«Арбамен қоянға жетер» күн қайда?

1998 жылы Kodak фирмасында 170 мың адам жұмыс істеген екен және әлем бойынша саудаланған фотоқағаздың 85 проценті дәл осы фирманың үлесіне тиген. Небәрі бірнеше жылдың ішінде олардың бизнес-моделі жойылып, фирма банкрот болған. Бұл нені білдіреді?

Егемен Қазақстан
14.08.2018 167
3

«Өгіздің басына туған күн бұзаудың да басына туады» дегендей, бұл Kodak бастан кешкен жағдайға таяудағы он шақты жыл ішінде өнеркәсіптің басқа да көптеген салалары тап болады деген сөз. Ең жаманы сол, көптеген адамдар оқиғаның осыншалық тез өзгеретінінен мүлде хабарсыз. Сондықтан да өзге халықтар жаңалықтар ашып, ілгері ұмтылып жатқанда, біз жиналыстар өткізіп, той тойлап, «аха-хаудан» арыла алмай жүрміз. 

Ғалымдардың айтуынша, компьютерлерді бағдарламалық қамтамасыз ету таяудағы 10-15 жылдың ішінде өнеркәсіптің дәстүрлі салаларына түбегейлі өзгерістер әкелмек. Мысал үшін айтар болсақ, бағдарламалық құралы ғана бар да, автомобильдері жоқ Uber фирмасы қазірдің өзінде әлемдегі ең ірі такси-компания болып табылады. Ал нақты орынжайларының болмағанына қарамастан, AirBnB фирмасы іс жүзінде әлемдегі ең ірі қонақүйге айналып отыр.

Осындай жайттарды ескере келіп сарапшылар егер сіз қазір құқықтану ісін оқып жүрген болсаңыз, дереу тоқтатыңыз, жа­қын болашақта заңгерлерге деген сұраныс қазіргімен салыстырғанда 90 процентке азая­ды, тек тар шеңберлі сот мамандары ғана қала­ды деп ескертуде. 

2018 жылдың өзінде өзін өзі басқаратын автомобильдер халықтың кең ауқымы үшін қолжетімді болады деген сөз шындыққа айналып отыр. Көп ұзамай сізге машинаны телефонмен ғана шақыратын күн туады, ал ол өзі келіп сізді алып кететін болады. Соған орай 2020 жылға қарай қазіргі жұмыс істеп тұрған автомобиль өнеркәсібі біртіндеп жойыла бастайды, жұрт жеке автомобиль сатып алмайтын болады деген болжам жасалып отыр. Ол кезде жүргізушілік куәліктің де қажеті болмай қалады екен. Тіпті көптеген автомобиль шығаратын фирмалар банкротқа ұшырайды деген де пікірлер бар. Ондай уақытта бұрынғы автомобильдерді заман талабына сай жетілдірудің де еш көмегі тимейді. Өйткені Tesla, Apple, Google сияқты инновациялық фирмалар революциялық көзқарас ұстанып, доңғалақты компьютерлер жасап шығаруды қолға алмақ. Бұл, әрине, бір күнде немесе бір жылда бола қоятын шаруа емес. Дегенмен, процесс басталды дегенше, оның түпкі нәтижесінің де көп күттірмесі анық.

Бұл аз десеңіз, бүгінде қаптап кеткен сақтандыру компанияларының да болашағы тұманды болатын сыңайлы. Себебі, автомобиль апаттары орын алмаған жағдайда оны сақтандыру да 100 есеге арзандап кете­ді екен. Ақырында автомобильдерді сақ­тандыру ісі мүлде жойылмақ.

2020 жылға қарай көптеген автомашиналар электр қуатымен жүретін болады дейді сарапшылар. Оның өзі қалалардағы шуды азайтып, ауаның тазаруына септігін тигізбек. 

Күн энергиясының пайдаланыла баста­ғанына 30 жыл болғанына қарамастан біз оның тиімділігін енді ғана біліп жатырмыз. Кейбір мәліметтер бойынша, 2011 жылы әлемде жанатын материалдарды пайдаланатын стансаларға қарағанда күн электр стансалары көбірек салыныпты. Осы қарқын сақталар болса, күн энергиясының бағасы арзандап, оның өзі 2025 жылға қарай көмір өндіруші компаниялардың жабылуына апарып соқтыруы әбден мүмкін екен.

Төртінші өнеркәсіптік революцияның ең үлкен жетістігі 3D принтер бол­мақшы. Сарапшылар соңғы 10-15 жылда мұн­дай принтерлер құнының 18 мыңнан 400 долларға дейін арзандағанын айтып отыр. Сонымен бірге 3 өлшемді тәсілмен басып шығару 100 есеге жылдам бола түскен. Осындай тәсілмен өз аяғыңды сканерден өткізіп, үйде отырып-ақ өзіңе аяқ киім «басып» шығаруыңа болады екен. Қытайда қазірдің өзінде 3 өлшемді принтердің көмегімен 6 қабатты үй тұрғызылғаны көпшілікке мәлім. Осындай себептерден 2027 жылға қарай бүкіл өндірілетін тауарлардың 10 проценті 3 өлшемді принтерлер көмегімен шығарылатын болады деген болжам бар. 

Қарқынды дамудың арқасында ХХ ғасырда табысты болған небір идеялар ХХІ ғасырда мүлдем кәдеге жарамай қалатын көрінеді. Өйткені жұмыстардың денін роботтар атқаратын болғандықтан, алдағы 20 жылдың ішінде қазіргі жұмыс орындарының 70-80 проценті түбегейлі жойылып кетпек. Оның есесіне уақыттың өскелең талабына сай көптеген жаңа жұмыс орындары ашылмақ. Бірақ олардың жеткілікті немесе жеткіліксіз боларын ешкім де дөп басып айта алар емес.

Дамудың мұндай түріне әлем ғалымдары «технологиялық сингулярлылық» деген атау берген. Бұл техникалық прогрестің шапшаң және күрделі түрде дамитыны соншалық, оның өзі адамның түсінуі үшін мүмкін болмай қалады дегенді білдіреді екен. Мұндай кезең жасанды интеллект пайда болғаннан кейін туындамақ. Оның уақытын кейбіреулер 2030 жыл десе, енді біреулер 2045 жыл деп болжап отыр. 

Қалай дегенде де, бір мәселенің басы ашық. Бұл – ғылым мен техниканың бұрын-соңды болмаған таңғаларлық тұрғыда шапшаң дамитындығы. Бүгінгі таңда адам­заттың, соның ішінде біздің де алдымызда тұрған міндет, сол шапшаңдыққа ілесе алу болса керек. Ендеше, «асықпаған арбамен қоянға жетеді» деген кертартпа мақалды ұмытқанымыз жөн.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ,

«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

21.11.2018

Елбасы: «Архив – 2025» жеті жылдық бағдарламасын жасауымыз қажет

21.11.2018

Алматыда Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының ұйымдастыруымен форум өтті

21.11.2018

Ел аумағында 11 арнайы экономикалық аймақ жұмыс істеп жатыр

21.11.2018

Елбасы «Дала фольклорының антологиясын» жасауды ұсынды

21.11.2018

Жоспарланған меже – 100 мың гектар

21.11.2018

Нұрсұлтан Назарбаев: Алтай - Қазақстан жерінің тәжі ғана емес, күллі түркі әлемінің бесігі

21.11.2018

Елбасы әлемге қазақ жерінен тараған жылқының қадірін жете түсінуге шақырды

21.11.2018

Польшалық заңгерлер Алматыға келді

21.11.2018

Қазақстанның ірі электр стансалары жылыту маусымына толық дайын

21.11.2018

Táýelsizdiktiń tánti bolar tusy kóp

21.11.2018

«Хат қоржын»

21.11.2018

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл үкімет басшысына жүгінді

21.11.2018

Нұрсұлтан Назарбаев: Ұлы даланың жеті қыры

21.11.2018

Орта білім беруді жаңғыртудың жаңа жобасы

21.11.2018

Елімізде жол-көлік апаттарынан болатын адам шығыны көп

21.11.2018

Ынтымақтастық арта түседі

21.11.2018

Жастарды қолдауға арналған бастама

21.11.2018

НУ ма­гис­трант­та­ры «Қазцинк» компаниясында тәжірибеден өтпек

21.11.2018

Денешынықтыру пәні пән емес пе?!.

21.11.2018

Байқау жеңімпаздары анықталды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Táýelsizdiktiń tánti bolar tusy kóp

Jylda, Táýelsizdik kúni jaqyndaǵan saıyn osy ýaqyt ishinde elimiz qandaı jetistikterge jetti degen saýaldy ózimizge qoıyp, ony saralaýǵa tyrysamyz. Biraq mundaıda jappaı aıtylyp júrgen jetistikterdi emes, ózimiz baıqaǵan jeke kózqarastaǵy tabystardy taldaýǵa tyrysamyz. Sonyń ishinde kózge túsetin bir ǵanıbetti jańalyq – halqymyzdyń burynǵydaı eshkimnen qysylmaı, kimmen bolsa da ómirdiń barlyq salasynda ıyq teńestire túskeni.

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Stokgolm sındromy

Jumyr jerdiń betinde sany jaǵynan bizden áldeqaıda kóp, alaıda táýelsiz el atanýdy mańdaılaryna jazbaǵan, ol oryndalmas armandaı kórinetin halyqtar az emes jeterlik. Jaratqannyń qalaýymen qolǵa tıgen táýelsizdik qazaq balasynyń eń bir asyl muraty edi.

Талғат БАТЫРХАН, Егемен Қазақстан

«Baı bolsań halqyńa paıdań tısin»

«Batyr bolsań jaýyńa naızań tısin, Baı bolsań halqyńa paıdań tısin». Kezinde aıyr tildi Áıteke bı aıtqan aqyldy sóz. Keler ǵasyrlarǵa da keter ǵaqlıa.

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Esi ketken eskini alady

Búginde avtomobıl degen burynǵydaı baılyqtyń, sol kólikti satyp alǵan adamnyń áleýmettik jaǵdaıynyń jaqsy ekendiginiń kórsetkishi bolýdan qalyp barady. Bir úıde eki, keıde úsh avtokóliktiń bolýyn, tipti keıbir jumyssyz júrgenderdiń de avtokólik satyp alýyn oǵan mysal retinde keltirýge bolady. Osy oraıda avtomashınalardyń sonshalyq kóbeıip ketýiniń syry nede degen saýaldyń týyndaýy da zańdy. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Qala jáne qazaq

Astana – jastar qalasy. Qala kóshelerinde kele jatyp aınalańa qarasań kóbinese jastardy kóresiń. Demek, Astana – bolashaqtyń qalasy. Osy Astana arqyly qazaqtardyń qala halqyna aınalyp kele jatqandyǵyn jáne aınala alatyndyǵyn anyq baıqaýǵa bolady.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу