Жастар Спасскдіге оқыту орталығында бірнеше күн күш-қабілеттеріне сай әскери дайындықтарын көрсетті. Әскери-далалық тактикалық ойын жалпы есебі бойынша павлодарлық «Қайсар» әскери-патриоттық клубы Бас жүлде иеленді. Жеңіспен оралған команданы облыс әкімі Болат Бақауов құттықтады.
Облыстағы «Алғашқы әскери дайындық және дене тәрбиесі оқу-тәжірибелік орталығы» басшысының орынбасары Темірболат Әленовтың айтуынша, бұрын «Айбын» жастар арасындағы республикалық әскери-патриоттық оқу-жаттығу жиынынан 4,5 орындар алып жүрген. Биыл жаңа жақсы, жетістікке жеттік,-дейді.
Байқауға 10 ұл бала, 5 қыздан тұратын клубтық командамыз, яғни, әскери мектеп-интернат оқушылары және әскери-патриоттық клубтар арасындағы «Қайсар» клубының оқушылары қатысты. Жиында «Айбын дарыны» интеллектуалдық ойыны, робототехника бойынша «Менің роботым» конкурсы, «Айбын дауысы» мега-арт фестивалі, сондай-ақ мәдени-демалыс тақырыптық кештер, кездесулер, викториналар сияқты іс-шаралары өткізілген.
-Екі ай бойы дайындалдық. АК-74 автоматын шашу мен жинауға қатыстым,-дейді «Қайсарлық» клуб мүшесі, Кенжекөл орта мектебінің 11-сынып оқушысы Фархад Искаков.
Фарида БЫҚАЙ
«Егемен Қазақстан»
ПАВЛОДАР