Б. Сағынтаев ЕҮАК отырысына қатысты: Нәтижелер аймақ азаматтарының әл-ауқатын жақсартуға ықпал етеді

Бүгін Санкт-Петербург қаласында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысына қатысты, онда Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің премьер-министрлері бас қосты.

Егемен Қазақстан
28.07.2018 7137
2

Отырысқа Арменияның Премьер-Министрі Н. Пашинян, Беларусь Премьер-Министрі А. Кобяков, Қырғызстан Премьер-Министрі М. Абулгазиев, Ресей Федерациясының Премьер-Министрі Д. Медведев, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Т. Саркисян қатысты.  

Дәстүрлі түрде Үкіметаралық кеңестің отырысы шағын және кеңейтілген құрамда өтті.

Шағын құрамда қатысушылар ЕАЭО цифрлық күн тәртібін іске асыру барысын, ауыл шаруашылығы, энергетика және көлік салаларында өзара іс-қимыл орнату мәселелерін қарады. Атап айтқанда, ортақ газ нарығын қалыптастыру, техникалық құралдарды пайдалана отырып және мемлекеттік ақпараттық жүйелердің түйіндесуі арқылы Одақтың кедендік аумағы бойынша тауарлар транзитінің бірыңғай жүйесін құру мәселелері талқыланды.

Кеңейтілген құрамда өткен отырыста кедендік ынтымақтастық мәселелері, сондай-ақ, өнеркәсіптің басым салаларында кооперация және импортты алмастыруда интеграциялық өзара іс-қимылды реттеу құралдары қаралды.

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев кеңейтілген құрамдағы ЕҮАК отырысында сөз сөйлеу кезінде бүгінгі жұмыстың нәтижелері — жаңа идеялар, жобалар мен бастамалар аймақтағы барлық мемлекеттердің азаматтарының әл-ауқатын жақсартуға ықпал ететінін айтты. Олар экономикалық, саяси және әлеуметтік тұрақтылыққа ықпал ететін жағдайлар жасайды. Бақытжан Сағынтаев Одақ аясында орнатылған ынтымақтастық тауар айналымы өсімінің тұрақты үдерісін көрсетіп отырғанын атап өтті.

2018 жылдың І тоқсанында 2017 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда ЕАЭО-ның өзара сауда-саттығы 16,4%-ға ($13,9 млрд) ұлғайды, үшінші елдермен Одаққа мүше мемлекеттердің сыртқы сауда көлемі 23,8%-ға ($172,3 млрд) артты. Еуразиялық даму банкінің болжамдарына сәйкес 2019 жылы ЕАЭО ЖІӨ өсімі 2,1% құрайды.

Сонымен қатар, Бақытжан Сағынтаев ЕАЭО аясында ынтымақтастықты заңнамалық реттеу мәселесіне ерекше назар аударды. Осылайша, Одақтың шарттық-құқықтық базасын қалыптастыру және дамыту жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізіліп жатыр. Өткен жылы интеграциялық бірлестікті дамытуға бағытталған 600-ден астам акті қабылданды.

«Біз қажетсіз реттеу құралдары мен бизнеске кедергілерге жол бермей, айналыстағы өнімдердің сапасын арттыруға ұмтыламыз. ЕАЭО туралы келісімшартқа Одақтың құқықтарын жетілдіру бойынша 70-ке жуық түзетулер енгізу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бүгінде Қытаймен сауда-экономикалық келісімдер, Вьетнаммен және Иранмен еркін сауда аймағы туралы келісімдер жасалды. Біз сыртқы сауда саясатын жүргізу үшін серіктестерді анықтау мақсатындағы жұмысты жалғастыра беруіміз керек», — деп Бақытжан Сағынтаев, таяу уақытта бірқатар маңызды құжаттарды қабылдау қажеттігін атап өтті.

Айта кету керек, қазіргі таңда ЕАЭО-ның бірқатар мемлекеттермен сауда-экономикалық келісімдер жасасу туралы келіссөздер жандандырылған. Израиль, Үндістан, Египет, Сингапур, Сербия және басқа да елдермен ынтымақтастық орнату мәселелері түрлі дайындық сатысында тұр.

«Қазақстан әрдайым біздің интеграция «орбитасына» жаңа ойыншыларды тартудың қолдаушысы болды. Қазақстан Президенті ЕАЭО-ның технологиялық жағынан табысты және инвестициялық тартымды елдермен және интеграциялық блоктармен ынтымақтастық орнатуы қажеттігіне баса назар аудартқанын айтып өткенім жөн», — деді Б. Сағынтаев.

Қазақстан Премьер-Министрі отырыстың қатысушыларына биыл 14 мамырда өткен Жоғарғы кеңестің отырысында мүше мемлекеттердің басшылары алға қойған ЕАЭО-ны одан әрі дамыту және тартымдылығын арттыру жөніндегі жаңа стратегиялық міндеттерін еске салды. Мәселен, ҚР Президенті Н. Назарбаев ірі инфрақұрылымдық мегажобалар: «Қытай — Қазақстан — Ресей — Беларусь — Еуропа» бағыты бойынша жылдамдықты темір жол және автокөлік магистралін, Каспий және Қара теңіздер арқылы кеме жүзетін арнаны салу бастамаларын, сондай-ақ, Одақтың өзара сауда-саттығындағы орын алып жатқан кедергілерді жою және оған талдау жасау туралы ұсынысын білдірген болатын.

Осыған орай, Б. Сағынтаев атап өткендей, Азия мен Еуропа, Шығыс пен Батыс, Тынық және Атлант мұхиттары арасындағы көпірге айналуға мүмкіндік беретін ЕАЭО-ның әлеуеті мен инфрақұрылымын барынша пайдалану қажет. Комиссия Кеңесінің өткізіліп жүрген отырыстары, өз кезегінде, таяу келешекте кедергілер санын айтарлықтай азайтуға жол ашады.

Қорытындылай келе, Премьер-Министр ЕАЭО барынша жүйелі әрі берік болып келе жатқанын атап өтті.

«Бұл біз үшін басымдықты сыртқы экономикалық жоба. ЕАЭО-ны ашық, тең құқықты интеграциялық бірлестік ретінде құрдық. Ымыраға келу және тиімді шешімдерді әзірлеу қағидаларына негізделген өзара қарым-қатынасымызды қалыптастыру Одақты нығайтуға, оның әлемдік қоғамдастықтағы тартымдылығын арттыруға зор ынталандыру болмақ», — деп түйіндеді Б. Сағынтаев.

ЕҮАК отырысының қорытындысы бойынша Үкіметаралық кеңестің Еуразиялық экономикалық одақтың ортақ газ нарығын және өнеркәсіптің басым салаларында кооперация және импортты алмастыруда интеграциялық өзара іс-қимыл мәселелері жөнінде жұмыс тобын қалыптастыру туралы тапсырмаларына, сондай-ақ ұйымдастырушылық сипаттағы бірқатар құжаттарға қол қойылды. Еуразиялық үкіметаралық кеңестің кезекті отырысын биыл қазан айында Беларусьте өткізу туралы шешім қабылданды.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

16.11.2018

Экономикалық әріптестік жандана түспек

16.11.2018

Науқаншылдыққа бой алдырмасақ екен - Тимур Бектұр

16.11.2018

Оралмандар үміті – «Отандастар» қоры

16.11.2018

Ғылым саласында қолдау да, қиянат та бар - Әлімхан Жүнісбек

16.11.2018

Атадан туған аруақты ер

16.11.2018

Жастар жылынан не күтесіз?

16.11.2018

Тариф көтерілді, сервис деңгейі ше?

15.11.2018

Асхат Маемиров Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры болып тағайындалды

15.11.2018

Бекзат жаттыққан спортзал

15.11.2018

А. Майтиев тариф қалыптастырудың ашықтығын арттыру шаралары туралы айтып берді

15.11.2018

Тегеранда Қазақстан-Иран консулдық консультациялары өтті

15.11.2018

Бас прокуратурада бизнес саласындағы проблемалық сұрақтар талқыланды

15.11.2018

Қазақстан мен Швеция ынтымақтастықтың перспективалық бағыттарын анықтады

15.11.2018

Маңғыстау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті сессиясы өтті

15.11.2018

Алматыда композитор Әсет Бейсеуовты еске алу кеші өтті

15.11.2018

Президент Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры Такир Балықбаевты қабылдады

15.11.2018

Жезқазған мен Сәтбаевтың арасында ірі супермаркет салынады

15.11.2018

Елбасы Словакия Республикасының Премьер-Министрі П. Пеллегринимен кездесті

15.11.2018

Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Нұтфолла Шәкеновты еске алу кеші өтті

15.11.2018

Алматыда Құрманғазының 200 жылдығына арналған дәстүрлі музыка фестивалі аяқталды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Qala jáne qazaq

Astana – jastar qalasy. Qala kóshelerinde kele jatyp aınalańa qarasań kóbinese jastardy kóresiń. Demek, Astana – bolashaqtyń qalasy. Osy Astana arqyly qazaqtardyń qala halqyna aınalyp kele jatqandyǵyn jáne aınala alatyndyǵyn anyq baıqaýǵa bolady.

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Mádenıetti adam. Ol kim?

Osy keıde on ekide bir gúli ashylmaǵan kókórim jastarǵa albyrttyqtyń saldarynan jibergen aǵattyǵy men qateligin túzeý maqsatynda apalyq qamqorlyqpen azǵantaı bir aqyl-keńes aıta bastasań, munyńdy muqatý, tuqyrtý dep oılaıtyndaryna túsinbeısiń.  Olardyń bári syndy solaı qabyldaıdy degen pikirden aýlaqpyz árıne, biraq kúndelikti ómirde mundaı jaıtqa jıi tap bolyp jatatynymyz ras endi. Munan soń aldyńǵy tolqyn apalarymyz ben aǵalarymyzdyń aldarynan kese-kóldeneń ótpeı, jumsaǵan jaqtaryna quldyrańdaı usha jóneletin baıaǵy bizdiń kezimizdegi jastardyń eleýsiz ǵana eskertilgen úlkenderdiń áńgimesinen keıin endigári sol kemshilikti qaıtalamaýǵa tyrysatyn elgezektigi, qarapaıymdylyǵy, kishipeıildigi, ıbalylyǵy sanamyzǵa saǵynysh sazyndaı sarqyla oralady. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Sheraǵań shertken sher

Qazaq jýrnalıstıkasynyń qara narlary Sherhan Murtaza men Kamal Smaıylovtyń «Egemendegi» hattary kezinde qoǵamdyq sanaǵa serpilis ákelgeni málim. «Qadirli Kamal Dos!», «Qadirmendi Sherhan!» dep bastap, el ómiriniń qaltarys-bultarystaǵy búkil problemasyn jipke tizip kórsetken, odan shyǵatyn jol izdegen eki tulǵanyń hattaryn qazir oqysań, alysty boljaı bilgen kóregendigine eriksiz tańǵalasyń. 

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Sotqa silteı salý sán be?

Qara qyldy qaq jaryp, ádildikti aıtqan qazaq bıleriniń bılik qaǵıdasy: «Týra bıde týǵan joq, týǵandy bıde ıman joqqa» negiz­delgeni málim. Qasqaıyp turyp qamshysyn aldyna tastap: «Baı bolsań halqyńa paıdań tisin, batyr bolsań dushpanǵa naızań tısin. Baı bolyp paıdań tımese, batyr bolyp naızań tımese jurttan ala bóten úıiń kúısin» dep Áıteke bıdiń shamyrqanǵany, judyryqtaı jumylǵan Qazybek bıdiń Qońtajyny bılik aıtý kezegi tıgende: «Sózdi óńmenime suǵyp aıtqan kezde, eki ıyǵynan eki aıý aýzynan ot shashyp «typyr»» etshi, «kóreıin» dep turdy. Kórdińiz be, bılik aıtqan adam sózimen de kózimen de, susymen de yqtyra alady eken. Qazaq bıleri dala zańynyń oryndaýshylary bolǵan. Tek ádildikti tý etip kótergen onyń aldynda han da qara da birdeı jaýap bergen.

Дидар Амантай,

Sóz shyǵyny

Qazir sóz aldyǵa shyqty. Rolan Bart kótergen konnotasıa men denotasıa qaıshylyǵy, demek, sózdiń nársege emes, sózge nemese belginiń zatqa emes, belgige silteıtindigi jalǵan sana qalyptastyratyny jaǵdaıdy kúrdelendire tústi. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу