Хоккей • 09 Тамыз, 2018

«Қазақстан құрамасы» өз алаңында «Нефтехимиктен» 1:4 есебімен жеңілді

280 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазақстан құрамасы» өз алаңында Нижнекамскінің «Нефтехимик»  командасынан 1:4 есебімен жеңілді. 

 

«Қазақстан құрамасы»  өз алаңында «Нефтехимиктен»  1:4 есебімен жеңілді

Бүгін Хоккейден ҚР Президент кубогі басталды.  Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жүлдесі үшін ұйымдастырылатын айтулы дода 2010 жылдан бері  үздіксіз ұйымдастырылып келеді. Еске сала кетейік, Нижнекамскінің «Нефтехимигі» былтыр Президент Кубогын жеңіп алған болатын. Биылғы жылғы турнир де тартысты болғалы тұр. Бүгінгі алғашқы матч қорытындысы бойынша «Қазақстан құрамасы» Нижнекамскінің "Нефтехимик" командасынан 1:4 есебімен жеңілді.  

Келесі болып мұз айдынында алаң иелері мен Хабаровскінің «Амур» командасы өзара сынға түседі.  19:30-да тікелей эфирде Qazsport, ҚХЛ-ТВ және ҚХЛ-ТВ HD телеарналарында көрсетіледі.