Өнер • 06 Тамыз, 2018

Алып асықтар

862 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Көкше теңіз жағасындағы Балқаш қаласы күннен күнге құлпырып келеді. Мұның өзі жаз айларында көлге алыс-жақыннан ағылып келетін туристер тасқынын арттыруға игі ықпалын тигізері сөзсіз. 

Алып асықтар

Таяуда мысты шаһардағы Мағауия Хамзин атындағы мәдениет сарайының алдында бес асықтың шыны талшықтан жасалған алып мүсіндері пайда болды. Бүк, шік, алшы және тәйкі түрінде жатқан асықтардың әрқайсының салмағы 30 кило тартады, ұзындығы болса 1,5 метрге тең.

Мәдениет үйінің маңайын абаттандырып жатқан Kendala Kazbest ЖШС екен. Кәсіпорын басшысы Б. Әбеновтің айтуынша, жақын арада бұл жерде жаңа сәкілер мен қоқыс жәшіктері орнатылмақшы. Бұдан бөлек, мәдениет сарайының алдында жас жұбайлар аркасы мен субұрқақ салу жоспарда бар.

Қайрат ӘБІЛДА,

«Егемен Қазақстан»

Қарағанды облысы,

Балқаш қаласы