Өнер • 15 Тамыз, 2018

Бүгін Шәмші Қалдаяқовтың туған күні

1310 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін, 15 тамыз – вальс патшасы Шәмші Қалдаяқовтың туған күні.  

Бүгін Шәмші Қалдаяқовтың туған күні

1930 жылдың 15 тамызында Оңтүстік Қазақстан облысы  Отырар ауданы Шәуілдір ауылында ата-анасының зарыға күткен перзенті дүниеге келді. Әкесі Қалдаяқ (шын аты  - Әнәпия) ұл туса Жәмшид патшаның атын қоям  деп жүргенде  түс көреді. Түсінде ұлының айдын көлде аққу құс болып жүзіп жүргенін көріп, жақсыға жориды.

Оның 300-ден астам сазды әуендері  бірнеше буынды сусындатып келеді. Ол Сарыағаштағы Қапыланбек малдәрігерлік техникумында, Ташкенттегі музыка училищесінде және Алматы мемлекеттік консерваториясында білім алған. Шәмші 1950 жылдан бастап шығармашылықпен шұғылдана бастады. Оның ырғақты әндері жүрекке жылы қабылданып, жұртшылықтың сүйіспеншілігіне бөленді. Шәмші шығармаларының басты тақырыбы - елге, Отанға, ата-анаға, жарға, дос-жаранға деген сүйіспеншіліктен туды.