Әлем • 28 Шілде, 2018

Жапонияға «Джондари» тайфуны сағатына 40км/сағат жылдамдықпен ұйтқып келеді

434 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жапониялық әуе компаниялары «Джондари» тайфунына байланысты 32 ішкі рейсті тоқтатты, деп хабарлайды ТАСС агенттігі.

Жапонияға «Джондари» тайфуны сағатына 40км/сағат жылдамдықпен ұйтқып келеді

Ұшу кестесіне енгізілген өзгерістер негізінен Осака, Нагоя сияқты орталық қалалар арқылы өтетін бағыттар бойынша енгізілді. Өйткені аталмыш бағыттар бойынша тропикалық дауыл келе жатыр. Бұл дауыл әуелде Жапонияны айналып өтуі тиіс болғаымен, ол Жапонияның басты Хонсю аралы маңында өзінің бағытын өзгертті. «Джондари» сағатына 40км/сағат жылдамдықпен солтүстік-батыс бағытымен ұйтқып келеді. Дауыл елдің орталық және батыс бөлігімен өтуі ықтимал. Бұлай болған жағдайда ол Жапон теңізіне шығып, Корей түбегіне бағыт алады.

Елдің ұлттық метеорологиялық басқармасының мәліметтері бойынша, тропикалық дауылдың орталық бөлігіндегі желдің күші сағатына 40 км жылдамдықты құрайды. Екпіні метріне 50 км болады. Елдің батыс және орталық бөлігіне тәулігіне 250-ден 400 мм-ге дейін жауын жаууы мүмкін.

Айта кетейік, шілденің басында «Прапирун» тайфунының әсерінен Жапонияға нөсер жауын жауып, соның салдарынан көшкін мен тасқын пайда болды. Табиғаттың дүлей күшінің салдарынан 225 адам мерт болып, мемлекетке 76,7 млрд иен көлемінде шығын келген.