Аймақтар • 14 Тамыз, 2018

Ратификациялау грамоталарымен алмасты

523 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтау қаласындағы Кас­пий саммиті алаңында Қазақ­стан Республикасы мен Түрік­менстан арасындағы Страте­гиялық әріптестік туралы шартты ратификациялау жөнін­дегі грамоталармен алмасу рә­сімі өтті. 

Ратификациялау грамоталарымен алмасты

Тиісті хаттамаға Қазақ­стан Республикасының Сырт­қы істер министрі Қай­рат Әбдірахманов пен Түрік­мен­станның Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары – Сыртқы істер министрі Рашид Мередов қол қойды.

Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы Стратегиялық әріп­тестік туралы шартқа 2017 жыл­дың 18 сәуірінде Астанада Пре­зиденттер Нұрсұлтан Назарбаев пен Гурбангулы Бер­дімұхамедов қол қойды. Бұл құжат екі ел арасындағы теңқұқылық, өзара сенім және жан-жақты ынтымақтастық негі­зінде стратегиялық әріп­тестік қатынастарды орнатады, сондай-ақ екіжақты қарым-қатынастарды Қазақ­стан-Түрікменстан ынтымақ­тас­ты­ғының әлеуеті мен өзекті қажеттіліктеріне сәйкес сапалы жаңа деңгейге шығарады.

Аталған Шарт өзінің ере­же­леріне сәйкес үстіміздегі жыл­дың 11 қыркүйегінде күшіне енеді.

«Егемен-ақпарат»