Қазақстан • 26 Шілде, 2018

Дәурен Абаев Денистің өлімі туралы ешқандай ақпарат жасырын қалмағанын айтты

325 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев «ҚазАқпарат» тілшісіне берген сұхбатында Денис Теннің қайтыс болуына қатысты барлық ақпарат бүкпесіз болғанын айтты.

Дәурен Абаев Денистің өлімі туралы ешқандай ақпарат жасырын қалмағанын айтты

«Ең алдымен мынаны айтқым келеді, Денис Тен өліміне қатысты жағдайда ІІМ жедел тәртіппен тілшілерге ең өзекті ақпараттарды ұсынды. Ал сол ақпаратты тексеруге біраз уақыттың кететіндігі басқа мәселе. Тіпті ең шұғыл жағдайдың өзінде де мемлекеттік орган оларды сәйкесінше тексеруден өтпестен фактілерін жария етуге құқығы жоқ. Бұған қоса, Қылмыстық-процестік кодекске сәйкес сотқа дейінгі тергеу мәліметтерін жария етуге болмайды. Ол прокурордың келісімімен рұқсат етілген көлемде ғана жария етуге беріледі. Дегенмен, тағы да қайталап айтамын, бұл жолы ақпараттық вакуум туындаған жоқ, қоғамнан ештеңе бүгіп қалынған жоқ», деді Д.Абаев.

Естеріңізге сала кетейік, спортшыны көлік ұрылары тапа тал түсте пышақтап кеткен болатын. Аяғынан жарақат алған Денистің өмірін дәрігерлер сақтап қала алмады.