Медицина • 02 Тамыз, 2018

Жаңа жобаның жақсылығы мол

476 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Таяуда Қабанбай батыр ауылында керамикалық кірпіш шығаратын жаңа зауыт іске қосылды. Ашылған жаңа нысанның аудан әлеуетін арттыруға септігі мол. 

Жаңа жобаның жақсылығы мол

Күйдірілген балшықтан кірпіш, басқа да сапалы құрылыс материалдарын өндіретін «Бо­шан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2008 жылдан бері жұ­мыс істеп келген болатын. Мемлекет басшысының Қазақ­стан халқына арнаған «Төртін­ші өнеркәсіптік революция жағ­дайындағы дамудың жаңа мүм­кіндіктері» атты Жол­дауын іске асыру және бәсе­кеге қабілетті кәсіпорын құру мақсатында «Astana Cera­mics» жауапкершілігі шектеу­лі серіктестігі өндіріс орнын мо­дер­низациялауды, сөйтіп займ­дық қаражат пен мемлекеттің қолдауына арқа сүйеп, жаңа технология бойынша өнім шы­ғаруды қарастыра бастады. «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша алған 2,5 миллиард теңгенің субси­диясы зауыт жұмысына жаңаша серпін берді. Жобаны іске асыруға үш жыл уақыт жұм­­­салған.

Өндірісте Испанияның осы заманғы озық технологиясы қолданылуда. Жобаның жалпы құны 3,8 миллиард теңге. Жылына 3 миллион дана кірпіш шығаруға мүмкіндіктері бар. Зауытта бүгінде 50 адам жұмысқа орналасып, еңбек етуде. Ай сайын тұрақты жалақы беріп, жергілікті халықты жұмыспен қамтамасыз етіп отырған жаңа жобаның аудандағы тұрғын үй құрылысын өрістетуге септігі мол болмақ.

 

Байқал БАЙӘДІЛ,

«Егемен Қазақстан»

Ақмола облысы

Целиноград ауданы