Қазақстан • 26 Шілде, 2018

«Жасыл» технологиялар бойынша тәжірибе алмасты

545 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
«Жасыл» технологиялар бойынша тәжірибе алмасты

Тәжікістаннан Қазақстанға оқу-жаттығу турымен Тәжікстан Республикасы парламенті, энергетика және су ресурстары министрлігі, әділет министрлігі, заңнама жөніндегі ұлттық орталық, ЕҚЫҰ-ның Душанбе қаласындағы бағдарламалар кеңсесі уәкілдерінен тұратын делегация келді. Сапардың мақсаты – энергия үнемдеу мәселелерін талқылау және «жасыл» технологиялар бойынша қазақстандық тәжірибемен танысу.

Оқу-жаттығу туры аясында тәжік делегациясы «ТКШ Қазорталығы» АҚ-тың энергия үнемдейтін ғимарат принципі бойынша жасалған және энергия үнемдейтін технологиялар мен материалдарды қолдану арқылы салынған орталығына барды.

«Тұрғын үй-коммуналдық шаруа­шы­лығын дамытудың қазақстандық ғылы­ми-техникалық орталығы» ЖШС бас дирек­торының бірінші орынбасары Досан Құр­манов орталықты жылыту үшін энергияны тұтыну стандартты ғимаратпен салыс­тырғанда 30%-ке аспайтынын атап өтті.

«Ғимаратты жылумен жабдықтаудың автономды көзі ретінде электр қазандықтары мен жылу сорғылары орнатылған. Бұдан басқа, жылыту ғана емес, сонымен қатар жазда ғимаратты салқындату үшін де қол­данылатын батареялармен жабдықталған. Электрмен жабдықтау қалалық электр желі­лері, авариялық дизель генераторы сондай-ақ күн батареялары арқылы қамтамасыз етіледі. Сумен жабдықтау көзі – қалалық су желісі. Келешекте аумақтағы көгалды суару үшін қайтадан пайдаланылатын ағынды суларды тазарту қондырғысын қосу жоспарланып отыр», деп атап өтті Д.Құрманов.

Тәжікстан оқу-жаттығу турының негізгі мақсаты «жасыл» бастамаларды насихаттауға көмектесу болып табылатын «Қазақстан экологиялық ұйымдары қауымдастығы» және «Жасыл» экономика және G-Global дамыту коалициясы» ЗТБ ұйымдастырды.