Аймақтар • 27 Шілде, 2018

Семейлік жастар Өскемендегі Таулы Үлбіде демалып қайтты

532 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Табиғаты келісті Таулы Үлбіде орналасқан «Дарын» базасында «Рухани жаңғыру: Жастық жігер!» атты жастардың белсенді жазғы лагері ұйымдастырылды.

Семейлік жастар Өскемендегі Таулы Үлбіде демалып қайтты

Жазғы мектеп аясында семинар-тренингтермен қатар «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының  жеңімпаздары атанған Серік Есматов, Валентин Алифановпен және кәсіпкер-тренер Эмин Аскеровпен сұхбат алаңдары құрылды.

- Жазғы лагерге арнайы шақырылған Наурызбай Нұрлыбаев, Ботагөз Бегманова, Фарида Мұсатаева сынды тренерлер, сонымен қатар, «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» жастар қанатының атқарушы хатшысы Дәулет Карибек те жастармен келіп, тағылымды әңгімелер жүргізді,-деді Семей қаласындағы Жастар ресурстық Орталығының директоры Олжас Соғымбай,-«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған осынау жазғы мектепке қала мен аудандардан келген 100-ге жуық жас қатысты. Әрбір жас өзінің белсенділіктерімен көзге түсіп, өнерлерін ортаға салды.

Семей қаласынан қатысқан 14 жас делегат ел мен жердің әлеуметтік жғадайлары, табиғатты аялау, тарих құндылығы сияқты өзекті мәселелерден рухани тәрбиелік сабақтар алып қайтты.

Раушан НҰҒМАНБЕКОВА,

Семей

Соңғы жаңалықтар