Актриса Фарида Шәріпованың үйіне тақта орнатылды

КСРО халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтардың лауреаты,профессор Фарида Шәріпованың 1971-2010 жылдар аралығында тұрған Алматы қаласындағы Достық пен Қабанбай батыр көшеоерінің қиылысында орналасқан көп қабатты үй қабырғасына ескерткіш тақта орнатылды. 

Егемен Қазақстан
01.08.2018 2627
2

Ескерткіш тақта М.Әуезов атын­дағы Қазақ мемлекеттік ака­демиялық драма театрының ұжы­мы мен Алматы қалалық әкім­­дігінің мұрындық болуымен ашылды. Ескерткіш тақта­ның бетіндегі шымылдықты Фа­ри­да Шәріпованың сахналас әріп­тестері, өмірлік достары Қазақстанның Еңбек Ері, КСРО халық әртісі Асанәлі Әшімов пен Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Сәбит Оразбаев түрді.

– Бүгін Фаридаға ескерткіш тақта ашып жатырмыз. Қапталдас тұрған қос үйде екеуміз талай жыл көрші болдық. Фаридамен студент кезімізден бастап көптеген спектакльдерде серіктесіп бірге ойнадық. Бұл өмірден өткенше достығымызға қылау түспей, әдемі жарасымын тапты. Фарида тәрбиесімен, тәртібімен жастарға үлгі-өнеге болған талантты ак­три­са. Бұл өмірде мәңгілік ешкім жоқ. Фариданы ерте кетті деп есептейміз. Әлі біраз рөлдер сомдайтын мүм­кін­дігі бар еді. Бірақ тағдыры со­лай болды. Мемлекеттік сый­лықтың лауреаты, Кеңес Ода­ғының халық әртісіне енді қала әкімдігі Алматы көшелерінің біріне Фариданың есімін беруі керек. Топырағы торқа болсын! – деді КСРО халық әртісі, театр­дың көркемдік жетекшісі Асанәлі Әшімов.

Фарида Шәріпова жарты ға­сыр­дан астам уақыт бойы М.Әуезов атындағы Қазақ ака­де­миялық драма театрында үз­дік­­сіз өнер көрсетті. Сахнада қа­­зақ және әлем классиктерінің дра­малық туындыларында, осы за­манғы қойылымдарда басты рөл­­дерді шеберлікпен орындап, ұлт­тық

театр өнерінің жаңа са­па­лық биікке көтерілуіне үлкен үлес қосты.

– Өкініштісі, Фарида апайды қазіргі жастар білмеуі мүм­кін. Алтын дауыс иесі еді ғой! Ре­жис­сер Абдолла Қарсақ­б­а­евтың «Ме­нің атым Қожа» атты киносын баршамыз жақсы білеміз. Осы фильмдегі Қожаның дау­ы-

­сын Фарида апай орындайды. Міне, қараңыз, содан-ақ оның қандай талантты актриса бол­ғанын бағамдауға болады. Фарида апаймен сахнада бірге өн­ер көрсету біз үшін үлкен мақ­таныш болатын. «Ғашықсыз ға­сыр» деген спектакльде ол кісі бас­ты рөлде ойнады. Ал мен оның досын ойнадым. Фарида апаймен сахналас болу өте қиын. Ол кісі жай ғана көз тастағанда, көзіне қарау мүмкін емес еді! Ішкі қуаты ғажап болатын. Сахнада қатар тұрғанда іштей дірілдеп тұратын күндерімді әлі ұмыта қойған жоқпын. Бірақ бәрібір ол кісімен сахнада бірге ойнау бақыт болатын. Қазақтың талантты қызын еске алып, үйіне белгі тақ­та орнатылып жатқанына өте қуа­нып тұрмын. Бұл үшін театр ұжы­мына және қаланың әкімдігіне рах­мет айтқым келеді, – дейді Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, «Құрмет» орденінің иегері Ғазиза Әбдінәбиева.

Фарида Шәріпова кино сала­сын­да да жемісті еңбек етті. Ол әйгілі режиссерлер Шәкен Айманов, Мәжит Бегалин, Сұл­тан Қожықов, Әзірбайжан Мәм­бе­тов, Леонид Агранович түсір­ген көптеген танымал фильмдерде ойнады. Дубляж саласына да көп еңбек сіңірді.

Фарида Шәріпова өнерлі жас­тарды тәрбиелеу ісіне жете көңіл бөл­ді. Т.Жүргенов атындағы өнер академиясында көрнекті ак­тер Ы.Ноғайбаев екеуінің шы­ғар­­машылық шеберханасында шыңдалған жастар бүгінде елі­міздің театрларында жемісті ең­бек етіп жүр. Ескерткіш тақтаның ашы­лу салтанатында Фарида Шәрі­пованың тұрған пәтерінде ұрпақтары дастарқан жайып, марқұмның аруағына құран бағыштады.

Айгүл АХАНБАЙҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан»
 

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

20.02.2019

Елбасы Сауд Арабиясының Королімен телефон арқылы сөйлесті

20.02.2019

Елбасы «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады

20.02.2019

Жас журналистер клубы құрылды

20.02.2019

Алексей Луценко тағы да топ жарды

20.02.2019

«Амурға» әліміз жетпеді

20.02.2019

Асанәлі Әшімов: «Театрды ашудағы мақсатым – талантты жастарды қолдау»

20.02.2019

Бақыт Сұлтанов автобус паркін жаңарту жоспарлары туралы айтып берді

20.02.2019

Қарағанды облысында 2 күнде 41 жол-көлік оқиғасы тіркелді

20.02.2019

Бейсенбі күні Қостанай облысы мен СҚО-да дауылды ескерту жарияланды

20.02.2019

Тілсіз жаудан зардап шеккен отбасыға тәртіп сақшылары көмектесті

20.02.2019

Ақмола облысының 5 ауданында «Еnglish for jastar» жобасы жалғасатын болады

20.02.2019

Бурабайда қысқы президенттік көпсайыстан облыстық біріншілік өтті

20.02.2019

Көкшетауда «Бояулар құпиясы» жас суретшілер байқауы өткізілді

20.02.2019

Еліміз Иранға 42 тонна сиыр етін экспорттайды

20.02.2019

Қарағандыда жемқорлық құқық бұзушылықтар бойынша брифинг өтті

20.02.2019

Алматыда ережесіз жекпе-жектен жарыс өтеді

20.02.2019

Ақтөбе облысында «Агрогектар» жобасы жүзеге асырылуда

20.02.2019

Қырғыз Республикасынан кіргізілетін өнімдерге шектеу қойылмақ

20.02.2019

Мемлекеттік қызметшілер декларациясын тапсыру мерзімі 31 наурызда аяқталады

20.02.2019

Астанада кәсіпкерлер мен инноваторларды біріктіретін алаң ашылады

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Бақытгүл САЛЫХОВА, педагогика ғылымдарының кандидаты

Qorqynyshty mıkroplastık

О́tken aptada Eýropalyq odaq úkimeti óndirýshilerge mıkroplastıktiń barlyq túrin óz ónimderinde qoldanýǵa tyıym salǵanyn estigen bolarsyzdar. Mıkroplastıktiń ne ekenin bilesiz be? Osyǵan deıin kóp mán bermeppiz. Sóıtse mıkroplastık − sıntetıkalyq polımerlerdiń kishkentaı bólikteri, bul kóptegen zattyń quramyna kiredi: kúndelikti kıetin kıimimizde de, kir jýatyn untaqta da, saǵyzda da bar eken.

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

«Jeti jarǵy» jıen jaıly ne deıdi?

Qarǵa tamyrly qazaqta jıenmin dese qolq etpes jan joq shyǵar, sirá. Tipti, naǵashyǵa aıtar oıyn «tuzdyqtap» jiberse de, basynan sóz asyrmas nebir adýyn minezdiniń ózi jıen ǵoı, aıta beredi» dep kúlip, bas shaıqaǵannan artyqqa barmaıdy.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Rýh jaıly áńgime

Marqum alashshyl tulǵa Aqseleý Seıdimbektiń «Rýhy azat halyq qana uly ister atqara alady» deıtin myzǵymas ustanymy boldy. Osy uǵymdy Ahań ári qaraı tápsirlep: «Rýhsyz halyqty altynǵa bólep qoısań da báribir, rýhy myqty qaýymnyń aldynda eńkish tartyp turady. Rýh degenimiz ol kózge kórinbeıdi, halyqtyń gendik bıosferasynda bolatyn úreıdi jeńý qýaty. Úreı qan arqyly urpaqtan urpaq jalǵasyp kete beretin asa qaterli qubylys. Qandaı bir qaýymnyń rýhanı erkindigi (táýelsizdigi) halyqtyń boıyndaǵy úreıdiń az-kóptigimen ólshendi» deıtin edi jaryqtyq.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Elorda: kósheler, avtobýstar, aıaldamalar

Astana jyl sanap ósip keledi. Bir kezderi oblys ortalyǵy bolǵan shaǵyn ǵana qala az ýaqyttyń ishinde elimizdegi iri shaharlardyń qataryna qosyldy. Munyń bári qarqyndy júrgizilgen qurylys jumystarynyń nátıjesinde júzege asyp otyr. Ras, qazir 2000 jyldardyń basyndaǵydaı ekpin joq. Degenmen áli de bolsa jańa ǵımarattar men turǵyn úıler turǵyzý isinde alǵa basý bar. Bas qala, jańadan turǵyzylyp jatqan elorda bolǵandyqtan, qurylys jumystarynyń jalǵasa beretinine kúmán joq.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Oqıǵalar uǵymdy bolsa ıgi

Tildiń túıtkili qansha aıtsaq ta tarqamaıtyn boldy. Burynǵydaı eshkim zorlamasa da, eshkim tizege salmasa da, ana tilimizde sóıleıik dep urandap jatsaq ta, halqymyzdyń qalada turatyn negizgi bóligi únemi orys tilin qoldanýǵa beıil turatyny qynjyltady. Úlkender túgili qazaqsha oqıtyn balalarymyzdyń ózi orysshany tez qabyldaıdy. Qazaqsha oılanǵansha oryssha jyp etkizip jaýap bere qoıady. Eshkimdi kinálamaı, eshkimdi qaralamaı osynyń sebebin taǵy bir izdep kórelikshi...

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу