«Сарайшық – Арыстанбаб – Қожа Ахмет Ясауи – Әйтеке би кесенесі» халықаралық экспедициясы жолға шықты

Елбасымыз Н. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында «Нұр Отан» партиясы Атырау облыстық филиалының ұйымдастыруымен «Сарайшық – Арыстанбаб – Қожа Ахмет Ясауи – Әйтеке би кесенесі» халықаралық экспедициясы жолға шықты. 

Егемен Қазақстан
10.08.2018 3204
2

Экспедицияның басты мақсаты – Ұлы Жібек жолы бойындағы қалалар тарихын зерттеу әрі зерделеу, Өзбекстан Республикасы, Науаи облысы, Нұр-Ата ауылында дамыл тапқан Кіші жүздің биі Әйтеке би Байбекұлы жерленген қасиетті қорымға тағзым ету. Бұл еліміздің батыс аймағынан шыққан алғашқы халықаралық экспедиция.

Экспедиция өз жұмысын Алтын Орда, Ноғайлы, Қазақ хандығы дәуірінде жеті хан жерленген көне Сарайшық қала­шығынан бастады. Сарайшық қалашығы Қасым ханның тұ­сында (1511-1518 жж.) Қазақ хан­дығының астанасы болды. Халықаралық экспедиция­ мү­шелері музей директоры Молдаш Бердімұратовпен жүз­десіп, Ұлы Жібек жолы бойында бой түзеген сәулетті шаһарлардың тарихымен танысты. Атақты Әйтеке би Байбекұлының өмір жолы туралы кеңінен ақпарат алды. Молдаш Бердімұратовтың айтуынша, моңғолдар оған Сарай деп ат берген де, соның жанынан салдырған кішкене қаланы «Сарай-Жук» деп атайды. «Жук» – моңғол тілінде «жуық» деген сөз. Яғни моңғолша «Сарайға жуық», «мынау – үлкені, ал бұл соған жуық» деген мағынаны білдіреді екен. Сөйтіп Сарайшық атанып кеткен. Еліміздегі ең алғашқы мешіт Сарайшықта салыныпты. 2015 жылы қалашық орнын Жайықтың тасқын суынан сақтап қалу үшін қаражат бөлініп, биыл Астананың 20 жылдығы қарсаңында жаға­лау­ды бекіту жұмыстары толық аяқталып, қолданысқа берілді. Жібек жолы бойында орналасқан бұл көне шаһар енді туристік орта­лыққа айналып, халықтың өт­кен ғасырларға сапар шегетін, ашық аспан астындағы музейі жасақталатын болады.

Экспедиция мүшелері Түр­кістан облысы, Шәуілдір ел­ді мекенінде орналасқан Арыс­танбаб кесенесіне ат басын тіреді. «Нұр Отан» партиясы Түр­кістан облыстық филиалы төрағасының орынбасары Қа­лима Жантөреқызы қарсы алып, экспедиция жұмысына сәт­тілік тіледі. Экспедиция барысында астрономиялық ай тұ­тылу құбылысының куәгері бол­дық. Арыстанбаб кесенесінің маңында қазақ руханияты мен мәдениетіне сүбелі үлес қосқан Өзбекәлі Жәнібеков те жерленген. Арыстанбаб кесенесінің шырақшысы Нұржан Зияұлы толық мағлұматтар келтірді. Арыстанбабтың қасиеті қандай? Бабтардың бабы туралы қандай аңыздар бар еді? Осы сұрақтарға төмендегі деректермен жауап берейік.

Арыстанбаб есімі Отырар, Сайрам, Йасы өңіріндегі сопы­лардың рухани ұстазы ретінде ислам дінінен басқа отыз үш дінді білгені және әулие кісі болғаны жайлы халық арасында аңыз бар. Арыстанбаб кесенесінің ең көне бөлігі – қабірхана шамамен XII ғасырда салынған. XIV ғасырда мазар қайта қалпына келтірілген. Кесененің салынуы жайында мынадай аңыз тараған. Мауренаһр билеушісі Әмір Темір Қожа Ахмет Ясауидің құрметіне кесене тұрғызуға жарлық етеді. Кесененің қабырғалары қа­ланып болған түні алып өгіз келіп, дуалдарды мүйізімен со­ғып, құлатып кетеді. Кесене қа­бырғалары қайта тұрғызылып, күм­бездері қаланғанда әлгі оқиға тағы қайталанады. Осын­дай оқиғалардан кейін Әмір Темірдің түсіне ақ киімді қа­рия кіріп: «Алдымен Қожа Ах­мет­­тің ал­ғашқы ұстазы Арыс­танбабтың қабірінің үстіне мазар сал», – дейді де ғайып болады. Ертеңінде Әмір Темір Арыстанбаб әулиенің қабірінің басына кесене тұрғызуға жарлық береді. Ол салынып біткенде ғана Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің құрылысы ойдағыдай аяқталады. Қазіргі кезде Арыстанбаб мазарының үстінде алаңы 35х12 метр кесене тұр. Ол күйдірілген кірпіштен қаланған. Ғимарат үлкен күмбезді дәлізбен біріктірілген екі камералы қабірден (гурхандар) және бата оқитын мешіттен тұрады. Сонымен қатар «Отырар» ашық аспан асты музейін тамаша­лап, X-XІІ ғасырларға жататын су құбырлары, сәулетті құры­лыс­тармен таныстық.

Халықаралық экспедиция өз жұмысын екі дүние есігі, ер түріктің бесігі саналатын Түр­кістан төрінде жалғастырып, Қожа Ахмет Ясауи бабамыздың кесенесіне зиярат етті. Кесенеге қадам басқан сәтте ортасында орын тапқан тайқазан көп­шіліктің көзіне түседі. Тай­қазанды 1399 жылы Йасы қа­ла­сынан 25 шақырым жерде орналасқан Қарнақ елді ме­кенінде ұста Әбділәзиз ибн Ша­раф-ад-дин Табризи құйған. Тай­қазанның салмағы – 2 тонна, сыйымдылығы – 3 мың литр, құрамында 7 түрлі металл бар. Сыртқы бөлігі өрнектелуі жа­ғынан бес бөліктен тұрады. Ал­­ғашқы бөліктерінде Құран Кәрім аяты, пайғамбар хадистері жазылған. Тайқазанды 1935 жылы атақты Санкт-Петербург қаласында орналасқан Эрмитажға Иран шеберлерінің III конгресіне алып кетеді. Жарты ғасырдай уақыт сонда тұрып, 1989 жылы қыркүйектің 18-жұлдызында кері қайтарылады. Бұл еңбекте мемлекет және қоғам қайраткері Өзбекәлі Жәнібековтің еңбегі ұшан-теңіз. Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде Үш жүздің басын біріктірген – Абылай хан, Орта жүздің биі – Қазыбек би Келдібекұлы дамыл тапқан. Экспедиция құрамы тарихи тұлғалардың рухына дұға ба­ғыштады. Қожа Ахмет Ясауи пайғамбар жасы 63-ке жеткен соң, қылуетті қаздырып, жер астында өткізді. Жер астында тағы 62 жыл ғұмыр кешті деген деректер бар. Демек, Қожа Ахмет Ясауи 125 жыл өмір сүрген. Қожа Ахмет Ясауидің түркі әлемінде айрықша орын алатын «Диуани хикмет» («Ақыл кітабы») атты еңбегі әрбір адамды имандылыққа, ізгілікке, жоғары адамгершілік қасиеттерге жетелейтін еңбек болып саналады. «Диуани хикметте» әрбір адамға қажетті қанағат-ынсап сезіміне ерекше мән беріліп, нәпсіні тыя білу мұсылмандықтың басты шарттарының бірі екенін оқырманға қайта-қайта ескертіп отырады. «Ақыл кітабы» адамның ішкі жан дүниесінің түрлі теріс ой-пиғылдардан, жаман ниеттерден таза болуын талдап, Алла алдында пәк, кіршіксіз болуға шақырады.

Экспедиция құрамы сапарын одан әрі жалғастырып, Өзбекстан Республикасы, Науаи облысы, Нұр-Ата ауылында мәңгілік дамыл тапқан Әйтеке би Байбекұлының, бабасы Сейітқұл әулиенің басына зиярат етіп, Құран бағыштады. Қазақстанда 2018 жыл «Өзбекстан жылы» деп аталғанын баршамыз білеміз. Кесене шырақшысы Сабыр ағамыз Әйтеке бидің басына зиярат етушілердің саны көп екендігін, әсіресе шетелдерден көптеген туристердің келетіндігін атап өтті. Әйтеке би кесенесінде «Нұр Отан» партиясы Атырау облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұрлыбек Ожаев кесене шырақшысына Атырау тарихынан сыр шертетін 5 томдық еңбекті, «Сарайшық» туралы жинақты табыстады. Экспедиция мүшелеріне кесене шырақшысы 2019 жылы мамыр айының 18-жұлдызында Әйтеке бабамыздың 375 жылдық мерей тойы атап өтілетінін хабарлап, түгелдей қатысуға шақырды.

Келесі сапарымыз Тұран өр­кениетінің ұлы перзенті, Азия­­ның ақырғы жолбарысы атан­ған Жалаңтөс баһадүр Сейіт­құл­ұлының зиратына тағзым етумен жалғасты. Жазылған әде­биеттерде бұл тұлғаның туған жері – Сырдарияның сағасы, төрт­қара елі, тегі – алшын-әлім-қарамашақ-ораз-тоқпан-Сейітқұл -Жалаңтөс (Х. Досмұхамедовтың шежіресі бойынша), атасы – Ораз Әмір Темірдің бас кеңесшісі, әкесі Сейітқұл – бай қажы, 40 мың үй алшындардың басын біріктірген ел басы екендігі ай­тылады. Жалаң­төс туралы азды-көпті деректер­ Халел Дос­мұхамедов, А. Вамбери, (1876) А.И.Левшин, В.В. Бартольд, Ә.Кекілбаев («Үркер» романында) т. б тұлғалардың еңбек­терінде кездеседі. Баһадүр туралы жазылған очерктердің бірін­де Жалаңтөстің есімін анасы Ақ­тұмар көкжал қасқырдың төс етіне жерік болуымен байланыстырады. Енді бір авторлар «жалаң жауға шапқанда, үстіндегі сауытын шешіп тастап, шүйде-шүйде түгі желбіреп, қалың қол ішінде қойып кеткенде, жаудың үрейі ұшқаннан орталары опырайып қала беретін» деседі. Жалаңтөс баһадүр 1626 жылы Самарқанд аймағының би­леушісі атанып, елді сыртқы жаулардан қорғап, 42 рет жекпе-жекке шығып, бәрін тұтас жеңген. Лақап аты – Байқажыұлы Абдул-Керім болған.

Жалаңтөс баһадүрдің зиратында 14 елдің патшалары (Иран, Ауғанстан т.б. ), ұрпақтары жерленген. Зираттың маңында 550 жылдық тарихы бар қасиетті шынар ағашы бар.

Жалаңтөс баһадүрден соң, 27 мемлекетті бағындырған, «әлемдік жаулаушы» атанған Әмір Темірдің Самарқанда орналасқан «Гур Эмир» деп аталатын кесенесіне ат басын тіредік. Сәулеті мен салтанаты жарасқан кесененің ішкі және сыртқы формасы экспедиция құра­мының таңдайын қақтырды. Әмір Темір шежірелерде әртүрлі берілген: Тамерлан, Темірлан, Ақсақ Темір деген есімдер кез­деседі. Тарихта жарты әлемді жау­лаған қолбасшылар саусақпен санарлық қана. Солардың бірі – бүкіл түркі жұртына ортақ, өмірінің біраз бөлігін қазақ даласында өткізген Әмір Темір. Бас аяғы жасаған (1336-1405 жж. ) 69 жас ғұмырында сан ғасырларға жүк болып, сан ғасырларға аңыз, тарих, шежіре болып артылатындай жорықтар мен елеулі еңбектер жасап кетті. Өзінің діттеген мақсатына жету үшін барлық айла-амалдан тартынбады. 1370 жылы Мауренаһрдың билеушісі атанған ол ендігі азуын Алтын Орда мен Ақ Ордаға салды. Осы ниетпен қос мемлекетке бірнеше басқыншылық жорықтар жасады. XIV ғасырдың 90 жылдары Әмір Темір өзінің шекарасын Каспий жағалауы, Ауғанстан, Ирак, Кавказ, үнді жерлерін жаулап алу арқылы кеңейте түседі. Тіпті ол өз империясын құрады. Қазақстан тарихында Шыңғыс хан секілді Темір империясы деген атаулар жиі кездесіп жатады. Көзін ашқалы талас пен тартыстың, жорықтың, шайқастың ортасында өскен Темірдің соңғы демі де жорық жолында бітеді. Ол Қытайға жасауды көздеген кезекті жорығы үстінде 1405 жы­лы Отырар қаласында қайтыс болады.

Экспедиция соңында әйгілі Төле би Әлібекұлы жерленген, Ташкент қаласына барып, рухына дұға бағышталды. Төле бидің кесенесінің жанында­ ме­шіті салынған. Мешіттің ар­хи­­тектурасын жасақтаған аза­мат­тардың бірі – Жандарбек Мәлібеков. Бабамыздың құлпы­тасында:«Тәңірім қазаққа елдікті де, ерлікті де, даналықты да берген»,  деп жазылған. Бұл экспеди­ция мүшелерінің отансүйгіштік сезімін оятты. Төле бидің тәмсілі терең толғамдары айтылып, қа­зіргі қоғаммен байланыстырылды.

Экспедиция өз мақсатын тұтастай орындап, кемеліне жетті деп есептеуге болады. Ұлы Жібек жолы бойындағы шаһарлардың біз білмейтін сырлы құпиялары, бабаларымыз туралы ел аузынан тараған аңыз-әңгімелері бүгінгі жас ұрпақтың жүрегіне ұя салып, тәрбиелі тұлға болып өсіп-жетілуіне үлкен септігін тигізері хақ.

Әділбек ӨМІРЗАҚОВ,

«Сарайшық-Арыстанбаб-

Қожа Ахмет Ясауи-Әйтеке би кесенесі»

экспедициясының мүшесі,

жазушы-журналист

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

22.02.2019

Қарағанды облысында көпбалалы отбасыларды қолдаудың 10 қадамы жасалды

22.02.2019

Қостанайда әкім есебі жаңа ғимаратта өтті

22.02.2019

Қарағанды облысының тумасы Қазбек Нұржановтың құрметіне арналған 41-ші жеңіл атлетика жарысы өтті

22.02.2019

Қарағанды облысында 479 жоба іске асады

22.02.2019

Ұлттық валютадағы мәтін тек қазақ тілінде болады

22.02.2019

Sanofi - күдіктен ада компания

22.02.2019

Сенатор С.Айтпаева Германиядан келген делегациямен кездесті

22.02.2019

Қарағанды облысында көпбалалы отбасыларға тұрғын үй сертификаттары беріледі

22.02.2019

Ақтөбе облысында су тасқынына дайындық шаралары қабылданып жатыр

22.02.2019

Құралай Ахмет: Шет елде оқуға ынтасы бар кез келген адам «болашақтық» бола алады

22.02.2019

Жастар кәсіпкерлігіне арналған «Jas Business» семинары өтті

22.02.2019

Халықтың әл-ауқатын жақсарту – басты мақсат

22.02.2019

Жоғарғы сот жемқор судьяларды анықтауды күшейтеді

22.02.2019

Шаңғымен тұғырдан секіруден Қазақстан командасы әлем чемпионатында бақ сынайды

22.02.2019

Ерлан Қошанов көпбалалы отбасылар тұрғын үймен қалай қамтамасыз етілетінін айтты

22.02.2019

Мамандар: Денсаулық туралы жаңа Кодексті қабылдау бизнес үшін кедергілер туғызуы мүмкін

22.02.2019

Семейде «Нәджип Әмір» атындағы аудитория ашылды

22.02.2019

«Әбу-Даби Плаза» елордада жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді

22.02.2019

Милад Карими мен Аким Мусаев Мельбурндегі Әлем кубогінің финалына өтті

22.02.2019

Юлия Галышева бастаған Қазақстан командасы Жапониядағы әлем кубогіне қатысады

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Jol erejesinen buryn, saqtyq kerek

Jasyratyny joq, ózimizdiń bir áriptesimiz, Qaraǵandy tas jolynan Astanaǵa kirer tusta keshqurym, ıaǵnı alageýim shaqta kóligimen bir adamdy basyp ketti. Ol jaıaý júrginshi jolaǵymen júgire basqan jandy kórmeı qalǵan. Qansha jerden kinásin moıyndasa da, ol – jaýapker. Sebebi jaıaý júrginshige arnalǵan jolaqta ereje buzdy. Toqtamady. Al toqtar edi, biraq adamdy kórgen joq. Mine, endi mundaı jaǵdaıda kimge kiná artasyz? Jaıaý júrginshi de opat boldy, júrgizýshi de qamalady.

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Tyıym men tıyn

Toı-toımalaqta tún jamylyp óner kórsetetin kámelettik jasqa tolmaǵan, ómirleri aq paraqtaı taza, kóńilderi aq bulaqtaı móldir kishkentaılarymyzdy jasyna laıyqsyz kıindirip, boıandyryp kópshiliktiń aldynda shyǵarý, án saldyrý – qý aqshaǵa qunyqtyryp qoıǵan ata-analarynyń kinásinen. 

Бақытгүл САЛЫХОВА, педагогика ғылымдарының кандидаты

Qorqynyshty mıkroplastık

О́tken aptada Eýropalyq odaq úkimeti óndirýshilerge mıkroplastıktiń barlyq túrin óz ónimderinde qoldanýǵa tyıym salǵanyn estigen bolarsyzdar. Mıkroplastıktiń ne ekenin bilesiz be? Osyǵan deıin kóp mán bermeppiz. Sóıtse mıkroplastık − sıntetıkalyq polımerlerdiń kishkentaı bólikteri, bul kóptegen zattyń quramyna kiredi: kúndelikti kıetin kıimimizde de, kir jýatyn untaqta da, saǵyzda da bar eken.

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

«Jeti jarǵy» jıen jaıly ne deıdi?

Qarǵa tamyrly qazaqta jıenmin dese qolq etpes jan joq shyǵar, sirá. Tipti, naǵashyǵa aıtar oıyn «tuzdyqtap» jiberse de, basynan sóz asyrmas nebir adýyn minezdiniń ózi jıen ǵoı, aıta beredi» dep kúlip, bas shaıqaǵannan artyqqa barmaıdy.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Rýh jaıly áńgime

Marqum alashshyl tulǵa Aqseleý Seıdimbektiń «Rýhy azat halyq qana uly ister atqara alady» deıtin myzǵymas ustanymy boldy. Osy uǵymdy Ahań ári qaraı tápsirlep: «Rýhsyz halyqty altynǵa bólep qoısań da báribir, rýhy myqty qaýymnyń aldynda eńkish tartyp turady. Rýh degenimiz ol kózge kórinbeıdi, halyqtyń gendik bıosferasynda bolatyn úreıdi jeńý qýaty. Úreı qan arqyly urpaqtan urpaq jalǵasyp kete beretin asa qaterli qubylys. Qandaı bir qaýymnyń rýhanı erkindigi (táýelsizdigi) halyqtyń boıyndaǵy úreıdiń az-kóptigimen ólshendi» deıtin edi jaryqtyq.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу