Министр Қ.Әбдірахманов Діни сенім бостандығын насихаттау жөніндегі министрлік конференциясына қатысты

Қазақстанның Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Майкл Помпео бастамашылық еткен Діни сенім бостандығын насихаттау жөніндегі бірінші министрлік конференциясының жұмысына қатысты.

Егемен Қазақстан
27.07.2018 14877
2

Іс-шараға әлемнің 80 елінен келген сыртқы саяси ведомстволарының басшылары, сондай-ақ 170-тен астам азаматтық қоғам өкілдері және 100 діни лидерлер қатысты.

Конференцияны ашқан АҚШ Вице-президенті Майкл Пенс діни еркіндікті қамтамасыз ету Президент Дональд Трамп Әкімшілігінің басты басымдықтарының бірі екендігін, сондай-ақ АҚШ-тың мемлекеттік саясатының маңызды бағыты болып табылатындығын мәлімдеді. Осыған байланысты дүние жүзіндегі діни бірлестіктер, азшылықтар мен діндар адамдардың құқықтарын қорғауда АҚШ халықаралық қоғамдастыққа жәрдемдесу және қолғабыс көрсетуді жалғастыруға ниетті.

Мемлекеттік хатшы М. Помпеоның айтуынша, аталған мақсаттарды жүзеге асыру үшін АҚШ діндарлардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға бағытталған бірқатар бастамаларды жүзеге асыруды жоспарлауда. Конференция қатысушылары АҚШ-тың Потомак декларациясын және Діни бостандықты қамтамасыз ету саласындағы Потомак іс-қимыл жоспарын қабылдау туралы ұсынысын қолдады.

Өз сөзінде Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Қ.Әбдірахманов Қазақстанның діни бостандық қағидасына берік айнымастығын және еліміздің осы саладағы халықаралық күштерді қолдауға дайындығын растады. Сыртқы саяси ведомство басшысы осы бастамалардың 2016 жылғы сәуірде Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Ислам ынтымақтастығы ұйымы саммиті аясында ұсынылған «исламдық татуласу» идеясымен, сондай-ақ 2012 жылғы желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясы қолдаған «мәдениеттерді жақындастыру» идеясымен сәйкес келетіндігіне ерекше назар аударды.

Қазақстандық тарап діни бостандықты насихаттау халықаралық тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ықпал етеді деп санайды. Бұған бейбітшілік, қауіпсіздік, тұрақтылық пен тұрақты дамудың өңірлік үлгісі ретінде қызмет етуге ұмтылатын Орталық Азия дәлел.

Сөз соңында Министр Конференцияға қатысушыларды ағымдағы жылдың қазан айының басында өтетін Қазақстан көшбасшысының бастамасымен құрылған, діндер, мәдениеттер мен өркениеттер арасындағы диалогты қолдаудың бірегей алаңы болып табылатын Қазақстандағы Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VI съезі туралы хабардар етті.

Сонымен қатар, Қ. Әбдірахманов Конференция аясында АҚШ Мемлекеттік хатшысы М. Помпео, АҚШ Президентінің аға кеңесшісі Джаред Кушнермен пікір алмасты және Мемлекеттік хатшының Оңтүстік және Орталық Азия істері жөніндегі орынбасары Элис Уэллспен келіссөздер жүргізіп, оның барысында қазақстандық-американдық қарым-қатынастар дамуының ағымдағы жағдайымен мен болашағы талқыланды

ҚР Сыртқы саяси ведомствоның басшысы Вашингтондағы сапары барысында жетекші сараптамалық орталықтардың бірі «Атлантикалық кеңеске» барып, онда Қазақстан дамуының негізгі басымдықтары туралы брифинг өткізді және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

19.09.2018

Таразда Мемлекеттік басқару академиясының филиалы ашылды

19.09.2018

Сауль Альварес IBO чемпиондық титулынан айырылды

19.09.2018

Жаңа жылдан бастап дәрілік заттардың бағалары реттелмек

19.09.2018

Қостанайда ішкі істер органдары ақпараттық қызметтің 100 жылдығы аталып өтілуде

19.09.2018

Халық қаһарманы Қасым Қайсеновке арналған кеш өтті

19.09.2018

Солтүстік Қазақстанның қос бишісі Азия чемпионатынан екі алтын медаль олжалады

19.09.2018

Қазақстанның тұрақты өкілі: елдегі жағдайды тұрақтандырудағы жетекші рөл ауғандарға тиесілі болуы керек

19.09.2018

Арыстанбек Мұхамедиұлы фильмдерді қазақ тіліне аударудың үш нұсқасын ұсынды

19.09.2018

«Астана Банкі» лицензиясынан айырылды

19.09.2018

Жауқазын жырлар жалыны

19.09.2018

Тоғыз тонна есірткі тәркіленді

19.09.2018

Жазушымен жүздесу

19.09.2018

Қостанайда Отбасы күні қарсаңындағы акциялар шеруі басталды

19.09.2018

Тарихи атаулармен түрленеді

19.09.2018

Ұстаздығы ұшан-теңіз жан

19.09.2018

«Герцептин» тапшылығы алаңдатады

19.09.2018

Йога жүктілікті жеңілдетеді

19.09.2018

Дамудың рецепті – балалардың ойнауы

19.09.2018

Жайнагүлдің жанарындағы жарқыл

19.09.2018

Теңіз деңгейінің көтерілуі әуежайларға қауіпті

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Жұмабай ШАШТАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Esti men eski

Elektrondy aqparat quraldaryn qosa qalsań-aq jarq etip shyǵa keletin ánshilerdiń bitim-bolmystarynan syr aýlaı uzaq qadalatynyń bar. Qyz-jigitterdiń arasynda burynnan biletiniń ıa qatarǵa jańa-jańa ilingenderiniń oryndaǵan ánderine qulaı elikpeseń de – beker obaldary káne, beıjaı tyńdap otyrǵyzbaıtyn izdenisteriniń qýaty barshylyq. Bul salanyń jetik bilgiri sanalmasań da, tańdaǵan repertýaryna ózińshe kóńil aýdaryp, naqyshyn ishki tarazyńmen ólshep, órnek ıirimin oısha saraptaısyń ǵoı, baıaǵy. 

Ермухамед Мәулен, «Егемен Қазақстан»

Boljam aıtyp baıyǵandar

Sport bızneske aınalǵaly qashan. Árıne bul sózben qazir eshkim daýlasa almaıdy. Álemdegi eń baı adamdar sportshylar ekeni anyq. Alaıda osy sport bıznesi salasynda alaıaqtyq ta joq emes. Ásirese bás tigip aqsha tabatyndar men qandaı báske qoıý kerektigin usynatyndardan aıaq alyp júre almaısyz. Keńes beretin keń­seler men aqyl aıtyp otyratyn saıttar qap­tady. Aldaǵy ýaqytta alaıaqtardyń arbaýyna túspes úshin bul júıeniń qalaı áreket etetinin aıtyp óteıin. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Naǵyz Báıterek

Qazirgi baspasóz betterinde, buqaralyq aqparat quraldarynda «Báıterek» degen sóz teńeý retinde kóbinese qoǵamǵa eńbegi sińgen nemese ómir jolynda jeke basy jaqsy tabystarǵa jetken, sodan halyqtyń kózine túsken adamdarǵa qatysty qoldanylyp júr. Durys-aq. Ondaı adamdardyń eńbegi halyq ıgiligine jarap jatsa, sol ıgilikten kóptegen adamdar nár alyp, turmysyn jaqsartsa nemese sol adamnan úlgi alý arqyly urpaǵyna durys tárbıe, baǵyt-baǵdar berse, tipti basqany bylaı qoıǵanda, et jaqyn týystary, aýyldastary sonyń saıasynan pana taýyp, sol arqyly ómirin durys arnada jalǵastyryp jatsa, nege qoldanbasqa. Rasynda da, mundaı adamdar «Báıterek» degen atqa ábden laıyq qoı.

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Tо́relik qyzmetke tо́r qashan beriledi?

Abaı atamyz: «Burynǵy qazaq jaıyn jaqsy bilgen adamdar: «bı ekeý bolsa, daý tórteý bolady» dep aıtypty», deıdi. Rasynda, bul sózdiń ómir tájirıbesinen alynǵanyna esh kúmán joq. О́ıtkeni bul arada hakim bıdiń sany emes, sapasy daýdy azaıtatynyna mán bergeni anyq. Al endi bul búgingi kúni de elimiz aýmaǵyndaǵy tórelik qyzmet prosesinde týyndaıtyn qoǵamdyq qatynastardy sheshýde eń basty eskerer jaıt bolyp tur. Sebebi azamattyq daýlardy qaraýda qara qyldy qaq jaratyn ádil sheshimge qol jetkizý áli de arman.

Бақытгүл САЛЫХОВА, педагогика ғылымдарының кандидаты

О́mir súrý salty

BUU aqparatyna saı, áıelder arasynda eń joǵary ortasha ómir súrý uzaqtyǵy boıynsha 86,8 jaspen Japonıa aldyńǵy qatarda tursa, er adamdar arasynda 81,3 jaspen Shveısarıa birinshi orynda. Al keıbir elderde ortasha ómir súrý uzaqtyǵy tipti 60 jasqa da jetpeıdi. «Nege?» degen suraqqa túrli faktorlardy keltire otyryp jaýap berýge bolady.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу