Аймақтар • 27 Шілде, 2018

Жаңа аумақтық сайлау комиссиялары құрылды

872 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елімізде жаңа аумақтық сайлау комиссияларын құру туралы қаулы Берік Имашевтің төрағалығымен өткен Қазақстан Орталық сайлау комиссиясының отырысында қабылданды, деп хабарлады ОСК БАҚ-пен байланыс бөлімі.

Жаңа аумақтық сайлау комиссиялары құрылды

Орталық сайлау комиссиясы «Қа­зақ­стан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңы­ның 10-бабының 3-тар­мағына және «Астана қаласының шекарасын өзгерту туралы», «Алматы облысының әкімшілік-аумақтық құрылымындағы өзгерістер туралы», «Оңтүстік Қазақстан облысының әкімшілік-аумақтық құрылымындағы өзгерістер туралы» Қазақстан Президентінің Жарлықтарына сәйкес Алматы облысында Кеген аудандық аумақтық сайлау  комиссиясын, Түркістан облысында Жетісай, Келес аудандық аумақтық сайлау комиссияларын және Астана қаласында Байқоңыр аумақтық сайлау комиссиясын құру туралы қаулы қабылдады.

Сонымен қатар әкімшілік-аумақтық бірліктердегі халық санына сәйкес сайланатын мәс­лихаттар депутаттарының санын белгілеу ережелері,    Қа­зақ­стан Республикасы аумақ­тық, ок­ругтік және учас­келік сайлау комиссиялары мөр­лерінің үлгілері, Қазақстан Рес­публикасы Ор­та­лық сайлау ко­миссиясының кей­бір қаулы­ларының күші жойылды деп тану жөніндегі қаулылар қабыл­данды.