Футбол • 27 Шілде, 2018

«Тобыл» «Пюник» командасын 2:1 есебімен жеңді

266 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанайдың «Тобыл» клубы Еуропа лигасы екінші іріктеу кезеңі аясында Арменияның «Пюник» командасын қабылдап, 2:1 есебімен басым түсті.

«Тобыл» «Пюник» командасын 2:1 есебімен жеңді

Қостанайда өткен кездесуде үш гол соғылғанымен, командалар алғашқы таймында бір-бірінің қақпа кілтін таба алмады. Ал екінші таймның 49-минутында жастар ұлттық құрамасы мен «Тобыл» клубының 22 жастағы жартылай қорғаушысы Максим Федин есепті ашты. Матч аяқталуына 10 минут қалғанда команда капитаны Азат Нұрғалиев ойындағы екінші голды салып, есепті 2:0-ге жеткізді.

Дегенмен, «Тобыл» клубы матч соңына дейін есептегі басымдықты сақтап қала алмады. 90-минутта Армения құрамасының шабуылшысы Руслан Корян есепті қысқартып, қарымта ойын алдында командасына үміт отын сыйлады. Енді екі ұжым 2 тамыз күні Арменияда кездеседі.

Соңғы жаңалықтар