Аймақтар • 27 Шілде, 2018

Депутат Г.Шиповских «Манақ баба» шаруа қожалығына арнайы ат басын бұрды

338 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы Мәжілісінің депутаты Г.Шиповских Жалағаш ауданында жұмыс сапарымен болды.

Депутат Г.Шиповских «Манақ баба» шаруа қожалығына арнайы ат басын бұрды

Депутат БҰҰ Даму бағдарламасының бірыңғай жобасы шеңберінде Еуропалық Одақ қаржыландыратын аудандағы «Қызылорда облысында оазистік суармалауды көрсету» пилоттық бастамасы негізінде салынған 9 озық жасыл технологиямен танысты.

Жасыл экономиканы қолдану шаруа қожалық жұмысын дамытуға қажетті таза сумен және электр энергиясымен қамтамасыз етіп отыр. Жобаның жалпы құны 800 мың еуроны құрайды. Тиісті қаражатқа күн сәулелік және жел электрстанциясынан тұратын, сондай-ақ күн сәулесін және жел массаларының қозғалысын электр энергиясына түрлендіретін гибритті орнатылым құрылған. Мұнан алынған энергия тұрмыстық тұтынумен қатар фермерлік қажеттіліктерді де қамтамасыз етеді. Ал, арнайы сорғыш шаруа қожалық аумағында орналасқан ұңғымадан суды кең көлемді ыдыс пен тәуліктік бассейінге тартады. Осмотикалық құрылғымен қайта тазартудан өтетін су таза ауыз сумен қамтамасыз етуге, мал суару және плантацияларға су жіберуге пайдаланылады.

Халық қалаулысы жасыл экономика игілігін шаруашылыққа пайдаланып жатқан серіктестікке табыс тіледі.

Бақтияр ТАЙЖАН,

«Егемен Қазақстан».