Елбасы Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде кеңес өткізді

Қазақстан Президенті Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Егемен Қазақстан
11.08.2018 1840
2

Жиынды ашқан Мемлекет басшысы Каспий маңы аймағының тарихи, мәдени, рухани-идеологиялық, геосаяси маңызын ерекше атап өтті.

Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің мұнай өндіру индустриясын, инфрақұрылым және көлік-логистика әлеуетін дамыту ісінде Маңғыстау облысының ұлттық экономикаға елеулі үлес қосып отырғанын айтты.

– Бұл облыс «Нұрлы жол» бағдарламасының арқасында ірі көлік-логистика орталығына айналып отыр. Мұнда әуе, автомобиль жолдары, темір жол, паром және теңіз көліктері желісі тоғысқан. Атап айтқанда, халықаралық әуежай, «Жезқазған–Бейнеу» және «Өзен–Түрікменстанның мемлекеттік шекарасы» темір жолдары, «Атырау–Ақтау» автомобиль жолы салынып, заманауи Ақтау теңіз порты және Құрық паром кешені іске қосылды. Бұл жобалар өңір экономикасының дамуына тың серпін беретін болады, – деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы Бесінші Каспий саммитіне дайындық жүргізу және оны өткізу мәселелеріне айрықша тоқталды.

– Ертең мұнда Каспий маңындағы бес мемлекеттің басшылары жиналып, тарихи құжатқа – Каспийдің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияға қол қояды. Аталған құжат 20 жылдан астам уақыт бойы дайындалды, – деді Елбасы.

Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму барысы жөніндегі есебінде биылғы 6 айдың қорытындысы бойынша облыс экономикасының өсу қарқыны тұрақты екенін айтты.

– Жалпы өңірлік өнім көлемі 2017 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 99,2 пайыздан 104,4 пайызға өсті. Өнеркәсіптің негізгі индексі 101,2 пайызды құрап отыр. Негізгі капиталға салынған инвестиция үлесі 6 пайызға артып, 256 миллиард теңгеге жетті, – деді облыс әкімі.

Ералы Тоғжанов Индустрияландыру картасы жүзеге асырыла бастағалы облыста 42 жоба іске қосылып, 392 миллиард теңге көлемінде тікелей инвестиция тартылғанын, сондай-ақ бүгінде жалпы құны 418 миллиард теңге болатын 89 жоба орындалып жатқанын мәлімдеді.

– «Нұрлы жол» және «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламаларының жүзеге асырылуы өңір экономикасының дамуына серпін берді. Соның аясында республикалық және жергілікті маңызы бар 600 шақырым жол салынды және қайта жөнделді. Сондай-ақ, 1,8 миллион шаршы метр тұрғын үй салынды, – деді өңір басшысы.

Облыс әкімінің есебінен соң, Елбасы өңірдегі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің тұрақты екенін атап өтіп, одан әрі пысықтауды қажет ететін бірқатар мәселеге тоқталды.

– Экономиканың тұрақты дамуына қол жеткізу керек. Ол үшін экономиканы диверсификациялап, қызмет көрсету мен өңдеу секторын дамытуды қамтамасыз ету қажет. Мысалы, мұнда жалпы көлемі 2 мың гектар болатын «Морпорт Ақтау» арнайы экономикалық аймағы жұмыс істейді. Мемлекет оның инфрақұрылымын дамытуға қажетті қаражат бөлді. Енді оның жұмысын жандандырып, жаңа жұмыс орындарын ашу керек, – Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев Маңғыстау облысының туристік әлеуетінің зор екенін айтып, облыстың географиялық және мәдени артықшылықтарын, соның ішінде өңірдің теңіз жағасында орналасқанын, сондай-ақ мұнда жалпыұлттық және халықаралық мәні зор көптеген тарихи ескерткіштердің бар екенін атап өтті.

Жиын соңында Мемлекет басшысы әкімдікке Үкіметпен бірлесіп, өңірдің көлік-логистикалық әлеуетін одан әрі пайдалану, шағын және орта бизнесті дамыту, жаңа жұмыс орындары ашу, сондай-ақ өндіріске жаңғыртылатын энергия көздерін енгізу жөнінде тапсырма берді.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы биыл пайдалануға берілген Ақтау қаласындағы Достық үйінің қызметімен танысты.

Достық үйінде «Қоғамдық келісім» мемлекеттік мекемесі, өңірдегі 20 этномәдени бірлестік, облыстық аналар кеңесі, Маңғыстау облысының Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы ғылыми-сараптамалық топ, облыстық ардагерлер кеңесі орналасатын болады.

Қазақстан Президентіне облыстың инвестициялық жобалары таныстырылды. Атап айтқанда, жіп иіретін және мата өндіретін зауыт, Жаңаөзен қаласындағы газтурбина электр станциясы, Құрық селосындағы ауыз су зауыты, «МАЭК КАЗАТОМПРОМ» ЖШС аумағындағы бу-газ қондырғысы, Түпқараған ауданындағы жел электр станциясы, Ақтау экоқаласы және басқа да нысандар.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

17.10.2018

Халықтың әл-ауқатын арттыру басты назарда

17.10.2018

Сенатор Б.Шелпеков Маңғыстау облысына іссапармен келді

17.10.2018

Финляндияның бірқатар компанияларымен контейнерлік тасымалды дамыту жөніндегі келісімге қол қойылды

17.10.2018

Агенттіктің аумақтық департаментінде өзгеше форматта кездесу өтті

17.10.2018

Йеменде 18 миллион адам азық-түлікке зәру

17.10.2018

Әміре Қашаубаев фестивалінің бас жүлде иегері 1 миллион теңге алады

17.10.2018

Нұрсұлтан Назарбаев Карл Маннергейм бейіті мен «Батырлар кресі» ескерткішіне гүл шоғын қою рәсіміне қатысты

17.10.2018

Елбасы Финляндияға ресми сапарының қорытындысы бойынша БАҚ өкілдеріне брифинг өткізді

17.10.2018

Нұрсұлтан Назарбаев Финляндия Республикасының Президенті Саули Ниинистёмен кездесті

17.10.2018

Дзюдодан ел чемпионаты Астанада өтеді

17.10.2018

Елеусінов Монте-Карлода жұдырықтасады

17.10.2018

Сенаторлар Түркістан облысының тұрғындарымен кездесті

17.10.2018

«Батыс» өңірлік қолбасшылығында армиялық қоян-қолтық ұрыстың үздік жауынгерлері анықталды

17.10.2018

«Егеменнің» тілшісі Хамит Есаман жүлдегер атанды

17.10.2018

Алматы облысында екі ауданға жаңа әкім тағайындалды

17.10.2018

Альварес Головкинмен қайта жұдырықтасуға қарсы емес

17.10.2018

Маңғыстауда Қарақия ауданының 45 жылдығы тойланды

17.10.2018

Мемлекет басшысының Финляндия Республикасына ресми сапары жалғасуда

17.10.2018

Kazakhstan Fashion Week сән апталығы басталды

17.10.2018

«Орда» бағдарламасы-әлеуметтік жағынан аз қорғалған отбасылардың үлкен үміті

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Urpaq azsa – ultqa qater

J.Aımaýytov pen M.Áýezov keıbir qazaq mineziniń minin, sol mindi kórip ósken balanyń jamandyqqa salynatynyn 1917 jyly «Alash» gazetinde jarıalaǵan maqalasynda: «Ultym», – dep oqyp shyqqandar halyq arasyna kelse, qaraıa bastaıdy» dep, artynan: «Saıyp kelgende, qazaqta qalyp turǵan ózgeshe minezder: tili aıtqandy qoly qylmaıtyn – turaqsyzdyq, uıymsyzdyq, basynan aspaıtyn – ózimshildik, ezdik» depti. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Megapolıster múmkindigi

Elbasy «Qazaqstandyqtardyń ál-aýqatynyń ósýi: tabys pen turmys sapasyn arttyrý» atty jańa Joldaýynda elimizdiń aýmaqtyq damýyna jańa tásilder engizýdi qamtamasyz etý qajet ekendigin aıta kele: «Búginde jetekshi elderdiń ekonomıkasy kóbine jahandyq qalalar nemese megapolıster arqyly tanylady.

Жолдыбай БАЗАР, «Егемен Қазақстан»

Izgilikke shaqyrý iriliktiń belgisi

Bıylǵy 10-11 qazan kúnderi Astanada ótken Álemdik jáne dástúrli dinder kóshbasshylarynyń dástúrli siezi óziniń halyqaralyq aýqymdaǵy asa mańyzdy únqatysý alańy ekenin taǵy bir ret dáleldedi.

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Jer emgender oza ma, toza ma?

Jalpy, bizdiń halyqtyń arman-maqsatynyń bir ushyǵy qashan da jermen baılanysty sıaqty. Jerdi keńeıtý, jerdi qorǵaý, jerdi óńdeý, jerdi qurmetteý... Mentalıtetimiz jerge jaqyn. Bul basqa halyqtarda olaı emes degen sózimiz emes, biraq bizdiń halyq úshin tym erekshe sıaqty. 

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Qatygezdik vırýsy

О́tken ǵasyrdyń 80-jyldary rejısser R.Bykovtyń «Chýchelo» atty fılmi Odaq kólemindegi búkil eldi shýlatqan bolatyn. Kishkentaı ǵana 6 oqıtyn balalardyń boıynan sonshalyqty qatygezdikti kórgen qazaq qaýymy, bálesinen aýlaq, qalada ósken ózge ulttyń qatybastary ábden buzylyp ba­rady eken, bizdiń balalarymyzdan, keleshegimizden aýlaq dep shoshyǵan. Ol kezde mundaı zulymdyq qazaq balasynda kezdespeıtin jat qylyq sanalatyn. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(1)

Ахмет (27.08.2018 14:23:55)

Маңғыстау жастары өздерінің адалдығымен, тіке міңезімен ерекшеленеді. Адайлар жеріғой. Солардың қолында өңір дамуы

Пікір қосу