Қазақстан • 26 Шілде, 2018

Ауыл шаруашылығының ауқымды мәселелері талқыланды

1064 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Таяуда Астанадағы С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетіне Қытай ауылшаруашылығы ғылымдары академиясының президенті Танг Хуаджун келді. Делегация құрамында Мақта шаруашылығы институтының директоры Ли Фугуан, Харбин ветеринарлық институтының директоры Бу Жигао, Бау-бақша институтының директоры Цао Юншэн, Халықаралық ынтымақтастық бюросының директоры Гун Сифэн, ҚАШҒА президентінің хатшысы Сюэ Пэнфэй болды.

Ауыл шаруашылығының ауқымды мәселелері талқыланды

Делегацияны басқарма төрағасы А.Күрішбаев, Бас­қар­ма төрағасының страте­гия­лық жоспарлау, ғылым және ха­лықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары С.Мо­гиль­ный, ветеринария және мал шаруашылығы технология­сы факультетінің деканы С.Аб­драхманов қарсы алды.

Ректор А.Күрішбаев уни­вер­си­теттің халықаралық қызметі­мен қысқаша таныстырып, бұл кездесу ҚазАТУ қабырғасында ауылшаруашылық саласында жоғары технологияларды дамыту арқылы кең ауқымды мәселелерді талқылауға мүмкіндік беретінін, осылайша Қазақстан мен Қы­тай­дың өзара тиімді халық­ара­лық қатынастарында агро­өнер­кәсіптік кешенді дамытуға жаңа серпін жасайтынын атап өтті.

Кездесу барысында Қа­зақ-Қытай биоқауіпсіздік зертха­насының тұсаукесер рәсімі өт­кізілді. Зертхана ауыл шаруашы­лығы жануарларының ауруларын серологиялық, бактерио­ло­гиялық және молекулярлы-гене­тикалық (ПТР) диагности­калау мен сапалы анықтауға бағыт­талған. Сондай-ақ органикалық, Қытайға экспортталатын тағам қауіпсіздігін бақылайтын болады. Құрылған зертхана BSL-2 халықаралық қауіпсіздік стандарттарына сәйкес келеді, бірақ оның құрылымы, барлық инженерлік коммуникациялары мен жабдықтары BSL-3 қауіпсіздік стандарттарына сай жасақталған.

Екі тарап арасында өзара ын­ты­мақтастық жөнінде келіссөз­дер жүргізілді. Сондай-ақ Қытай ауыл шаруашылығы ғылымдар академиясының президенті Танг Хуаджунға С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің құрметті профессоры атағы берілді.

«Егемен-ақпарат»