Президент • 12 Тамыз, 2018

Нұрсұлтан Назарбаев Түрікменстан Президентімен кездесті

353 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қазақстанға келген Түрікменстан Президентіне ілтипат білдіріп, халықтарымызды тарихи әрі бауырластық қатынастар байланыстыратынын айтты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. 

Нұрсұлтан Назарбаев Түрікменстан Президентімен кездесті

«Сіздің Қазақстанға жасаған сапарыңыздан кейін біздің сауда қатынастарымыздың жанданғаны байқалады. Алайда, бұл бағыттағы жұмыстарды ілгерілету үшін әлеуетіміз әлі де жеткілікті»,  деді Қазақстан Президенті.

Гурбангулы Бердімұхамедов саммитке қатысуға мүмкіндік туғызғаны үшін ризашылық білдіріп, оның ұйымдастырылуы мен өткізілуін жоғары бағалады.

«Бұл күн ғасырлар бойы қалыптасқан өзара қарым-қатынасымызға тың серпін беріп отыр. Қазіргі кезеңде екі жақты ынтымақтастықты одан әрі кеңейту үшін барлық мүмкіндік бар»,  деді Түрікменстан Президенті.

Кездесу соңында тараптар осы айдың соңында Түрікменстанда өтетін Арал теңізінің проблемаларына арналған отырыстың күн тәртібіндегі мәселелерді талқылады.