Әлем • 07 Тамыз, 2018

Жапонияда аптап ыстық салдарынан ауруханаға түскендердің саны рекордтық көрсеткішке жетті

361 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жапонияда әлі де ыстық басылмай тұр. Соның  салдарынан ауруханаға түскендердің саны рекордтық көрсеткішке жетті, деп хабарлайды ТАСС.

Жапонияда аптап ыстық салдарынан ауруханаға түскендердің саны рекордтық көрсеткішке жетті

Жапонияда соңғы үш айда 71 266 адам ауруханаға жатқызылды. Бұл өткен жылғы көрсеткішке қарағанда 15 мыңға артық. Соңғы аптаның ішінде 13 адам қаза болып, 13 575 адам бүкіл ел бойынша аптап ыстық салдарынан ауруханаға жеткізілді. Көптеген аймақтарда термометр 34-35 градусты көрсетсе, кейбір аудандарда температура 40 градусқа жеткен.

Өткен жылы Жапонияда осындай ыстықтың салдарынан 44 адам қаза болып, ондаған мың адам ауруханаға түскен болатын.