Тарих • 02 Тамыз, 2018

Ақжайықта жыршы Көшерғали Макаровты еске алды

1218 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Сарытоғай ауылдық Мәдениет үйінде Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, халықаралық, республикалық және Түркі дүниесі жыраулары байқауының лауреаты Көшерғали Макаровты еске алған «Әуелеп ұшқан жыр-ғұмыр» атты сазды кеш өтті.

Ақжайықта жыршы Көшерғали Макаровты еске алды

Саналы ғұмырын Сарытоғай ауылында шағын ғана мәде­ни­ет үйі­нің меңгерушісі болып атқарған Көшерғали Мака­ров Қазақстанның батыс өңі­рін­дегі жыршылық мектебін жаң­­ғыртуға үлес қосқан үлкен өнер­паз еді. Табиғи талантының ар­қа­сын­да алақандай ауылдан шыққан өнер­паздың есімі Қа­зақ­станнан тыс жер­лерге де жет­­ті. 1980 жылы Мұхит Ме­рә­­­лі­­ұлының 140 жылдығына ар­­­нал­ған әншілер байқауының, 1988 жылы Алматы қа­ла­сын­да­ғы республикалық жыр­шы-термешілер байқауының же­ңімпазы болған Көшерғали жы­рау 1988 жылы Баку қа­ла­сындағы дүниежүзілік жыр­шылар байқауының, 1989 жылы Түркі халықтары дастан­шы­ларының халықаралық өнер фестивалінің лауреаты атанған еді. 2001 жылы Қызыл­орда қаласындағы «Ғасыр­лар үні» жыршылардың «Жиен­бай жырау» атындағы бай­қау­ының жүлдегері, 2005 жылы Маң­ғыс­тау қаласындағы «Шотан ба­тыр» жыршылар байқауының лау­­реаты болды. 2005 жылы Мә­де­ниет, ақпарат және спорт ми­­нис­трлігі мен Мәдениет пен өнер­ді қол­даудың мемлекеттік қоры­ның «Мәдениет қайраткері» құр­мет белгісімен марапаттал­ды.

1997 жылы оңтайландыру тұсында Тайпақ ауданы тарап, жаңадан пайда болған Ақжайық ауданының орталығы Чапаев селосын «қазақыландыруға» кел­ген топтың ішінде осы Кө­шер­­ғали ағамыз да болды. Чапа­евта жыраулар мектебін ашып, талай бәйгеде топ жарған шә­кірт те тәрбиелеп үлгерді. Та­ны­мал жыршы 2017 жылы 66 жасында өмірден өткен еді.

Ауыл­­дасын еске алуға сары­то­­ғ­ай­­лықтар жақсы әзір­ле­ніпті. Кеш­те Көшерғали Ма­каровтың шә­кі­рттері Сұң­ғат Жанаев, Гүл­жамал Қайбалиева, Да­ни­яр Елеуов, Сатыбалды Сүйен­ұ­лы, Қайрат Шаб­дан­ұлы және басқалары ауыл сах­насы­нан әуезді ән, төк­пе жыр шырқап, көрерменді тән­ті етті. Жыршының бірге өс­кен жолдасы Орынбасар Жәң­гіров, құрдасы, Қазақстан Жур­налистер одағының мүшесі Ті­лес Жазықбай, Сарытоғай ауыл­дық округінің әкімі Аб­зал Жәрдемұлы, көр­ші­лес Атырау облысы, Индер ауда­ны Мәдениет үйінің ән-те­р­­ме үйірмесінің жетекшісі Ер­кін Әубәкіров, Сарытоғай Мәдениет үйінің директоры Ардақ Шабданқызы, Сарман ауылының тұрғыны, зейнеткер Амангелді Қалиталиев, жез­таңдай жырау Қайрат Бима­нов, көршілес Базаршолан ауыл­дық округінің әкімі Ерлан Базар­байұлы, аудандық мәслихат депутаты Қанапия Таспай және басқалары жыршы туралы естеліктерін ортаға салды.

Осы кеште Тілес Жазықбай Көшер­ғали Макаровтың өзі көп жыл қызмет еткен Сарытоғай Мә­дениет үйіне жыраудың есімін беруді ұсынып, оны барлығы бірауыздан қолдады.

Кештің мәнді де мағыналы өту­іне белгілі ақын Сағынтай Би­сен­ға­лиев, аудандық мәдени-дем­алыс орта­лығының директо­ры Ерлан Хабибуллин ерекше үлес қосты. Кеш соңында жы­рау­дың жары Жұмазия, ұлы Ал­тын­бек жиналған жұртқа ыс­тық ілтипаты үшін алғыс айтты.

Қазбек ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ,

«Егемен Қазақстан»

Батыс Қазақстан облысы