

658 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыдағы Қонаев музейінде мемлекет және қоғам қай­рат­кері, ІІ Дүниежүзілік соғыс­тың ардагері Сұлтан Жиенбаевтың 97 жасқа толу құрметіне орай арнайы көрме ашылды. Онда май­дангердің еңбек жолынан мол мағлұмат беретін суреттері мен жекелеген бұйым­дары қойыл­ған.

Дінмұхамед Қонаевтың Сұлтан Сүлейменұлына сыйға тартқан шапаны көрмеге қойылды

Сұлтан Сүлейменұлының майдан шебіндегі ерліктері мен мемлекетіміздің дамуына қосқан орасан зор еңбегі ел тарихында ерекше. Ғасырға жуық уақыт қайраткерлік, отансүйгіштік бағытын берік ұстанған тұлғаның өмірі келешек ұрпаққа үлгі. Осыны мақсат еткен музей қызметкерлері де көрмеде ардагер өмірінің барлық сәттерін қамтуға тырысқан. Ал музей сөресінде тұрған, Сұлтан Сүлейменұлының 70 жасқа толуына орай Дінмұхамед Қонаев сыйға тартқан моншақты шапанның тарихына да отыз жылға жуықтап қалған екен. «Жақсыдан шарапат...» демей ме дана халқымыз. Дінмұхамед Ахметұлындай еліміздің көрнекті қайраткерінің сыйлығы бүгінде музей сөресінен өзінің лайықты орнын тауыпты.

Эльвира Серікқызы,

«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ