Еңбегімен биіктеген еңсесі Мәлік Нау­рызғалиұлы

Заманынан озық туған данышпан, Хакім Абай өзінің қарасөздерін: «Бұл жасқа келгенше жақсы өткіздік пе, жаман өткіздік пе, әйтеуір бірталай өмірімізді өткіздік...» деп бастайды. Тегінде, Абайдың еңбектерін шығармашылық туынды деп атасақ, тым сараңдау көрінуі мүмкін, оның қай-қайсысы да пайымы терең, тілі көркем, ойыңдағыны тап басып, көңіліңді көріктендіретін, күмәнді ойыңа күдіксіз жауап беретін, тағдырдың талайы алдыңа беймәлім жұмбақ тартқанда соның шешімін тауып беретін теңдесі жоқ өмір анықтамалығы.

Егемен Қазақстан
27.07.2018 4701
2

Тағы да сол Ұлы Абайдың: Есіңде бар ма жас күнің, ...Құдай-ау, қайда сол жылдар, Махаббат, қызық мол жылдар? Ақырын, ақырын шегініп, Алыстап кетті-ау құрғырлар! – дейтіні бар емес пе?! Оңашада осы тектес ойларға бері­ліп, балалық кездегі достарыңды ала­сұра іздегенде көңілің көлкіп, жүрегің елжірей түседі.

Осы­лайша күн құрғатпай іздеп, ақыл­дасып, пікірлесіп, ой бөлісіп, сырласып жүретін бала кезден досым Мәлік Наурызғалиұлы Жекеевпен балдәурен балалық шағымыз Егіндібұлақта өтті.

Мен осы жасыма дейін жолым түсіп, дүниенің талай бұрышында сапарда болғанмын. Бірақ қанша жерді шарласам да кіндік қаным тамған – Егіндібұлақ ауылым солардың бәрінен де биік тұратындай. Тіпті, табиғи әсем көркі мен мол орман-суы болса да, ол жер менің Егіндібұлағым сияқты аялай алмайды, топырағы мен көк майсасы елжіретпейді. Ауыл іргесіндегі Ақбұлақтың суын көсіп ішіп, беткейдегі шағылын кешіп, Батпақтының қамысы денеңді сипап өткенде баяғы балдәурен балалықтың ғажайып суреттері көз ал­дыңа бейнебаян болып келе қалаты­нын қайтерсің.

Топырағы мен суына кие қонған шағын ғана Егіндібұлақтың құрсағында талай ұл-қыз тәрбиеленіп-өсіп, кейін «Сілтесең – семсер, қорғансаң қалқан болар» адал перзенттер, елжанды азаматтар қатарына көтерілді.

Егіндібұлақ шағын ауыл болып көрінгенімен базарлы болатын. Көрші-көлемнің аяқ-табағы араласып, ойын балалары бір-бірінің үйінен көже-су ішіп жүре беретін. Бірақ, біз беталды ойын қуа бермейтінбіз. Көрші Бегалы ауылы мен Егіндібұлақты қосқанда 60-тан астам қатар-құрбы бармыз. Ұлы Отан соғысынан кейінгі ауыр шақтар: халық шаруашылығын қалпына келтіру; ересектердің жұмыс қолы жетпейді, сондықтан біз сияқты балаларды колхоздың жұмысына салып, үлкендерге көмектестік. Беліміз еңбекпен түзеліп, қатайды. Қанша айтқанмен ойын баласы емеспіз бе, колхоздың жұмысынан бүгіліп келсек те, ойынға уақыт табатынбыз.

Ауыл Ақбұлақ, 1 Май, Қызыл Ту бо­лып «шағын аудандарға» бөлінетін еді. Қатар-құрбылардың арасында  неше бір түрлі ұлттардың балалары болатын. Ал Қызыл Туда біраз шешендер мен немістердің де отбасылары тұрды. Бірақ тіліміз де, ойынымыз бен ойымыз да бір.

Міне, сол қатарларымның алды қазір сексеннің сеңгіріне сапарлап барады. Егіндібұлақтың төсінде туған жер­дің топырағы мен көкмайсасын төсеніп, бірге өскен Мәкең-Мәлік Нау­рызғалиұлы да 70 жасқа толып жатыр. Мәлік тумысынан-ақ ерекшелеу болып қалыптасты. Бастауыш клас­тарда бірге оқып, Қобданың интернатында бірге жаттық. Интернаттың ортақ қазанынан ас ішіп, бірімізде барды екіншіміз бөлісіп, бір-бірімізді толықтырып жүруші едік. Мәлік арамызда өзінің жинақылығымен, ұқып­тылығымен ерекшеленіп тұратын. 6-7 кластарда оқып жүргенде-ақ киім киісі, жүріс-тұрысы әдепті, эстетикалық тал­ғамы жоғары, «ақырын жүріп, анық басып», құрбы-құрдастарымызға, кейін­нен әріптестерімізге де үлгі болды. Ауылдың үлкендері жарықтық адам танығыш қой! Солар айтатын: «Мәлік өскенде келісті «слушай» болады» деп. «Слушай» дегендері «служащий» екен ғой, артынан түсіндім. Шынымен-ақ Мәкең нағыз мемлекеттік қызметшінің үл­гісін көрсетті.

Мәлік еңбек жолын ауылда тракторшы болып бастағанмен, сонымен шектеліп қалмады. Ауылдағы қым-қуыт еңбектің ыстық-суығына шыңдалып шыққаннан кейін, 1971 жылы Оралдағы Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтын ғалым-агроном мамандығы бойынша бітіріп шықты.

Институтта теориялық жағынан пі­сіп-жетілген жас жігіт Қобда ауда­­ны­­ның «Жарық» кеңшарына тұқым­танушы агроном болып жұмысқа орналасты. Сөзі ісіне, ісі сөзіне ілесіп, жалындап-ақ тұр. Отқа салсаң оттан, суға салсаң судан тайынбайтын, әбден шыңдалған алмас қылыш секілді өткір жігіт. Комсомол жастарға басшылық жасауға дәл осындай, Мәлік секілді мықты жігіттер қажет болатын. Қобда ауданының жастары кезекті есеп беру және ұйымдастыру конференциясында Мәлікті аудандық комсомол коми­тетінің бірінші хатшылығына сайлады. Жалындаған жастардың сенімін арқалаған ол жұмысқа жан-тәнімен, жаңашыл бастамалармен, қайтпас қа­жыр-қайратпен кірісіп кетті. Ауданда комсомол-жастардан құралған еңбек ұжымдарын ұйымдастырып, оларды халық шаруашылығының барлық салаларына белсене араластырды.

Аудандық партия комитеті мемлекет­тік басқару органында жұмыс істеуде жақсы қырынан көрініп, қабілетін таныта білген Мәлік Наурызғалиұлының партиялық істе теориялық жағынан шыңдалуы қажет деп шешті. Сөй­тіп, оны Қазақстан КП Орталық Коми­тетінің жанындағы жоғары партия мек­тебіне оқуға жіберді. Жоғары пар­тия мектебіндегі жылдар партия және атқару органдарының болашақ басшы­сының сенімді іргетасын қалады.

Содан кейін Қобда ауданында алға­шында халықтық бақылау комитетінде, кейін аупарткомның екін­ші хатшысы қызметінде Мәкең кез келген басшылық қызметті дөңгелетіп әкететін іскерлік қабілетін көрсете білді.

Мәкең үшін Қазақстандағы көп сала­лы үлкен аудандардың бірі – Шалқар ауданында қызмет жасаған жылдар ерекше табысты болды. Шалқар – бұған дейін облыстық деңгейде басшы кадр­лар дайындаған үлкен мектеп, халқы сыншыл әрі шыншыл, аумағында сол кездегі ірі-ірі теміржол, газ, құрылыс кәсіпорындары қарқынды жұмыс істеп тұрған, жұмысшылары мен интеллигенциясы қалыптасқан іргелі ел. Қырықтың қырқасына әлі де шығып үлгермеген Мәлік Наурызғалиұлы осы ауданға халық депутаттары кеңесі атқару комитетінің төрағасы болып тағайындалды. Бұдан бұрын бұл лауа­зымда небір марқасқа кадрлар бол­ған. Қобдадан гөрі қазақылығы мо­лырақ өлкеге келген Мәкең шал­қар­­­­лықтарға бірден-ақ сіңісіп, хал­қымен де, азаматтарымен де араласып кетті. Горбачевтің қайта құру сая­саты­ науқанының күйіп тұрған кезі. Қай­сы­біреулер отқа ұрынған көбелек се­кіл­ді күйіп кетіп жатты. Кейбір нау­қан­шылар тіпті «белсенді» болып алды. Осындай сәтте атқарушы органға бас­шылық жасау оңайға түспеді. Бірақ Мәлік Наурызғалиұлы қып-қы­зыл шала науқаннан гөрі ұтымды, халық мүд­десіне жақын істермен айналысты. Оны ауданның «ескі гвардияшылары» іскерлігіне қарап бағалады, ішке тартты, жанашырлық ақыл-кеңестерін берді.

Шалқар – Қызылорда облысымен шектес, кеуіп бара жатқан Арал теңізінің бір мүйісінде орналасқан, мына жағы Үстірт, Қарақалпақстанмен шекаралас аудан. Жер көлемі Еуропаның бірнеше мемлекеттері сыйып кетерліктей дамып жатыр. Бірнеше күн қона-жастанып жүрмесең, шалғай жайылымдарын аралап шығу мүмкін емес. Сол Шалқар іргедегі Арал теңізінің экологиялық зардабын тартып-ақ отырған еді. Бірақ айқайшысы болғанмен, естір құлақ болмай, экологиялық апат аймағынан тыс қалды. 

Мәлік Наурызғалиұлы осы шаруаға жеңді түріп, білегін сыбанып кірісті. Сол кездері Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы Н.Ә.Назарбаев Шалқармен көршілес Арал ауданына сапарлап келген болатын. Бұл кездесуге Шалқар ауданының делегациясын басқарып, Мәлік Наурызғалиұлы да барады. Сөз кезегі келгенде шалқарлықтардың жанайқайын республика басшысына жеріне жеткізіп баяндап береді. Бұдан бұрын Алматыдағы талай құзы­ретті органдардың есігін тоздырып, лауазымды тұлғалардың құлағын сарсытқан түйінді мәселе. Қолда бұл­тартпас дә­йек те, қағазға түсірілген дерек те бар.­ Бірақ шешуші органдарда ықылас жоқ. Нұрсұлтан Әбішұлы табанда Ми­нистрлер кабинетіне тапсырма бе­реді.

Қадалған Мәкең қажымады, қалма­ды, тиісті адамдардың көзін жеткізді, дәлелдеді... Нәтиже болды, Шалқар ауда­ны Арал экологиялық апат айма­ғына енгізілді. Бұл – үлкен жеңіс еді! Бұл дегеніңіз орталықтан қосымша қа­ражат, көптеген жеңілдіктер, сан түр­лі кепілдіктер болатын.

Көп ұзамай Мәлік Наурызғалиұлы бірнеше үміткерлер арасында басым дауыспен Шалқар аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы болып сайланғанда ауданның үлкен-кішісі риза болды. Бұл – Коммунистік партия жүйесінің ең бір қиындық кезеңін бастан кешіп жатқан уақыт болатын. Бірақ Мәкең қай сәтте де, қандай мә­се­лені де ең алдымен адамгершілік та­разыға салып, сол бойынша шешім қа­былдады. Мәлік Наурызғалиұлының іс-тәжірибесін өзге аудандар үлгі қыл­ды. Ал рухани, мәдени, әлеуметтік тұрғыда Мәкеңнің Шалқарға жасаған қыз­меті, сіңірген еңбегі өз алдына бір тау-төбе!

Мәкең қатарынан асса да, халқынан асуды көздеген жоқ. Шынымен де халықтан үлкен кім бар?! Ол қай уа­қытта да абыз Әбіш аға айтпақшы: «Ең берік Ат, ең биік Ат, ең баянды Ат – Азамат!» деген қағидаға лайықты өмір сүріп келеді.

Елбасы маған үлкен сенім көрсетіп, аманат артып, 2004 жылы өзінің Жар­лығымен Ақтөбе облысына әкім қылып тағайындаған еді. Ақтөбе облысы, оның халқы өзіме жақсы таныс. Өңірде ту­ған өлкенің жанашырлары да, оны көр­кейтуге дайын отырған іскер азаматтар мен қарапайым еңбеккерлер де жеткілікті. Оның үстіне Менделеев кес­тесіндегі химиялық элементтерді облыстың табиғи байлығынан түгелдей дерлік кездестіруге болады. Алыс-жа­қын шетелдердегі инвесторлар іскер­лік байланыс жасауға әзір отыр. Тек оларға қолайлы жағдай жасау қажет болатын.

Ақтөбеде атқарылуға тиіс, кезегін күткен ұлан-ғайыр іс күтіп тұрды. Алай­да мұндай алуан іске палуан күштен гөрі білімі мен білігі жетік, іскерлігі мен ынтасы мол адамдар керек екені белгілі. Ақтөбе дәл осындай адамдардан кенде емес. Соның бірі де, бірегейі де осы Мәлік Наурызғалиұлы. Сондықтан Мәлік Наурызғалиұлы Жекеевті ең жауап­ты, жүгі де ауыр облыстық жер ресурстарын басқару комитетінің тө­раға­сы қызметіне шақырдым.

Мәкең жер мәселесіне аса жауапкер­шілікпен қарап, әділдікті ту етті. Соның нәтижесінде бір сүйем жер талан-таражға түскен жоқ. Жерді жөнсіз жеке­­шелендіруге жол бермеген еді. Әсіресе көршілес жатқан мемлекеттермен шекараны айқындауда асқан білгірлікпен қызмет етті.

Ал Әйтеке би ауданындағы Үшқат­ты елді мекеніне келер болсақ, мұнда мемлекеттік шекара тура көшені бөліп өтіп жатты. Комиссия мүшелері ауыл тұрғындарымен, жұртшылықпен кез­десіп, солардың пікірлерін тың­дады. Нәтижесінде елді мекендегі ин­ф­ра­құрылым және басқа да нысандар Қазақстанның игілігіне берілді. Бай­ғанин, Шалқар аудандары арқылы өтіп жатқан ұзындығы 206 шақырым Өзбекстанмен шектесетін шекараны делимитациялау шаруалары да ешқандай дау-дамайсыз шешілді. Үкіметтік комиссия құрамында Мәлік Наурызғалиұлы мәселенің ең соңғы нүктесі қойылғанша жатпай-тұрмай еңбек қылды.

Мәкеңнің бізден ерекшелеу бір қасиеті бар. Ол – жылқықұмар. Әкесі – Наурызғали ер-тоқымы мен ноқта-жүгені сайлы жүйрік ат мініп, көсемдеп ат шана не тарантас арба жегетін, сонымен бірге тазы салып, аң аулайтын серілігі бар еді. Мәкең де жылқы десе жанып түседі. Жылқы малын терең зерттеп жүрген ғалым Серікбай Рзабаевпен бірге «TS-Агро» серіктестігін құрып, асыл тұқымды «Көшім» жылқысын өсіруді қолға алды. Шағын серіктестік жыл­қы зауытына айналды. Еліміздің бірқатар облыстарының кәсіпкерлері қазір осы зауыттан айғыр, байтал алып, өздерінің жылқыларын асылдандырып жатыр.

Қазақ азаматтары біздің Мәкең секілді етек-жеңі кең – кеңпейіл, пара­са­ты мен шапағаты, мейірімділігі мен­ қайырымдылығы мол, намысы мен пайымы зор болып келсе, ұл-қызы­мыз ұлағатты болып, ұлтымыздың маң­дайына шаң тимейді.

Мәкеңнің отбасы да баршаға үлгі қыларлық, сәні мен салтанаты жарасқан, әрдайым нұрлы шуағы төгіліп тұратын қасиетті шаңырақ. Өмірлік жары Са­қыпжамал Айғалиқызымен Оралда сту­денттік шақта танысып, отау құрып, дүниеге Абат, Әсия және Әлия сияқты алтын асықтай, сүйкімді ұл-қыздар әкелді. Сақыпжамал Мәкеңнің табысты, нәтижелі қызмет жасауына жағдай жасап қана қоймай және бала тәрбиесімен шектеліп қалмай, экономист мамандығы бойынша жауапты қызметтер атқарды. Онымен қоса облыстық деңгейде де­путаттық қызметін де тең жүргізіп отырды. Белсенді еңбегімен мемлекеттік марапаттарға ие болды.

Мәлік Наурызғалиұлы мен Сақып­жамал Айғалиқызының ұл-қыздары қазір ірі компанияларда, туризм және банк салаларында қызметте. Ал шүпір­леген немерелердің алды ержетіңкіреп, кішкенелері шүлдірлеп, бал қызықтары таусылар емес. Жекеевтер әулеті толы­ғып, толысып келеді.

Мәкеңнің өмірінің қай белесінде де ізгілік ізі сайрап, ізетті ісі жайнап жатыр. Өзінің өмірін адал еңбекке, ел-халықтың мүддесіне, мемлекеттік істерге арнап, ұрпағын ел азаматтарының қатарына қосқан, үлкенге қамқор, кішіге қал­қан болған Мәкең аузы дуалы ақса­қал­дардың батасын, кие қонған кейуа­налардың алғысын алды. Қазір ұлылар ұлық­­таған «бес күндік өмірдің» рахатын көріп келеді.

Елеусін САҒЫНДЫҚОВ,

Мемлекет және қоғам қайраткері, профессор

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

23.09.2018

Астанада ТҚО объектілерді қорғаудың цифрлық басқару жүйесі ұсынылды

23.09.2018

Екібастұзда алғашқы STEM-зертханасы ашылды

23.09.2018

Маңғыстауда VI Халық спорты ойындары басталды

23.09.2018

Астаналықтар заң мәселесі бойынша тегін кеңес алды

23.09.2018

Ақтауда триатлоннан Қазақстан Кубогының финалы басталды

22.09.2018

Жалпықалалық сенбілікте 9 мыңнан астам ағаш егілді

22.09.2018

Мақтаарал ауданында «Жасыл ел» жастардың еңбек жасақтары жұмысын бастады

22.09.2018

«Балалар Евровидениесі» байқауының жеңімпазы анықталмақ

22.09.2018

Халықаралық «Ясауитану-2018» байқауы өз мәресіне жетті

22.09.2018

Елбасы елорданың қала құрылысын игеру жоспарымен танысты

22.09.2018

Даниал Ахметов Зырян ауданын Алтай деп атау туралы ұсынысты қолдады

22.09.2018

Елбасы Чан Дай Куангтің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты

22.09.2018

Жаңа Жібек жолы: Алматы

22.09.2018

Катонқарағай ауданы тұрғынының сібір жарасынан көз жұмғаны расталды

22.09.2018

Сенаторлар сенбілікке шықты

22.09.2018

Б.Бекназаров Әзербайжан Парламентінің 100-жылдығына арналған шараға қатысты

22.09.2018

Мұнайдың әлемдік бағасы өсті

22.09.2018

Лондонда қазақстандық өнер көрмесі ашылды

22.09.2018

Түркия «Қазақстан» журналын шығарды

22.09.2018

Ақтөбеде «Анаға тағзым» орталығы ашылды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Qasiet pen qasiret

«Dánikkennen qunyqqan jaman» degen sózge mán bersek, munda úlken fılosofııalyq maǵyna bar. Táýba, bireý bireýden nan surap jeıtin zaman emes qazir. Toqshylyq zaman. О́zimizdi qoı ústine boztorǵaı jumyrtqalaǵan barshylyqta, etek-jeńniń keń kezinde dúnıege kelgen, zárýlik kúıin sezinbeı ósken urpaqqa balaımyz. Dastarqannan nan, maı, qant, sút, qaımaq eshqashan úzilgen emes. Sonymyzben baı sanalmasaq ta, bardyń sanatynan bolatynbyz... Qudaı saqtaı gór, taǵamǵa talǵam-talabymyzdyń sharyqtap ósip ketkeni sonshalyq keıde dastarqannan búginde nan qoıylatyn bos oryn tappaı qınalatynymyz ras. Sóıte tura, toqshylyq zamanda ómir súrip jatqanymyzdy sezinbeıtinimiz jaman. Moıyndaǵymyz kelmeıtini qorqynyshty. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Minez adamnyń taǵdyry ma?

Qazir Elbasynyń «Bolashaqqa baǵdar: rýhanı jańǵyrý» baǵdarlamasy týraly jıi áńgime qozǵalýda. Jańa turpatty jańǵyrýdyń eń basty sharty – ulttyq kodyńdy saqtaı bilý, ıaǵnı zaman jańalyqtaryn qabyldaı, oǵan ún qosa otyryp, basqa ulttardan árdaıym erekshelendirip turatyn ózińniń ulttyq bolmysyńdy, qazaqy qalybyńdy damyta bilý ekendigi aıtylýda.

Жұмабай ШАШТАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Esti men eski

Elektrondy aqparat quraldaryn qosa qalsań-aq jarq etip shyǵa keletin ánshilerdiń bitim-bolmystarynan syr aýlaı uzaq qadalatynyń bar. Qyz-jigitterdiń arasynda burynnan biletiniń ıa qatarǵa jańa-jańa ilingenderiniń oryndaǵan ánderine qulaı elikpeseń de – beker obaldary káne, beıjaı tyńdap otyrǵyzbaıtyn izdenisteriniń qýaty barshylyq. Bul salanyń jetik bilgiri sanalmasań da, tańdaǵan repertýaryna ózińshe kóńil aýdaryp, naqyshyn ishki tarazyńmen ólshep, órnek ıirimin oısha saraptaısyń ǵoı, baıaǵy. 

Ермухамед Мәулен, «Егемен Қазақстан»

Boljam aıtyp baıyǵandar

Sport bızneske aınalǵaly qashan. Árıne bul sózben qazir eshkim daýlasa almaıdy. Álemdegi eń baı adamdar sportshylar ekeni anyq. Alaıda osy sport bıznesi salasynda alaıaqtyq ta joq emes. Ásirese bás tigip aqsha tabatyndar men qandaı báske qoıý kerektigin usynatyndardan aıaq alyp júre almaısyz. Keńes beretin keń­seler men aqyl aıtyp otyratyn saıttar qap­tady. Aldaǵy ýaqytta alaıaqtardyń arbaýyna túspes úshin bul júıeniń qalaı áreket etetinin aıtyp óteıin. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Naǵyz Báıterek

Qazirgi baspasóz betterinde, buqaralyq aqparat quraldarynda «Báıterek» degen sóz teńeý retinde kóbinese qoǵamǵa eńbegi sińgen nemese ómir jolynda jeke basy jaqsy tabystarǵa jetken, sodan halyqtyń kózine túsken adamdarǵa qatysty qoldanylyp júr. Durys-aq. Ondaı adamdardyń eńbegi halyq ıgiligine jarap jatsa, sol ıgilikten kóptegen adamdar nár alyp, turmysyn jaqsartsa nemese sol adamnan úlgi alý arqyly urpaǵyna durys tárbıe, baǵyt-baǵdar berse, tipti basqany bylaı qoıǵanda, et jaqyn týystary, aýyldastary sonyń saıasynan pana taýyp, sol arqyly ómirin durys arnada jalǵastyryp jatsa, nege qoldanbasqa. Rasynda da, mundaı adamdar «Báıterek» degen atqa ábden laıyq qoı.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу