Қазақстан • 30 Шілде, 2018

Облыстық Жайдарман сайысы мәресіне жетті

488 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылорда облыстық жастар саясаты басқармасының қолдауымен «Қазақстан КВН» Одағы РЖҚБ «Қызылорда КВН» филиалының ұйымдастыруымен 2018 жылдың 11 мамыр күні сағат 19.00-де Қорқыт ата атындағы ҚМУ Студенттер сарайында облыстық «Жоғары лига» жайдарман ойындарының 1/2 жартылай финалдық сайысы өтті.

Сайысқа аудандар мен қала орталығындағы жоғары және орта арнаулы оқу орындарының жастарынынан құралған 8 команда қатысты.

Атап айтар болсақ:

Қорқыт ата атындағы ҚМУ – «ҚМУ құрамасы» командасы;

Қызылорда гуманитарлық экононмикалық колледжі – «ҚГЭК құрамасы»;

Абылайхан атындағы жоғары колледжі – «Абылайхан құрамасы»;

«Болашақ» университеті – «БУ құрамасы»;

Сырдария ауданы Қоғалыкөл ауылы – «Қоғалыкөл құрамасы»;

Қазалы ауданы – «Қазалы құрамасы»;

Байқоңыр қаласы – «Байқоңыр құрамасы»;

Қызылорда қаласы - «Қызылорда құрамасы» командалары.

Қатысушылар 2 кезең бойынша (сәлемдесу және көрініс) бақ сынасып, үздік деп танылған 5 команда финалдық сайысқа жолдама алды.

Сонымен қатар, аталмыш шарада облыстық «Жас Отан» жастар қанатының арнайы жүлдесі де сарапқа салынды.

Ойын қорытындысы бойынша арнайы алғыс хатпен "Абылайхан" атындағы колледжінің "Абылай хан құрамасы", "Болашақ" университетінің "БУ құрамасы" жəне Қазалы құрамасы марапатталды. Ал ақтық мəреге "Қызылорда құрамасы", "Байқоңыр құрамасы", Қорқыт ата атындағы ҚМУ "ҚМУ құрамасы", Қызылорда гуманитарлық экономикалық колледжінің "ҚГЭК құрамасы" жəне "Қоғалыкөл құрамасы" жолдама алды.
Сонымен қатар, шара барысында сарапқа салынған "Жас Отан" жастар қанатының арнайы жүлдесі (50.000 теңге) Қызылорда құрамасы иеленді.