«Тур де Франс» веложарысы аяқталды

Араға жыл салып атақты «Тур де Франс» жарысына тағы да келдік. Биыл бұл дода 105-мәрте ұйымдастырылды. Футболдан өткен әлем чемпионатына байланысты бір аптаға кейін шегеріліп, жанкүйерлердің тағатын тауысқан жарыс басталып кетті. «Астана» командасы үшін биылғы жарыс әрқилы оқиғалармен өрілді. 

 
Егемен Қазақстан
30.07.2018 4181
2

Ақсақалдың батасы

Астана – Париж бағы­тын­дағы ұшақ Шарль де Голль атын­дағы әуежайға қонысымен арамыздағы ақсақал Асқар Ишан­ұлынан пікір сұрадық. Сек­сеннің сең­гі­ріне келген ақса­қалдың көңілі спортта. «Вело­спортта нәти­же күн сайын өзгереді. Ең алдымен, шабандоздарымыз жара­қаттан аман болып, жарысты абы­рой­мен аяқтаса екен» дейді қария. Шаңғы мен велоспортты қа­тар меңгерген атамыз кезінде КСРО  спорт шебері атанған. Кейіннен домна пе­шінің алдында тұрып, тоннала­ған болатты балқытқаны да бар.

Ел­басымыз Нұрсұлтан Әбіш­ұлымен бірге қызметтес болған. «Біздің кезеңнің адамдары ең­бекке құштар болып өсті. «Нұ­рекеңнің еңбегі біз үшін ұшан-теңіз. Комбинатта жүріп ком­партияға кеткен адам некен-саяқ. Оның алғырлығы сол кез­ден аңғарылды», дейді Асқар Ишан­ұлы. Осы күні Батыс Қа­зақстан облысының вело­спорт фе­дера­циясының прези­денті қыз­метінде жүргенін құрда­сы­ның ең­бекқорлығына ұқсап бақ­қысы келгендігімен байланыс­тырады.

По қаласында басталған 18-кезең алдында ел спортына еңбегі сіңген атамыз Александр Винокуров бастаған жігіттерге ақыл-кеңесін айтты. 

Санчестің жоқтығы білінді

Алғашқыда капитанға зор көмек көрсетуі тиіс болған «грегорилердің» төресі, Луис Леон Санчес қақтығысып, жарақат алды. Соның салдарынан біздің команда әжептәуір күш жоғалтты. Кейіннен Дмитрий Груздев те велокөпкүндіктен шығып қалды. Бапкерлердің айтуынша, Луис Леон Санчестің жоқтығы команданың жалпылама көрсеткен нәтижесіне қатты әсер етті. Жарыстың соңғы күндері өткен шешуші таулы кезеңдерде испаниялықтың тәжірибиесі мен шеберлігі қатты керек еді.

Егер ол сапта болғанда Якоб Фульсангтың тынысы ашылып, екілене шабар еді. Екі мықты шабандозынан айырылған «Астана» амалдап жүріп, қисынын келтіруге тырыс­ты. Сөйтіп жүріп-ақ елордалық команда қатарынан 2 кезеңді жеңді. Алдымен 14-кезеңде Омар Фрайле көзге түссе, ертесіне Магнус Корт алдына жан салмады.  Ал 17-кезеңде Танел Кангерт «ең белсенді шабандоз» марапатын алды. Жалпы екі шабандозы жоқ команданың осынша зор көрсеткішке қол жеткізгені, әрине, таңқаларлық іс.

Жанкешті Жильбер

Жарыстың 16-кезеңінде елді дүр сілкіндірген оқиға орын алды. Quick Step Floors командасының шабандозы Филип Жильбер жоғары жылдамдықпен келе жатып, жолдан шығып кетті. Десе де, жалма-жан орнынан тұрып, жарысты әрі жалғады. Әйтеуір соңына дейін ұмтылып, мәре сызығынан елмен қатар өтті. Алайда қанталаған аяғының сүйегі қатты шытынаған екен.

Дәрігерлер Жильбердің тізесі сынып кеткенін айтады. Жанкешті велошабандоз сынған тіземен 60 шақырымдай жол жүріпті. Бұл оқиға осындағы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы әлемге лезде тарап кетті. Әрине жеңіске деген құштарлық, жарыс­тан шығып қалмауды көздеген спортшының бұл әрекеті күллі жұрттың таңданысын тудырды. Расымен де, неткен жанкештілік десеңізші?! Филип Жильбер осылайша жарысты ерте аяқтап, енді денсаулығына мән беретін болады.

Пиреней қазақ әніне тұнып тұр

18 және 19 кезеңдер тауда өтті. Жалпы алғанда «Тур де Франс» жарысы таулы кезең­дерімен әйгілі ғой. Бұл жолы Пи­реней тауларының жотасы саналатын Турмалеге өрмеледік. Бұлттан биік шығып, басын ақ қар шалған шыңдарға да жеттік. Якоб Фульсанг бастаған «Астана» шабандоздарын мәреге таяу тұстан күтіп алмақпыз. Жергілікті жанкүйерлердің айтуынша, біз орналасқан тұс теңіз деңгейінен 3 мың метр биіктікте екен. Тау басында жарыс жолын қаумалаған қонақтар мен фанаттар.

Әлем чемпионаты мен Олимпиада ойындарынан кейін ең көп жанкүйер тартатын да осы жарыс. Биыл «Турды» шамамен 1 миллион адам тамашалап жатыр. Теледидар арқылы көргендері қаншама?! Осы аралықта тау басында жүріп өзіміздің қазақ жанкүйерлерін көреміз деп кім ойлаған? Серік Мағжанұлы мен Николай Алексеевич екеуі Петропавлдан арнайы келіпті. Николай Алексеевич  – Александр Винокуровтың әкесі. Баласы бастаған командаға жанкүйер болып, Қазақстанның көк туын жамылып алған. Ал тағы бір жанкүйер – Олжас Баймұханов бұрыннан Францияда тұратын қандасымыз екен.

Ол «Астана» командасына ұжым құрылғалы бері жанкүйер болып шықты. «Фульсанг бір құлап түскен соң көңіл-күйі кетілген. Жұлқып шабуға зауқы соқпай жүр» деп бастады әңгімесін Олимпиада чемпионының әкесі. Қарияның Сашаға әрі әке, әрі бапкер болып жүріп талай дүрмекті көргені байқалады. Ал қасындағы Серік Мағжанұлы кәнігі Күреңбай сыншыдай, болжам айтып, шабандоздардың сырын айтты. «Фульсангқа қарағанда осы жолы Танел Кангерт керемет жүріп келеді. Күн сайын шабысына шабыс қосылуда. Бәйгеден бірінші келсе таңғалмаймын. Жас шабандоздың жарқырайтын кезі алыс емес.

Оның үстіне мына Еуропаңызда «Астана» командасы тасадағы таланттарды аша білетін команда деген атқа ие дейді. Иә, бұл шындық. Мигел Анхель Лопес, Танел Кан­герт, Магнус Корт, Йеспер Хан­сен, енді, міне, олардың қа­тарына қазақстандық Евгений Ги­дич қосылып отыр. Бұл сөзді Олжас Баймұханов та қолдап, шабан­доздар келгенше тағы бір жайт­тан сыр ағытты. «Балам Ар­турды велоспортқа бердім. Алек­сандр Винокуровтың екі ұлы­мен бірге жаттығып жүр. Түбі осы үшеуі еліміздің атын шы­ғар­са дейміз. Шетте жүрсек те, ел абы­ройының асқақтауына үлес қоссақ, одан артық арман бар ма?!».

Жылы сөзбен жан семіртіп отырғанымызда жанкүйерлердің қиқуы естілді. Төмендегілер шаң көрінгенін айтысып, ол хабар лезде жоғарыда отырған бізге де жетті. «Астана» шабандозы Танел Кангерт топ бастап бірінші келеді екен. Бірақ қасына жиналған көмекшілері әлсіз. Аламан бәйгеде жүйріктер жеке шапса, велоспортта қасыңда екі-үш серігің болмаса тауға шығу өте қиын. Көңілімізді көтерген бұл хабарды жеткізген адамға сүйіншісін беруге де дайын едік. Қасымыздағы қандастар қазақтың әнін бар дауысына қойып, Пиренейді думанға бөледі.

Тамылжыған қазақтың әні тұман торлаған Турмале биігіне жан бітіргендей. Әлемнің әр қиырынан келген жанкүйерлердің барлығы қазақ әніне қол соғып, «Астана» шабандозының бірінші болып қасымыздан өткен шағында бізге болысып тұрғанына көңіліміз шаттанды. Рухымызды бір асқақтатып, төменге құлдиладық. Ендігі кезек – Париждегі Елисей алаңындағы соңғы сайыс. Дегенмен, жарыс қалай аяқталса да, алты шабандозбен 2 кезеңді қатар ұтқанымыздың өзі неге тұрады. Шет елдің журналистері «24 сағаттың ішінде 2 кезеңді қатарынан ұтқан команда бұрын-соңды болған жоқ. Бұл «Астана» қойған рекорд» деп жақтары талмай айтып жатты.

Ермұхамед МӘУЛЕН,

«Егемен Қазақстан» –

Франциядан

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

18.11.2018

Элизабет Тұрсынбаева Мәскеудегі турнирде үздік алтылыққа енді

18.11.2018

Қызылорда облысында МЖӘ бойынша екі спорт кешені ашылды

17.11.2018

Amazon мен Google-де жұмыс істейтін қазақстандықтарды елге шақыру керек - Атамекен ҰКП

17.11.2018

Павлодар облысында 370 жүргізуші мөлшерден артық жүк тасыған

17.11.2018

Павлодарда 524 полиция қызметкері пәтерге мұқтаж

17.11.2018

Дулат Қажанов: Оңтүстік тұрғындарын Күршімге шақырамыз

17.11.2018

Таразда Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің күні аталып өтті

17.11.2018

Қызылордадағы ЖКО: 29 адам ауруханада, 45-і үйіне оралды

17.11.2018

Қызылордада жолаушылар автобусы соқтығысты

17.11.2018

Атырауда балық шаруашылығы басқармасының басшысы тағайындалды

17.11.2018

Астанада дзюдодан Қазақстан Чемпионаты өтті

17.11.2018

Таразда «Туған жерге туыңды тік!» форумы өтті

17.11.2018

Ақ Жайықтың жастарында жігер көп

17.11.2018

Оралда қоғамдық ұйымдардың VIII форумы өтті

17.11.2018

17 қарашаға арналған ауа райы болжамы

16.11.2018

Қазақстан туризмін дамытудағы кезекті қадам

16.11.2018

Абылай ханның Галдан Цереннің тұтқынында болған жері табылды

16.11.2018

Қазақстан қор биржасы 25 жылдығын қорытындылады

16.11.2018

Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия отырысы өтті

16.11.2018

Атыраулық Қаһарман Қисметов  Әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Esi ketken eskini alady

Búginde avtomobıl degen burynǵydaı baılyqtyń, sol kólikti satyp alǵan adamnyń áleýmettik jaǵdaıynyń jaqsy ekendiginiń kórsetkishi bolýdan qalyp barady. Bir úıde eki, keıde úsh avtokóliktiń bolýyn, tipti keıbir jumyssyz júrgenderdiń de avtokólik satyp alýyn oǵan mysal retinde keltirýge bolady. Osy oraıda avtomashınalardyń sonshalyq kóbeıip ketýiniń syry nede degen saýaldyń týyndaýy da zańdy. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Qala jáne qazaq

Astana – jastar qalasy. Qala kóshelerinde kele jatyp aınalańa qarasań kóbinese jastardy kóresiń. Demek, Astana – bolashaqtyń qalasy. Osy Astana arqyly qazaqtardyń qala halqyna aınalyp kele jatqandyǵyn jáne aınala alatyndyǵyn anyq baıqaýǵa bolady.

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Mádenıetti adam. Ol kim?

Osy keıde on ekide bir gúli ashylmaǵan kókórim jastarǵa albyrttyqtyń saldarynan jibergen aǵattyǵy men qateligin túzeý maqsatynda apalyq qamqorlyqpen azǵantaı bir aqyl-keńes aıta bastasań, munyńdy muqatý, tuqyrtý dep oılaıtyndaryna túsinbeısiń.  Olardyń bári syndy solaı qabyldaıdy degen pikirden aýlaqpyz árıne, biraq kúndelikti ómirde mundaı jaıtqa jıi tap bolyp jatatynymyz ras endi. Munan soń aldyńǵy tolqyn apalarymyz ben aǵalarymyzdyń aldarynan kese-kóldeneń ótpeı, jumsaǵan jaqtaryna quldyrańdaı usha jóneletin baıaǵy bizdiń kezimizdegi jastardyń eleýsiz ǵana eskertilgen úlkenderdiń áńgimesinen keıin endigári sol kemshilikti qaıtalamaýǵa tyrysatyn elgezektigi, qarapaıymdylyǵy, kishipeıildigi, ıbalylyǵy sanamyzǵa saǵynysh sazyndaı sarqyla oralady. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Sheraǵań shertken sher

Qazaq jýrnalıstıkasynyń qara narlary Sherhan Murtaza men Kamal Smaıylovtyń «Egemendegi» hattary kezinde qoǵamdyq sanaǵa serpilis ákelgeni málim. «Qadirli Kamal Dos!», «Qadirmendi Sherhan!» dep bastap, el ómiriniń qaltarys-bultarystaǵy búkil problemasyn jipke tizip kórsetken, odan shyǵatyn jol izdegen eki tulǵanyń hattaryn qazir oqysań, alysty boljaı bilgen kóregendigine eriksiz tańǵalasyń. 

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Sotqa silteı salý sán be?

Qara qyldy qaq jaryp, ádildikti aıtqan qazaq bıleriniń bılik qaǵıdasy: «Týra bıde týǵan joq, týǵandy bıde ıman joqqa» negiz­delgeni málim. Qasqaıyp turyp qamshysyn aldyna tastap: «Baı bolsań halqyńa paıdań tisin, batyr bolsań dushpanǵa naızań tısin. Baı bolyp paıdań tımese, batyr bolyp naızań tımese jurttan ala bóten úıiń kúısin» dep Áıteke bıdiń shamyrqanǵany, judyryqtaı jumylǵan Qazybek bıdiń Qońtajyny bılik aıtý kezegi tıgende: «Sózdi óńmenime suǵyp aıtqan kezde, eki ıyǵynan eki aıý aýzynan ot shashyp «typyr»» etshi, «kóreıin» dep turdy. Kórdińiz be, bılik aıtqan adam sózimen de kózimen de, susymen de yqtyra alady eken. Qazaq bıleri dala zańynyń oryndaýshylary bolǵan. Tek ádildikti tý etip kótergen onyń aldynda han da qara da birdeı jaýap bergen.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(1)

Мурат (12.09.2018 14:29:36)

Біздің атақты велоспортшымыз Винокуров талай жастарды осы спортқа тартқан. Дамыту керек спорты әлі де.

Пікір қосу