Агроөнеркәсіпті дамытуда жаңа көзқарас керек

Қостанай өңіріне екі күндік сапармен келген Премьер-Министрдің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеев ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен кеңес өткізді.

Егемен Қазақстан
13.08.2018 7161
2

Онда агроөнеркәсіп кеше­нін дамыту өңірлік бағдар­ламасының болашағы және инвестициялық жобалар­дың жүзеге асырылуы тал­қы­ланды. Кеңесте Ауыл шаруа­­шылығы министрі­нің орын­басары Арман Евниев агроөнеркәсіп бағдарла­масы­­ның өзгерістері туралы баян­дап берді және оның тұжы­рымдамасы ұсынылды.

 Экономиканың қай саласы болсын, өндірілген өнім өтпесе даму ілгері бас­пайды, кері кетеді. Бұл ауыл шаруашылығында қатты білінеді. Бүгінде осы саланың дамуына сыртқы нарықтың ықпалы аз емес. Бұрнағы жылдарға қарағанда, бидайдың сыртқы нарықта өтуі саябырлады. Біраз уақыт бұрын Қазақстаннан сыртқа 2 миллион тонна астық сатылса, 2015-2016 жылдары бұл 420 мың тоннаға, өткен жылы 11 мың тоннаға дейін қысқарды.

Арман Евниев сыртқы нарықта Қазақстан Қытай, Ресей, Өзбекстан сияқты ішкі кең ауқымды реформалар жүргізіп отырған елдердің үш бұрышты нары­ғының арасында тұрған­ды­қтан, бәсекелестікке үл­кен мән беру керектігін айтты. Сондықтан аталған бағдарламада еңбек өнімділігі мен өңделген өнімдерді экспорттауды 2,5 есеге арттыру міндеті қойылған. Бағдарлама әлемдік нарықта пайда болатын жаңалықтарды есепке ала отырып, аграрлық сек­торға кешенді және жүйелі түрде көзқарас ұсынады және жобалық басқару арқылы жүзеге асырылады.

– Әлемде барлығы тез өзгеріп барады. Сондықтан бұрынғы қалыптасқан, таптаурын болған көзқарасты өзгертуіміз керек. Жаңа ұста­ным егін мен мал шаруа­шы­лы­ғына көп өзгеріс әке­ле­ді. Оған уақыт ағымы мәжбүр етеді. Мысалы, жылына 20 миллион тоннадай астық жинап аламыз, оның 12 миллион тоннасы ішкі нарыққа жұмсалады. Ал қалған 8 миллион тоннаны экспортқа шығару оңай шаруа емес. Бұрынғы дәстүрлі, қалыптасқан сыртқы нарық тарылып кеткен немесе есігін жапқан деуге болады. Егер астық өтпесе, оны өндіру­дің қажеті қанша? Міне, сондықтан бүгінде бұрынғы аяңмен жүруге болмайды, – деді Ө. Шөкеев.

Кездесуде егінмен қатар мал шаруашылығын, оның ішінде ет өндіруді дамыту, экспортқа шығару жөнінде жергілікті шаруашылық жетекшілерінің пікірі тың­далды. Жайылымды тиім­ді пайдалану, мал азығын дайындау және фермерлік шаруашылықтарды дамыту мәселелері сөз болды. Өңір­лік салалық бағдарламалар негізінде алдағы 10 жыл ішінде 3000 отбасылық фермалар құрылып, ірі қараның саны енді 150 мың бастан артады деп жоспарланып отыр. Қой саны 300 мыңға жетуі тиіс.

Өмірзақ Естайұлы етті тек ірі серіктестіктер, компаниялар емес, негізінен фермерлік шағын отбасылық шаруашылықтар өндіретін жағдай жасалуы керек деген тұжырымын айтты. Жалпы, агроөнеркәсіп кешенін дамыту бағдарламасына 500 түзету енгізіліп, Парламентке жіберілді. Бұл осы жылдың аяғына қарай қабылданатын болады.

Ө.Шөкеев бастаған жұмыс тобы облыстағы сүт өндіретін «Олжа-Садчиковское» ЖШС мен элиталық тұқым сорттарын өндірумен, сатумен айналысатын «Заречное» тәжірибе шаруашылығын және Индустриялық аймақты аралады.

Нәзира ЖӘРІМБЕТ

«Егемен Қазақстан»

ҚОСТАНАЙ

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

24.09.2018

FIFA-2018 марапаттау рәсімінде Роналду болмайды

24.09.2018

Ұлы Дала Еліне саяхат — «Жаңа Жібек жолы» бағыты бойынша экспедиция Таразға келді

24.09.2018

«Егемен академиясының» жаңа маусымына тіркелу басталды

24.09.2018

Мақтаарал құрылыс саласымен де танымал болмақ

24.09.2018

Атырауда «Тау тұлғалы Таумыш» республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті

24.09.2018

Ақмола облысында мемлекеттік қызмет мектебін ашылды

24.09.2018

Алматыда III Baikonyr Short Film Festivalдің жабылу салтанаты өтті

24.09.2018

Ақтөбелік полицейлер Агенттіктің «Пара алма!» үндеуіне құлақ асуда

24.09.2018

Қыздар Университетінің студенттері республикалық турнирдің жеңімпазы атанды

24.09.2018

Талдықорған қаласы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

24.09.2018

25 қыркүйекте Үкімет үйінде Қазақстан Үкіметінің отырысы өтеді

24.09.2018

Ақтауға үлкен футбол оралды

24.09.2018

Үш дзюдошымыз да алғашқы айналымда ұтылды

24.09.2018

Оралда бокстан халықаралық турнирдің жеңімпаздары анықталды

24.09.2018

Қазақстанда ұшақ билеттері арзандауы мүмкін

24.09.2018

Қазақстанда 14 миллион тоннаға жуық астық жиналды

24.09.2018

«Түн құдайы» фильмі Парижде өткен ретроспектива барысында көрсетілді

24.09.2018

Универсиада алауы Алматы арқылы өтті

24.09.2018

Бүгін Бакуде үш дзюдошымыз белдесуде

24.09.2018

Бизнес салымдар үшін қай қаржы ұйымы тиімді?

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Асан Мирас,

Ulaǵat pen muraǵat

Qaıǵyly ólimi qalyń jurttyń qabyrǵasyn qaıystyryp, qyrshyn ǵumyry qıylǵan óner, mádenıet, sport sańlaqtary qaı ultta bolsyn az emes. Ondaı has talanttardy halyq eshqashan umytpaıdy. Talanttardyń fánıdegi taǵdyry kelte bolǵanymen, halyqtyń júregi men jadyndaǵy ǵumyryn myńjyldyqtarmen ólsheýge bolady. Aıtalyq, áıgili grek ańyzyndaǵy aıbyndy batyrlar Ahılles pen Gektordyń esimderi dáýirlerden dáýirlerge kóshe júrip, ult sanasynda jarqyrap ǵumyr keshýde. Ańyzdyń epıloginde aıtylǵandaı, keıingi urpaq tıtandardy máńgi eske tutatyn bolady. Tipti, grektiń búkil tarıhy áli kúnge deıin ataqty Gektor men Ahıll shaıqasyna baılanysty óriledi. Biz muny nege aıtyp otyrmyz? Qaı ult bolmasyn, esimi elge eleýli tulǵalaryn este qaldyrýdyń esti joldaryn ustanady. Qazaq tarıhyn aqtarsaq ta, ádebıet betterin paraqtasaq ta túrli klassıkalyq joqtaý úlgilerine jolyǵatynymyz sózsiz. Joǵarydaǵy dańqty grek batyry Ahıllestiń de atyn aqıqatqa bergisiz asqaqtatqan áıgili Gomer abyz. 

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Qasiet pen qasiret

«Dánikkennen qunyqqan jaman» degen sózge mán bersek, munda úlken fılosofııalyq maǵyna bar. Táýba, bireý bireýden nan surap jeıtin zaman emes qazir. Toqshylyq zaman. О́zimizdi qoı ústine boztorǵaı jumyrtqalaǵan barshylyqta, etek-jeńniń keń kezinde dúnıege kelgen, zárýlik kúıin sezinbeı ósken urpaqqa balaımyz. Dastarqannan nan, maı, qant, sút, qaımaq eshqashan úzilgen emes. Sonymyzben baı sanalmasaq ta, bardyń sanatynan bolatynbyz... Qudaı saqtaı gór, taǵamǵa talǵam-talabymyzdyń sharyqtap ósip ketkeni sonshalyq keıde dastarqannan búginde nan qoıylatyn bos oryn tappaı qınalatynymyz ras. Sóıte tura, toqshylyq zamanda ómir súrip jatqanymyzdy sezinbeıtinimiz jaman. Moıyndaǵymyz kelmeıtini qorqynyshty. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Minez adamnyń taǵdyry ma?

Qazir Elbasynyń «Bolashaqqa baǵdar: rýhanı jańǵyrý» baǵdarlamasy týraly jıi áńgime qozǵalýda. Jańa turpatty jańǵyrýdyń eń basty sharty – ulttyq kodyńdy saqtaı bilý, ıaǵnı zaman jańalyqtaryn qabyldaı, oǵan ún qosa otyryp, basqa ulttardan árdaıym erekshelendirip turatyn ózińniń ulttyq bolmysyńdy, qazaqy qalybyńdy damyta bilý ekendigi aıtylýda.

Жұмабай ШАШТАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Esti men eski

Elektrondy aqparat quraldaryn qosa qalsań-aq jarq etip shyǵa keletin ánshilerdiń bitim-bolmystarynan syr aýlaı uzaq qadalatynyń bar. Qyz-jigitterdiń arasynda burynnan biletiniń ıa qatarǵa jańa-jańa ilingenderiniń oryndaǵan ánderine qulaı elikpeseń de – beker obaldary káne, beıjaı tyńdap otyrǵyzbaıtyn izdenisteriniń qýaty barshylyq. Bul salanyń jetik bilgiri sanalmasań da, tańdaǵan repertýaryna ózińshe kóńil aýdaryp, naqyshyn ishki tarazyńmen ólshep, órnek ıirimin oısha saraptaısyń ǵoı, baıaǵy. 

Ермухамед Мәулен, «Егемен Қазақстан»

Boljam aıtyp baıyǵandar

Sport bızneske aınalǵaly qashan. Árıne bul sózben qazir eshkim daýlasa almaıdy. Álemdegi eń baı adamdar sportshylar ekeni anyq. Alaıda osy sport bıznesi salasynda alaıaqtyq ta joq emes. Ásirese bás tigip aqsha tabatyndar men qandaı báske qoıý kerektigin usynatyndardan aıaq alyp júre almaısyz. Keńes beretin keń­seler men aqyl aıtyp otyratyn saıttar qap­tady. Aldaǵy ýaqytta alaıaqtardyń arbaýyna túspes úshin bul júıeniń qalaı áreket etetinin aıtyp óteıin. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу