Жазғы спорт • 28 Шілде, 2018

Таудағы тартыс 6 сағатқа созылды

787 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

105-мәрте ұйымдастырылған әйгілі жарыс аяқталуға жақын. 6 шабандозбен қалған "Астана" әр күн сайын барын салуда. 

Таудағы тартыс 6 сағатқа созылды

Атақты "Тур де Франс" велокөпкүндігінің 19-кезеңі аяқталды. Лорд пен Лоусенс елді мекендерін байланыстырған 205 шақырымдық жарыс жолы 6 сағат уақытқа созылды. Турмале тауына өрмелеген шабандоздар үлкен күш жұмсады. Нәтижесінде "Лотто" командасының өкілі Примож Роглич кезең жеңімпазы атанды. Словениялық шабандоз сары жейденің иесі Герант Томас бастаған топтан 19 секундқа ертерек келді. Ал "Астана" командасы сапында белсенді болған Танел Кангерт 16-болып мәре сызығын кесті.

Жалпы есепте "Астана" капитаны Якоб Фульсанг 12-орынға сырғыса, Танел Кангерт 16-орынды иемденіп тұр. Енді алда жарыстың 20-кезеңі күтіп тұр.

Ермұхамед МӘУЛЕН,

"Егемен Қазақстан"

Франциядан