Әдебиет • 25 Шілде, 2018

«Абай туралы естеліктер» кітабы жарық көрді

1192 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Семейде Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейінің асыл қорында сақталған қолжазбалардың негізінде «Абай туралы естеліктер» кітабы  5 000 таралыммен жарық көрді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Абай туралы естеліктер» кітабы жарық көрді

Кітап «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін сатып алу, басып шығару және тарату» бағдарламасы аясында жарық көрді. Жинақтың  жалпы редакциясына жетекшілік еткен  жазушы, Абайдың «Жидебай-Бөрілі» қорық музейінің директоры Болат Жүнісбеков.

Оқырмандар бұл туындыдан ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың хәкім Абайдың ЮНЕСКО көлеміндегі 150 жылдық мерейтойы қарсаңындағы «Абай туралы сөз» баяндамасымен, Абай Құнанбаевтың немере інісі Әрхам Кәкітайұлы мен баласы Тұрағұл Абайұлының, замандасы әрі шәкірті, көрнекті ақын Көкбай Жанатайұлының, абайтанушы, шежіреші Ниязбек Алдажаровтың естеліктерімен таныса алады.

«Абайға қатысты әр дерек, әрбір тарихи жазба баға жетпес құндылық. Сол құндылықтарды мұрағат түкпірінде елеусіз қалып қоймай, бүгінгі қауымды кешегі күндердің сыр-сипатына қанықтырып отырғаны абзал. Абайды тану арқылы өмір құбылыстарын біліп, қоғам дамуының құпияларына да тереңірек бойлайтынымыз анық. Осы тұрғыдан келгенде «Абай туралы естеліктер» жинағы тек абайтанушылар мен оқытушы, студенттердің ғана емес, ойлы оқырманның сұранысын қанағаттандыратын қазына», - дейді музей директоры Болат Жүнісбеков