Ақын қарындасының арманы (М. Жұмабаев туралы)

Соғыстың тұсында туған қатар­ластарым, өкшемді басқан іні-сіңлілерім, Жоғарғы оқу орындарында Қазақ ССР тарихын оқып қана қоймай, жаттап өстік. Ал, өзімізге тән, қазақтың білімді, ойшыл азаматтары жазып – сызған тарих беттері өшті, оған кім кінәлі?  Төл тарихымыздың беті көмескіленгеніне іштей налыған, наразылық білдірген ғалымдарымыз шетінен «халық жауы»  аталып, абақтыға жабылды.  Атылды. Тірі қалғандары итжеккенге айдалды. 

Егемен Қазақстан
09.08.2018 1699
2

Соның бәрінен мақұрым-мәңгүрт болғанымызды кеш түсіндік. «Халық жауы» деген кімдер?» деген сұрақтың жауабын бізге дәріс оқыған  профессорлар 60-жылдардың басында дөп басып айта алмай ат-тонын ала қашатын. Сол ғалым ағаларымыздың өзі бәлен жыл сол абақтының «мықтылары» болғанын кейін ғана түсіндік. 

60-жылдардың орта тұсында қазақ елінің зиялы шамшырақтарының сәулесі нұрланып «Халық жауы» деген ақын-жазушылар ақталып, төрден орын алған шығармаларын таласа-тармаса оқи бастадық, есімдерімен таныстық.

Заман өзгерді.

90-жылдардың ішінде ұзақ уақыт есімін толық білмей, кейбіреулерден ғана еміс-еміс естігенімізбен шығар­малары біржола жойыла жаздаған Мағжан Жұмабаевтың туған бауыры Қалижанның қызы Райхан Шонаевамен кездесу бақытына ие болдым. Бұл жөнінде «Егемен Қазақстан» газетінде толық мақалам шыққан. Өзінің туған әкесінен «безініп» арғы аталарының атымен жүрген Райхан апайдың көз жасын, ішкі күйзелісін түсіндім. Райхан апай арқылы Мағжанның екінші бауыры Мұхамеджанның қызы Гүлқаныс апаймен жақынырақ танысқаннан бастап, оның  мұң шалған жүзінен өмірден әбден азап шеккендігі байқалушы еді.

Гүлқаныс апа мұңлы жүзін маған қарата:

– Оқыған, білімді, сұлу келбетті Бекен­нің жеті ұлына қазақи көзқараспен айтар болсам, көз тиді ме, әлде көреал­маушылық қызғаныш болды ма, Кеңес үкіметі бауырларыма қырғидай тиді ғой, –деп еңірегенде көз жасына етегі толатын. – Әкем Мұхамеджан  айдалып, абақтыда талай жыл жазықсыздан жазықсыз отырып келді. Соңында қалған бас көтерері мен болып қалдым. Бар болғаны 12-13 жастамын. Анам болса сырқаты меңдеп төсектен тұра алмады, соңымнан ерген кішкентай Райхан сіңліме бір үзім нан тауып беру оңай болған жоқ. Күн суық, дала кезіп ағаш бұтақтарын жинастырамын, үйге келіп от жағамын. Болар болмасқа үй жылынушы ма еді? Дала бөрісіне таланып қала жаздаған кезім де болды. Есіме алудан қорқамын. Әйтеуір Алланың қолдауымен, талай жыл абақтының бейнетін көрген әкем оралды. Туған жер, өскен өлкені тастап, жан сауғалап келген Тараз тұрақты мекенімізге айналды. Кисек киімге, ішер асқа зар болып өткен балалық шағымның күні құрысын.

Көзіне тұнған жасты қол орамалының шетіне сүрткен ананың мойынынан құшақтаған қызы Шайзада:

– Апашым, өмір бойы Жазекеңді сағынышпен аңсап келесің. Сені қуантайын деп отырмыз.

Елең еткен Гүлқаныс апа, Шайзада­ның қолындағы Мағжанның баспадан шыққан тұңғыш өлеңдер жинағын көргенде:

– Жазекем тірі екенсің ғой, өлмепсің. Мынау тіршілігіңнің айғағы. Әлі әріпі толық кебе қоймаған, бетіне үзік-үзік тамған көз жасына бөленген кітаптың сыртқы мұқабасында тұрған Мағжан суреті мен Гүлқаныс апаның бауырға деген сағынышын, жүрек тұсына қысқан ағалы-қарындастың жүздесуін тілмен жеткізу оңай емес-ті.

 Талай жылғы жүректе қатып қалған мұздың қиыршығы ерігендей, өкініші мол өмір тауқыметін тартқан жанның іштегі шері деп ұқтым.

 Бекеннен тараған туған-туыс, бауырлары Мағжанды «Жазеке» дейді екен. Өмірінің көбі жылау-сықтау, қорлықпен өткен Гүлқаныс анасын Шайзада өмір бойы арқалап өтуге дайын еді. Шайзаданың арқасында, көптің қолы жетпейтін, еліміздің сұлу табиғаты мол жерлерін аралап тамашалады, ем-домның шипасын, рахатын көрді. Анаға деген махаббат сірә, осындай-ақ болар.

Тоғыз құрсақ көтерген Гүлқаныстың, өмірден көрген азабы мен қуанышы қатар жүрді. Балаларының мейірім шуағынан нәр алған апа бақытсыз да емес еді. Өмір бойы сағынышпен Жазекем деп өткен ағасының артындағы асыл мұраларын, Мағжанды іздеуші, бағалаушы қалың қауым халқы барын көрді. Еңдеше, Гүлқаныс апаның бақыт сәулесін енді ешкім сөндіре алмас. Анасы қайтыс бол­ғанда Шайзада бірнеше күн жер бауыр­лап жатып қалды. Көзіміз көрді. Көзі жасты, көңілі қаяу Шайзаданы қалай жұбатарымызды білмедік.

– Шайзада, сен де анасың. Алтындай қыздарың Айя, Лейла бар. Тұрмыстарың ел қызығатындай, басыңды көтер, – деп қатқылдау үнмен сабырға шақырдым.

Бірде  мені үйіне шақырды:

– Ақылдасатын шаруа бар. Роза ханым, апамның көзі тірісінде өзіне де айтқам, мақұлдады, – деп бір әңгіменің шетін шығарды.

Не айтар екен деп тұрмын.

– Солақай саясаттың құрбаны, жазық­сыз атылып кеткен Алаш азаматы Мағжан Бекенұлының ескерткі­шін өзімнің қаражатыммен жасатып, қазақ­тың астанасы Астананың төріне қойғызамын! Москваның қақ ортасында тұрған Пушкин ескерткішін көріп пе едің, дәл соған ұқсатамын, – деді әр сөзін салмақтап

– Пушкин орыс поэзиясының патшасы болса, Мағжан қазақ, тіпті түркі тілдес халықтары поэзиясының патшасы ғой, деп дедім  мен де оның ойын қоштап. 

 Шайзада қуанғанда, қатты налып ренжігенде көзі ұшқын шашып, оттай жайнап кететін.

– Мағжан Жұмабаев халық адамы, ел-жұртынан алар мақтау-марапаты аз болмас. Өмір бойы Жазекесін сағынып өткен анам Гүлқаныс алдындағы өшпес балалық махаббатымның белгісі болсын!

Мағжан ағаның өз кіндігінен ұрпағы болмағанымен жиен-қарындастың азаматтығы мені тағы да сүйсіндірді.

 Әркімнің қолынан келе бермейтін шығыны мол қаржы тілейтін көлемді дүние. Ойың дұрыс, ойланарлық іс деп күмілжіп қалдым.

Мен Астанадамын, ол Алматыда еді. Бір күндері телефон шалды.

– Қоладан жасатып жатырмын, мүсіншісі Едіге Рахмедиев деген жігіт. Жақында аяқталып қалар. Астананың қай көшесі лайық, ойыңда жүрсін, – деді.

Бұрын-соңды ескерткішпен айна­лыспаған басым, Астананың әдемі көшелерін ойша сүзудемін. Ойым әр тарапқа бөлінген мен, Абай көшесі мен Сейфуллин көшелерінің ара­лық тұсындағы «Жастар» сарайын қолай­лы көрдім.  Нағыз демалыс орны. Ойым­­ды Шайзадаға жеткізіп едім, бірден мақұл­дады. Енді тек әкімшілік қолдаса?...

Ұмытпасам 2013-2014 жылдары болуы керек. Астана әкіміне кіріп шық­қан Шайзада «Ескерткіш орнату ережесіне» байланысты М.Жұмабаев көшесінің бо­йында тұратындықтан, әкімнің келісуі бойынша Л.Н.Гумильев атындағы Еуразия университетінің корпусы алдына қойылатын болды. Жас­тар жү­ретін орын өзіме ұнады деді. Жер бе­ріл­ді, ескерткіш бітсе орнату­дың қиын­ды­ғы бола қоймас деген үмітпен жүрмін.

Аяқ астынан Шайзада өмірден озды. Ажал айтып келе ме, жылап-сықтап, туған-туыс балаларымен көз жасымыз­ды көл қылып біз қалдық. Қайран Шайза­да, орны толмас қаза. Басқа түскен ауырт­палықтан өз-өзімізге келе алмай, ұзағырақ жүріп алдық. Артында қалған шаруа шаш етектен.

Дегенмен, өзінің ақылдылығымен іскерлігімен кейбір ер азаматтың қолы­нан келмейтін жеке қожалық компа­ния­сын ашты. Жан жылуын айнала­сын­дағы жаны жараланған жетім-жесірлерге, қал-қадірінше көмектескен Шайзаданың әлсіз әлеуметтен алған батасы аз емес еді. Әл-Фараби атындағы университет қабырғасындағы Мағжан шығарма­сын зерттеп жүрген студенттерге 2-3 жыл бойы шәкіртақы төлеп тұрды. Мағжанның сөзіне жазылған «Япурай» әнін той-думанда айтып, эфирден көрінбей жүрген Әділбайды (атын дұрыс жазбасам, кешірім өтінемін –авт.) сүйрей  жүріп радиоға әнін жаздыртты. Ән үзілмей, үздік әннің бірі деп саналды. Өзінің қаражатымен Мағжан Жұмабаевтың өмірі жайында кино түсірткізді. Өмірді сүйе білген, өнерге құштар Шайзада Нұрбекқызының көпке тигізген шапағаты мол болатын.

Тірі адам тіршілігін жасайды демекші, бір жылдан кейін Лейлаға (қызы) телефон шалып, Мағжан ескерткіші жайында сөз қозғадым.

– Роза апа, оның соңынан жүгіретін уақыт жоқ. Жер мәселесі қалай шеші­лер екен, соны сіз қолға алсаңыз, деді.  Содан Шайзадамның аманатын орын­дауға шындап кірістім. Астанадағы Айя қызының танысы Салтанат Мағжан­ға қатысты бір бума құжаттарды қолы­ма тапсырды. Құжаттарды ретке келті­ріп, алдымен Астананың жер бөлу басқармасына барғанымда, ондағылар тендерден өтпегендігіндіктен, құжатты қабылдамайтындарын айтты.  Екі аяқтың күшімен талай есік ашылып, жабылды. Бір-біріне сілтеген бюрократтарға не істерсің? Сол екі ортада екі жылдан астам уақыт артта қалды. Жүйке де тоза бастады. Қалалық, аудандық әкімдер мен сәулет саласы басшыларының бас қосу отырысында комиссия құрылды. Мағжан ескерткішінің жобасы экран арқылы комиссия мүшелеріне  көрсетілді. Бір ауыз­дан жоба қабылданды. Жер берілді.

Ісіміз біткендей қуанудамыз. Бұл тек басы екен.

Спорт және Мәдениет министрінің қау­лы­сы, қалалық Сәулет-құрылыс бас­қар­­­ма­сының қаулысы бар, әйтеуір талай қаулы­ның тіркемесі бар пап­каның бетін жап­қандай едім. М.Жұма­баев көшесі бо­йын­дағы Еуразия универси­тетінің сту­дент­тер корпусының алдынан орын берілді.

Алматыдан жеткізілген Мағжанның қоладан құйылып жасалған дайын мүсінін Астанаға қондыруға қаражат мәселесі шешілмей әуре-сарсаңға түс­кенін несіне жасырайын. Ешкімнің атына күйе жаққым келмейді. Алаш арысы М.Жұмабаевтың 125 жылдығына орай Астанамыздың төрінен орын аларына сенімді едім. Халқының бостандығы, елім-тілім деп жер жастанған Мағжан Жұма­баевтың, аманаты аяқсыз қалған Шай­зада­ның рухынан ұяламын. Мағ­жан­дай марғасқамыз Астана төрінде асқақ­тап тұруға лайық тұлға еді-ау. Амал қанша?!

Солтүстік Қазақстан облысының басшысы Құмар Ақсақалов мырзаның поэзия патшасы Мағжан Жұмабаев ескерт­кішін арнайы көлікпен Астана­дан Петропавл қаласына алғызып, тұғырына қондыртуы, нағыз қазақтың намысшыл азаматының ерлігі деп түсінуге болады.

Роза Жүніс,

журналист

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

24.09.2018

FIFA-2018 марапаттау рәсімінде Роналду болмайды

24.09.2018

Ұлы Дала Еліне саяхат — «Жаңа Жібек жолы» бағыты бойынша экспедиция Таразға келді

24.09.2018

«Егемен академиясының» жаңа маусымына тіркелу басталды

24.09.2018

Мақтаарал құрылыс саласымен де танымал болмақ

24.09.2018

Атырауда «Тау тұлғалы Таумыш» республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті

24.09.2018

Ақмола облысында мемлекеттік қызмет мектебін ашылды

24.09.2018

Алматыда III Baikonyr Short Film Festivalдің жабылу салтанаты өтті

24.09.2018

Ақтөбелік полицейлер Агенттіктің «Пара алма!» үндеуіне құлақ асуда

24.09.2018

Қыздар Университетінің студенттері республикалық турнирдің жеңімпазы атанды

24.09.2018

Талдықорған қаласы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

24.09.2018

25 қыркүйекте Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді

24.09.2018

Ақтауға үлкен футбол оралды

24.09.2018

Үш дзюдошымыз да алғашқы айналымда ұтылды

24.09.2018

Оралда бокстан халықаралық турнирдің жеңімпаздары анықталды

24.09.2018

Қазақстанда ұшақ билеттері арзандауы мүмкін

24.09.2018

Қазақстанда 14 миллион тоннаға жуық астық жиналды

24.09.2018

«Түн құдайы» фильмі Парижде өткен ретроспектива барысында көрсетілді

24.09.2018

Универсиада алауы Алматы арқылы өтті

24.09.2018

Бүгін Бакуде үш дзюдошымыз белдесуде

24.09.2018

Бизнес салымдар үшін қай қаржы ұйымы тиімді?

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Асан Мирас,

Ulaǵat pen muraǵat

Qaıǵyly ólimi qalyń jurttyń qabyrǵasyn qaıystyryp, qyrshyn ǵumyry qıylǵan óner, mádenıet, sport sańlaqtary qaı ultta bolsyn az emes. Ondaı has talanttardy halyq eshqashan umytpaıdy. Talanttardyń fánıdegi taǵdyry kelte bolǵanymen, halyqtyń júregi men jadyndaǵy ǵumyryn myńjyldyqtarmen ólsheýge bolady. Aıtalyq, áıgili grek ańyzyndaǵy aıbyndy batyrlar Ahılles pen Gektordyń esimderi dáýirlerden dáýirlerge kóshe júrip, ult sanasynda jarqyrap ǵumyr keshýde. Ańyzdyń epıloginde aıtylǵandaı, keıingi urpaq tıtandardy máńgi eske tutatyn bolady. Tipti, grektiń búkil tarıhy áli kúnge deıin ataqty Gektor men Ahıll shaıqasyna baılanysty óriledi. Biz muny nege aıtyp otyrmyz? Qaı ult bolmasyn, esimi elge eleýli tulǵalaryn este qaldyrýdyń esti joldaryn ustanady. Qazaq tarıhyn aqtarsaq ta, ádebıet betterin paraqtasaq ta túrli klassıkalyq joqtaý úlgilerine jolyǵatynymyz sózsiz. Joǵarydaǵy dańqty grek batyry Ahıllestiń de atyn aqıqatqa bergisiz asqaqtatqan áıgili Gomer abyz. 

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Qasiet pen qasiret

«Dánikkennen qunyqqan jaman» degen sózge mán bersek, munda úlken fılosofııalyq maǵyna bar. Táýba, bireý bireýden nan surap jeıtin zaman emes qazir. Toqshylyq zaman. О́zimizdi qoı ústine boztorǵaı jumyrtqalaǵan barshylyqta, etek-jeńniń keń kezinde dúnıege kelgen, zárýlik kúıin sezinbeı ósken urpaqqa balaımyz. Dastarqannan nan, maı, qant, sút, qaımaq eshqashan úzilgen emes. Sonymyzben baı sanalmasaq ta, bardyń sanatynan bolatynbyz... Qudaı saqtaı gór, taǵamǵa talǵam-talabymyzdyń sharyqtap ósip ketkeni sonshalyq keıde dastarqannan búginde nan qoıylatyn bos oryn tappaı qınalatynymyz ras. Sóıte tura, toqshylyq zamanda ómir súrip jatqanymyzdy sezinbeıtinimiz jaman. Moıyndaǵymyz kelmeıtini qorqynyshty. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Minez adamnyń taǵdyry ma?

Qazir Elbasynyń «Bolashaqqa baǵdar: rýhanı jańǵyrý» baǵdarlamasy týraly jıi áńgime qozǵalýda. Jańa turpatty jańǵyrýdyń eń basty sharty – ulttyq kodyńdy saqtaı bilý, ıaǵnı zaman jańalyqtaryn qabyldaı, oǵan ún qosa otyryp, basqa ulttardan árdaıym erekshelendirip turatyn ózińniń ulttyq bolmysyńdy, qazaqy qalybyńdy damyta bilý ekendigi aıtylýda.

Жұмабай ШАШТАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Esti men eski

Elektrondy aqparat quraldaryn qosa qalsań-aq jarq etip shyǵa keletin ánshilerdiń bitim-bolmystarynan syr aýlaı uzaq qadalatynyń bar. Qyz-jigitterdiń arasynda burynnan biletiniń ıa qatarǵa jańa-jańa ilingenderiniń oryndaǵan ánderine qulaı elikpeseń de – beker obaldary káne, beıjaı tyńdap otyrǵyzbaıtyn izdenisteriniń qýaty barshylyq. Bul salanyń jetik bilgiri sanalmasań da, tańdaǵan repertýaryna ózińshe kóńil aýdaryp, naqyshyn ishki tarazyńmen ólshep, órnek ıirimin oısha saraptaısyń ǵoı, baıaǵy. 

Ермухамед Мәулен, «Егемен Қазақстан»

Boljam aıtyp baıyǵandar

Sport bızneske aınalǵaly qashan. Árıne bul sózben qazir eshkim daýlasa almaıdy. Álemdegi eń baı adamdar sportshylar ekeni anyq. Alaıda osy sport bıznesi salasynda alaıaqtyq ta joq emes. Ásirese bás tigip aqsha tabatyndar men qandaı báske qoıý kerektigin usynatyndardan aıaq alyp júre almaısyz. Keńes beretin keń­seler men aqyl aıtyp otyratyn saıttar qap­tady. Aldaǵy ýaqytta alaıaqtardyń arbaýyna túspes úshin bul júıeniń qalaı áreket etetinin aıtyp óteıin. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу