Қазақстан • 10 Тамыз, 2018

Арнайы жұмыс тобының қорытынды 52-ші отырысы өтті

262 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтау қаласында Каспий жағалауы мемлекеттері Сыртқы істер министрлерінің орынбасарлары деңгейіндегі Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияны әзірлеу бойынша Арнайы жұмыс тобының қорытынды 52-ші отырысы өтті, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.

Арнайы жұмыс тобының қорытынды 52-ші отырысы өтті

Келіссөздерге Әзербайжан Республикасы (жетекшісі – Х.А.Халафов), Иран Ислам Республикасы (жетекшісі – Р. Назар Ахари), Қазақстан Республикасы (жетекшісі – З.A.Аманжолова), Ресей Федерациясы (жетекшісі – И.Б.Братчиков) және Түрікменстанның (жетекшісі – М.Г.Атаджанов) делегациялары қатысты.

АЖТ отырысында тараптар Бесінші Каспий саммитінің құжаттарын әзірлеу бойынша жұмыстың қорытындысын шығарды, сондай-ақ Каспий жағалауы мемлекеттерінің сыртқы істер министрлері кеңесінің күн тәртібін талқылады және келістірді.

Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияны әзірлеу бойынша келіссөздердің аяқталуына орай, тараптар бірлескен ұзақ мерзімді жұмыс нәтижелерін зор қанағатпен атап өтті.

Делегациялар орын алған келіссөздердің нәтижелеріне оң баға беріп, қорытынды кездесуді жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін Қазақстан Республикасына өз ризашылығын білдірді.