Кемел келешектің көкжиегін ашқан Каспий конвенциясы

Ақтау саммитінің еншісіне бұ­йырған тарихи шешім – Каспийдің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияның қабылдануы сөз жоқ, бес мемлекеттің ортақ мүдде орайындағы үлкен жеңісіне, өзара сенім мен ынтымақтастықтың әлемдік ауқымдағы жарқын үлгісіне айналды.

Егемен Қазақстан
14.08.2018 1771
2

Бұл құжат барлық тараптан толық ратификацияланғаннан кейін оны жағалай орналасқан  елдердің теңіздегі және тұтас өңірдегі ынтымақтастығын мүлде жаңа деңгейге шығарып, Еуразия құрлығының экономикалық, мәдени-әлеуметтік өміріне тың серпін беретіні әлден-ақ болжанып отыр. 

Бейресми тұрғыда «Каспий теңізінің конституциясы» деп атала бастаған  Конвенция біз үшін Каспий өңіріндегі саяси тұрақтылықты сақтаудағы рөлімен құнды әрі сауда-экономикалық тұрғыдан зор мүмкіндіктерге жол ашатындығымен маңызды. Өйткені қабылданған Конвенция келешекте энергия ресурс­тарын өндіру, оны тасымалдау шараларынан бөлек, ауқымды, жаңа біріккен жобаларды жүзеге асыруға, көптеп инвес­тиция тартуға мүмкіндік береді. Құжат Қазақстанның Орталық Азия елдерімен ықпалдастығын, транзиттік әлеуетін арттыруға айрықша ықпал ететін болады. Бұл орайда, елімізде жүзеге асырылып жатқан «Нұрлы жол» бағдарламасының әлеуеті кеңінен ашылатыны анық. Күні кеше ашылып жатқан Құрық порты Қытайдан шығатын транзиттік жүк ағынын Қорғаста қабылдап алып, Каспий арқылы Еуропаға жалғайтын болады. Бұл аралықтағы алғашқы тасымал басталып та кетті. 

Конвенция еліміздің теңізбен байланысты өндірістік-шаруашылық салаларына да тың серпін әкеліп, сауда мен туризм әлеуетін ұлғайтуға алғышарт жасап отыр. Əсіресе, мұнай-газ ресурс­тарына қатысты жобалардан бөлек, бұрын өз кезегін күтіп келген өзге де табысты жобаларды қолға алудың сәті түскелі тұр. 

Жалпы, Конвенция Каспий маңы елдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде, төтенше жағдайлардың алдын алуда, теңіздің табиғи қазынасын қорғап, оны тиімді пайдалануда, өңірдің экономикалық рөлін арттыруда, өңірдегі тұрғындардың әлеуметтік мәселелерін шешуде жəне басқа да көптеген маңызды істерде шешуші рөл атқаратын болады. 

Сонымен қатар аталған Конвенция Каспий маңы елдері арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға, экономикалық байланыстарды үдетуге, бұған дейін жүзеге асырылып келген жан-жақты әріптестік қатынастарды тереңдете түсуге кеңінен жол ашады. Осы арада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың саммит барысында көлік-транзит қуатын арттыру үшін тариф саясатын жетілдіруді, Конвенцияға қатысушы елдердегі тасымалдау жағдайын жақсартуды ұсынғанын, Каспий маңы мемлекеттерінің достық қарым-қатынастарын нығайтып, сондай-ақ бірлесіп тығыз ынтымақтастық орнатып, теңізге ұқыптылықпен қарау керектігіне назар аударғанын айта кеткен жөн. 

Негізінде, Конвенцияны әзірлеу және оны бекіту барысында бес мемлекеттің де мүддесі, талап-тілегі барынша ескеріліп, соның нәтижесінде ортақ мəмілеге, тиімді уағдаластыққа қол жеткізілді. Деген­мен, Каспийге қатысты басты құ­жат қабылданғанымен, бұл бағыттағы жұ­мыстар осымен тоқтап қалмайды. Енді ал­дағы уақытта Конвенцияның талаптарын өз деңгейінде тиімді жүзеге асыру жəне өңірдегі әріптестіктің түрлі салаларына уақыт талабына сай бақылау жасау, қадағалау үшін қатысушы мемлекеттердің өкілетті өкілдері деңгейінде тұрақты бесжақты консультациялар механизмі құрылмақ...

Каспий маңы мемлекеттерінің құқық­тары мен міндеттемелеріне, аймақтың қауіпсіздігіне, өркендеуіне мүмкіндік беретін барлық кешенді мəселелер қамтылған Конвенцияның қатысушы елдердің сенімді серіктестер болуы үшін жан-жақты әрі тиімді заңнамалық база түзетінін, сондай-ақ тараптардың ұстанымдарын нақты­лайтын әлеуетке ие екенін ескере сөйлесек, ол бұдан былай Каспий теңізін бейбітшілік пен татулықтың аймағына айналдыру, елдердің тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығын құрметтеу, басқа мемлекеттердің қарулы күштерін өңірге енгізбеу мәселелерінде негізгі құрал, арқасүйер тірек болады.

Тағы бір тоқтала кетер жайт, Кон­венция бес мемлекеттің балық аулау кəсібіне ерекше құқық береді. Осы орайда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: «Теңіздің балық аулау аймағынан тыс бөлігі ортақ су кеңістігі болып қала береді. Мемлекеттік теңіз шекарасынан тыс аумақта Каспий жағасындағы ел­дердің туы бар кемелері еркін жүзе беретін болады. Басқа теңізге жəне əлемдік мұхитқа шығу еркіндігі жө­ніндегі уағдаластықтың маңызы зор. Əрбір мемлекет өз бөлігінің шегіндегі теңіз түбінің байлықтарына қатысты егемендік құқығын жүзеге асырады. Сондықтан теңіз түбі арқылы магис­тральды құбырлар мен кабельдерді жүргізу экологиялық талаптарды сақ­тағанда ғана мүмкін болатыны қарас­тырылған», – деді. 
Расында да, Каспий айрықша экожүйесі бар су бассейні. Біздер теңіз дегенімізбен, іс жүзінде өзге теңіз-мұхиттармен жанаспайтын тұйық су. Сәйкесінше, биоресурстары да сыртқы экологиялық факторларға аса сезімтал болып келеді. Сондықтан оның биоалуандығын сақтау мәселесіне бес ел бірдей жауаптануы тиіс. 

Сонымен қатар Конвенция қағидат­тарының сақталуы Каспий маңы елде­рінің көлік инфрақұрылымының дамуына, өңірдегі транзиттік əлеуеттің ар­туына, теңіздің экологиялық жүйесі мен биологиялық ресурстарының қорғалуына барынша оң ықпалын тигізеді. 

Қорыта айтқанда, Ақтау саммиті жо­ғары деңгейде ұйымдастырылды. Оның табысты өтуіне барлық қатысушы мемлекеттер белсене атсалысты. Онда тарихи мәні зор Конвенциядан бөлек, жағалау елдері үшін маңызды Каспий теңізінде терроризмге қарсы күрес жүргізу, өңірде ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес, сауда-экономикалық ын­тымақтастық, көлік саласындағы әріптестік, Каспий теңізінде жанжалдың алдын алу, шекара ведомстволарының ынтымақтастығы мен өзара іс-қимылы туралы келісімдер мен хаттамаларға қол қойылуы да Ақтау саммитінің салмағын арттыра түсті.  

Жолдыбай БАЗАР,
«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

16.11.2018

Абылай ханның Галдан Цереннің тұтқынында болған жері табылды

16.11.2018

Қазақстан қор биржасы 25 жылдығын қорытындылады

16.11.2018

Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия отырысы өтті

16.11.2018

Атыраулық Қаһарман Қисметов  Әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

16.11.2018

Қазақ жігіті америкалық хоккей командасының капитаны атанды

16.11.2018

​Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Эритреяға қарсы санкцияларды жою туралы қарарын қолдады

16.11.2018

Алматыда белгілі сахна суретшісі Мұрат Сапаровтың көрмесі өтті

16.11.2018

ШҚО Зайсан ауданында Баймұрат батырға ескерткіш қойылды

16.11.2018

Қ. Тоқаев халықаралық кездесулер өткізді

16.11.2018

​Тегеранда Қазақстан-Иран консулдық консультациялары өтті

16.11.2018

Үнді бизнесмендеріне Қазақстандағы инвестициялық жобалар ұсынылды

16.11.2018

Д.Кәлетаев Батыс Қазақстан облысында өтіп жатқан Азаматтық Форумның жұмысына қатысты

16.11.2018

Қазпошта 111 франчайзинг нүктесін ашты

16.11.2018

Елбасы Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті

16.11.2018

Астанада жасөспірімдер олимпиадасының жеңімпаздарына құрмет көрсетті

16.11.2018

Шымкенттен Дубайға ұшатын рейс ашылады

16.11.2018

Шымкентте Қазақстан – Өзбекстан бірінші аймақаралық форумы өтті

16.11.2018

Қостанайлық полицейлер жедел-профилактикалық шара кезінде мал ұрлығын ашты

16.11.2018

Соңғы 10 айдағы салықтық түсімдер бойынша жұмыс қорытындыланды

16.11.2018

Мемлекет басшысы Қазақстанның халық жазушысы Әбдіжәміл Нұрпейісовті қабылдады

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Esi ketken eskini alady

Búginde avtomobıl degen burynǵydaı baılyqtyń, sol kólikti satyp alǵan adamnyń áleýmettik jaǵdaıynyń jaqsy ekendiginiń kórsetkishi bolýdan qalyp barady. Bir úıde eki, keıde úsh avtokóliktiń bolýyn, tipti keıbir jumyssyz júrgenderdiń de avtokólik satyp alýyn oǵan mysal retinde keltirýge bolady. Osy oraıda avtomashınalardyń sonshalyq kóbeıip ketýiniń syry nede degen saýaldyń týyndaýy da zańdy. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Qala jáne qazaq

Astana – jastar qalasy. Qala kóshelerinde kele jatyp aınalańa qarasań kóbinese jastardy kóresiń. Demek, Astana – bolashaqtyń qalasy. Osy Astana arqyly qazaqtardyń qala halqyna aınalyp kele jatqandyǵyn jáne aınala alatyndyǵyn anyq baıqaýǵa bolady.

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Mádenıetti adam. Ol kim?

Osy keıde on ekide bir gúli ashylmaǵan kókórim jastarǵa albyrttyqtyń saldarynan jibergen aǵattyǵy men qateligin túzeý maqsatynda apalyq qamqorlyqpen azǵantaı bir aqyl-keńes aıta bastasań, munyńdy muqatý, tuqyrtý dep oılaıtyndaryna túsinbeısiń.  Olardyń bári syndy solaı qabyldaıdy degen pikirden aýlaqpyz árıne, biraq kúndelikti ómirde mundaı jaıtqa jıi tap bolyp jatatynymyz ras endi. Munan soń aldyńǵy tolqyn apalarymyz ben aǵalarymyzdyń aldarynan kese-kóldeneń ótpeı, jumsaǵan jaqtaryna quldyrańdaı usha jóneletin baıaǵy bizdiń kezimizdegi jastardyń eleýsiz ǵana eskertilgen úlkenderdiń áńgimesinen keıin endigári sol kemshilikti qaıtalamaýǵa tyrysatyn elgezektigi, qarapaıymdylyǵy, kishipeıildigi, ıbalylyǵy sanamyzǵa saǵynysh sazyndaı sarqyla oralady. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Sheraǵań shertken sher

Qazaq jýrnalıstıkasynyń qara narlary Sherhan Murtaza men Kamal Smaıylovtyń «Egemendegi» hattary kezinde qoǵamdyq sanaǵa serpilis ákelgeni málim. «Qadirli Kamal Dos!», «Qadirmendi Sherhan!» dep bastap, el ómiriniń qaltarys-bultarystaǵy búkil problemasyn jipke tizip kórsetken, odan shyǵatyn jol izdegen eki tulǵanyń hattaryn qazir oqysań, alysty boljaı bilgen kóregendigine eriksiz tańǵalasyń. 

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Sotqa silteı salý sán be?

Qara qyldy qaq jaryp, ádildikti aıtqan qazaq bıleriniń bılik qaǵıdasy: «Týra bıde týǵan joq, týǵandy bıde ıman joqqa» negiz­delgeni málim. Qasqaıyp turyp qamshysyn aldyna tastap: «Baı bolsań halqyńa paıdań tisin, batyr bolsań dushpanǵa naızań tısin. Baı bolyp paıdań tımese, batyr bolyp naızań tımese jurttan ala bóten úıiń kúısin» dep Áıteke bıdiń shamyrqanǵany, judyryqtaı jumylǵan Qazybek bıdiń Qońtajyny bılik aıtý kezegi tıgende: «Sózdi óńmenime suǵyp aıtqan kezde, eki ıyǵynan eki aıý aýzynan ot shashyp «typyr»» etshi, «kóreıin» dep turdy. Kórdińiz be, bılik aıtqan adam sózimen de kózimen de, susymen de yqtyra alady eken. Qazaq bıleri dala zańynyń oryndaýshylary bolǵan. Tek ádildikti tý etip kótergen onyń aldynda han da qara da birdeı jaýap bergen.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу