Қолма-қол ақшасыз есеп айырысулар саны өсуде

Қазақстандықтар күнделікті өмірде қолма-қол ақшаны қолданудан бас тартып, банк картасы мен интернет-банкинг жүйесінің қызметіне кеңінен жүгінуде.

Егемен Қазақстан
14.08.2018 9903
2

Ағымдағы жылы Қазақстанда төлем карточкаларымен жүргі­зілетін операциялардың басым бөлігі қолма-қол ақшасыз төлем­дерге келді. Яғни банкома­ттан жа­лақысы мен зейнетақысын алу үшін төлем картасын айына бір рет қолға алатын қазақстан­дық­тардың үлесі күннен-күнге азаюда. Банк картасын төлем құ­ралы ретінде пайдаланудың артық­шылықтары банктің кері­тартпа клиенттерінің өзі «плас­тик­ті» белсенді қолданатын пайда­­ланушылар қатарын толтыра бастады. 

«Төлем карточкалары нарығы қаржы нарығының неғұрлым серпінді дамып келе жатқан сек­торларының бірі. Бөлшек қыз­меттер секторында төлем карточ­касы қазіргі уақытта банк өнім­деріне қашықтан қолжетімділік және онлайн-төлемдерін жүргізу кезінде негізгі сәйкестендіруші болып отыр», деді Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төлем жүйелері департаментінің төлем жүйелері басқармасының бастығы Алина Иманғазина.

Ол сондай-ақ төлем карточкаларын қолданудан басқа, бүгінгі таңда қызмет көрсету және сауда-саттық нүктелерінде халыққа интернет пен мобильді банкинг арқылы тұрақты төлемдер, тауарлар мен қызметтерді төлеу, мезеттік режімде карта­дан картаға аударымдар бойынша қызметтердің кең спек­трі қол­жетімді болып отырғанын баса айтты. Пластик карталарының кеңінен қолданылуына оларға қызмет көрсетудің күннен-күнге өсіп келе жатқан инфрақұ­ры­лымдық желісінің ықпалы зор. Аталған желі бүгінде 132 818 POS-терминалды, 8 825 банко­­­маттарды, 684 банк дүңгір­шек­терін, 16 536 банктік төлем терминалдарын қамтиды. Реттеушінің деректеріне сәйкес 83 221 кә­сіпкер 107 мыңнан астам сауда нүктелерінде төлемді төлем кар­точкаларын қолданумен қабылдайды. Айналысқа 21 млн төлем карточкасы шығарылды – олардың санының өсуі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 27,1%-ті құрады. 

Банктік қызмет көрсетудің кең желісі қолма-қол ақшасыз есеп айырысуларды дамыту үшін қолайлы жағдай туғызып отыр. Қазақстан банктерінің төлем карточкаларын қолданумен 2017 жылы 13,8 трлн теңге сомаға (2016 жылмен салыстырғанда өсу 32,3%) 467,5 млн транзакция жүргізілген (2016 жылмен салыстырғанда өсу 41,2%). 2018 жылдың I жартыжылдығында аталған көрсеткіш 8,7 трлн теңге сомаға 338,9 млн транзакция құрады (өсу өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда тиісінше 65,9% және 43,7%).

Бұл ретте қашықтан төлем жүргізу сервисі мен төлем инфра­­құрылымының белсенді дамуы­ның арқасында қолма-қол ақшасыз операцияларды жү­зеге асыру үшін төлем карточка­ларын қолдану күннен-күнге өсіп келеді. Қазір төлем карточ­каларымен жүргізілетін бар­лық операциялардың жар­ты­­­сынан көбі қолма-қол ақшасыз төлемдерге келеді. Бұл опера­ция­лардың жалпы санының 62%-і. Салыстыру үшін 2016 жылы бұл көрсеткіш 36%-ті құра­ғанын айта кеткен абзал. Сомасы бойынша төлем карточкаларын қолданумен қолма-қол ақшасыз төлемдердің үлесі 2018 жылдың I жартыжылдығында 29%-ті құрады (2016 жылы атал­ған көрсеткіш 16%-тік деңгейде болған). Жалпы алғанда 2018 жылдың I жартыжылдығында төлем карточкаларын қолданумен қолма-қол ақшасыз төлемдердің кө­лемдері 2017 жылдың сәйкес кезе­­ңімен салыстырғанда 2,5 трлн теңге сомаға 209,5 мың тран­зак­­­­ция құрап, 2,2 еседен астам өсті. 

Осылайша төлем карточка­лары нарығының қолма-қол ақша­сыз төлемдер саны мен кө­лем­дері сияқты маңыз­ды көр­сет­кіштері бойынша айтарлықтай оң серпін байқалады. Әсіресе қа­шықтан қызмет көрсету арна­ла­рының сегменті белсенді дамуда. 

Алина Иманғазинаның айтуынша, қолма-қол ақшасыз төлемдер жүргізу үшін төлем карточкаларын қолдану танымал­дылығының артуына бірнеше фактор әсер етті. 

«Ең алдымен, бұл – цифр­лы қаржылық сервистің дамуы. Интернет пен мобильді техно­логияның жаппай енуімен қатар банктер қашықтан қызмет көрсету қызметтерін белсенді түрде дамыта бастады. Бүгінгі таңда интернет пен мобильді банкинг арқылы тұрақты комму­налдық төлемдерді, кредиттерді, сақтандыру ақысын төлеу, депозиттерді ашу және басқару, мобильді шоттарды толықтыру, телефония, интернет ақысын төлеу, карточкалық аударымдар, инвестициялар секілді барлық қажетті қызметтердің кең ауқымы қолжетімді болды. Бұдан басқа қашықтағы арналар арқылы төлем жасау банктердің бөлімшелеріне қарағанда арзан, ал кейде тіпті тегін жүргізіледі», деп айтып өтті сарапшы.

Бұған қоса интернет-төлемдер электронды коммерцияның үл­кен саласына жол ашады. Мем­лекет «Цифрлы Қазақстан» бағдар­ламасының аясында электрон­ды коммерцияны дамыту бойынша, оның ішінде тауарлар мен қызметтер ақысын қолма-қол ақшасыз төлеу кезінде салықтық ынталандыру бойынша бірқатар нысаналы шаралар қабылдады. Бұл төлем карточкасын қолма-қол ақшасыз төлем құралы ретінде пайдалану үшін ынталандырушы фактор болып отыр.

Электронды коммерция­дан басқа Қазақстан Үкіметі POS-терминалдарды орнату ар­қылы көптеген сауда және сервис кәсіпорындарында төлем карточкаларының міндетті түрде қолданылуына жағдай жасады. Қолма-қол ақшасыз төлемдерді дамытуда банктердің аталған құралды қолма-қол ақша алу үшін емес, тек төлем жасау үшін қолдануды ынталандыруға бағыт­талған маркетингтік саяса­тының маңызы зор. Банктер бо­нустар төлеп, сатып алу сома­сынан процентпен «кэшбек» қайтарады. Сондай-ақ ха­лық арасында қолма-қол ақша­сыз төлемді көтермелеуге бағыт­тал­ған түрлі акциялар өткізіп, лотереялар ойнатады, клиенттер­мен ақпараттық-түсіндіру жұмыс­тарын жүргізеді. Сонымен қатар төлем карточкалары арқылы байланыссыз төлемдерді дамытады. 

«Осындай сенімді бағдар­ла­малар мен инновациялық сервистер клиенттің оң тәжірибесін қалыптастырып, күнделікті қолма-қол ақшасыз төлемдер үшін карточка қол­­дануға машық­тандырады», деп есептейді Ұлттық Банктің өкілі. 

Қауіпсіздік мәселесі қолма-қол ақшаның орнына пластик карточканы қолданудың басты себебі болмақ. Егер карточканы ұстаушы банк ұсынған барлық қауіпсіздік талаптарын (мысалы, PIN-кодты картамен бірге сақтамау) орындайтын болса, карточкалық шоттағы ақшаны жоғалтумен салыстырғанда қолма-қол ақшаны жоғалту немесе ұрлату тәуекелі анағұрлым жоғары. Бұдан басқа қолма-қол ақшасыз салада ақша айналысын аудару экономиканы көбірек заңдастыруға, тауарлар мен қызметтердің көлеңкелі айналымын азайтуға, салық салынатын қорларды көбейтуге ықпал етеді. Бұл еліміздің экономикасы мен бюджетінің жай-күйіне оң әсерін тигізбек. 

Думан АНАШ, 

«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

22.01.2019

Франциядан Англияға бет алған ұшақ Ла-Манш бұғазында жоғалып кетті

22.01.2019

Жастар жылының логотипі бекітілді

22.01.2019

Жол азабына ұшырағандарға шекарашылар көмекке келді

22.01.2019

Р.Бекетаев: мемлекеттік сатып алуларға қатысу үшін салық төлеу керек

22.01.2019

Жаңақала ауданында жоғалған адам табылды

22.01.2019

Сенатта халықаралық құжаттар қаралды

22.01.2019

Федерация кубогында ел намысын кімдер қорғайды?

22.01.2019

Төсек тартқан науқасты үйде күтетін «Үйдегі Хоспис» жобасын қолға алу керек

22.01.2019

Қарағанды облысында адасқандар құтқарылды

22.01.2019

Іскер әйелдер қауымдастығы – қайырымдылық бастамашысы

22.01.2019

Батыс Қазақстан облысында «Сыбайлас жемқорлықтың  алдын алу» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

22.01.2019

Алуа Балқыбекова: Қазақтың боксшы қыздарымен әлемде барлығы да санасады

22.01.2019

Қасиетті қамшы

22.01.2019

Соңғы төрт күнде шығыс өңірінің теміржолшылары шамамен 2 мыңнан астам шақырым жолды қардан тазартты

22.01.2019

«Шымкент - адалдық алаңы» жобалық кеңсесі жаңа жобаны таныстырды

22.01.2019

Ақырзаман жақын ба?

22.01.2019

Шымкенттің орталық аудандарындағы балалар әлі күнге дейін үш ауысымды мектепте білім алып жүр

22.01.2019

«Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілінің қызметін қамтамасыз ету басқармасының басшысы тағайындалды

22.01.2019

«Қызылорда облысы әкімдігінің іс басқармасы» КММ директоры тағайындалды

22.01.2019

Астана әкімдігінің аппараттық жиыны бұдан былай ашық форматта өтеді

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Jaýapkershilik joq jerde...

Sońǵy jyldary elimizde bosaný úshin aýrýhanaǵa kelgen analardyń qaitys bolý jaǵdaıy jıilep barady. О́tken jazda medısınasy jetilgen qalalar sanatyndaǵy Astananyń ózinde tórt birdeı qaıǵyly oqıǵanyń oryn alýy osy sózimizge dálel. Al Qazaqstan boıynsha 2018 jyldyń segiz aıynda ǵana ana óliminiń 40 faktisi tirkelgen eken. Onyń sebebi nede? Bul jóninde oılanyp, belgili bir sharalar qabyldap jatqan adam bar ma? Shynyn aıtsaq, bul jaǵy óte kúmándi. Eger adamdar jumysta jibergen kemshiligi úshin jazalanbaıtyn bolsa, ondaı jaǵdaıdyń qaıtalana bermesine kim kepil?

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Sóz salmaǵy

Baıaǵynyń bıleri taý qulatyp, jer terbetpese de, eldi ıitip, teli-tentekti tıyp, kem basqandy ilgeri ozdyryp, asqynǵandy tejep, órshigendi órelep, ata ǵuryppen, ana úlgisimen bárin jónge saldy. Ul men qyzdyń eteginen tartpaı, aýzynan qaqpaı, qyrandaı túletip otyrǵan. Sodan da shyǵar, «Aýzym jetkenshe sóıleımin, qolym jetkenshe sermeımin, aıaǵym jetkenshe júremin» dep 14 jasynda aýzynan ot shashyp: «El ebelek emes, er kebenek emes, dat!» dep dara tanylǵan Qazybek bıdiń Qońtajynyń tilin baılap, qatty sastyrǵany. Jeteli sózge jetesiz ǵana des bermeıdi.

Серік НЕГИМОВ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Durystyq joly

Jaqsy kisi ataný, tirshilik-turmys, ómir qubylystaryna oı júgirtý, saralap zerdeleý, fılosofıalyq mádenıet qalyptastyrý, tájirıbe jınaqtaý, durystyq, adamshylyq, izgilik, ádildik, degdarlyq jolynda meıirlenip, berekeli qyzmet jasaý, ulttyń ádebi men qaǵıdattaryn jan-tánińmen qabyldaý – naǵyz tabıǵı abzal qasıet.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Bızneske ıkemdilik qaıdan shyǵady?

Adamnyń bızneske ıkemdiligi qaıdan týady degen suraq kóp adamdy oılandyrady. Árıne, motıvasıa kúshti, ol − aqshany kóp tabý. Isker adamdar eshkimniń aldynda ıilmeıdi, «malyń bolsa syılamaı tura almas el» dep Abaı aıtpaqshy, jurtqa da syıly bolady.

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Bas paıda algorıtmi

Bas paıdany oılaý – búkil adam balasyna tán dúnıe. Ár adam balasynyń «ózim degende ógiz qara kúshim bar» degen qaǵıdat boıynsha tirshilik quratyny túsinikti. Biraq adam balasy qoǵam ishinde ómir súretindikten ár adamǵa tán osy qasıetti shektep ustaýǵa, ony qoǵamdyq múddege nemese qoǵamdyq ortada qalyptasqan tártipke baǵyndyrýǵa týra keledi. О́ıtkeni munsyz qoǵam damı almaıdy.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу