«ҚАЗБАТ» батальоны АҚШ-тың «Дала қыраны-2018» бітімгерлік оқу-жаттығуларына қаты­суда

Қазақстандық «ҚАЗБАТ» бітім­герлік батальоны Америка Құрама Штаттарының Оңтүстік Каролина штатына қарасты «МакКрейди» полигонында басталған «Дала қыраны-2018» бітімгерлік оқу-жаттығуларына қаты­суда. Аталған іс-шараға биыл бес мем­лекеттің бітімгерлері жиналды. 

Егемен Қазақстан
15.08.2018 427
2

Жаттығудың мақсаты – БҰҰ талаптарына сәйкес бітімгерлердің бейбіт­шілікті қорғаудағы іс қимылдарын жетілдіру. Оның ішінде АҚШ, Ұлы­британия, Қазақстан, Тәжікстан мен Өзбекстанның әскерилері бөлімшелерді басқаруды ұйымдастыру, халықаралық құрылымдардың өзара іс-қимылын, сондай-ақ көпұлтты штабтарда штаб­тық іс-әрекеттерді жетілдіру ісіне машықтанбақ. 

Атап өтерлігі, «Дала қыраны» 2003 жылдан бері жыл сайын өткізі­ліп келеді, 2012 жылдан беріде «Бей­біт­шілік жолындағы әріптестік» бағдар­ламасының аясына енгізілген. Әдетте аталған оқу-жаттығу шараларына дәс­түр­лі түрде халықаралық сарапшылар және әскери байқаушылар мен дипло­матиялық корпус өкілдері тартылады. Оқу-жаттығу 23 тамызға дейін созылмақ. 

Ал тамыз айының 23 мен 25 күндері аралығында Қарағанды облысының «Спасск» оқу орталығының базасында VIII халықаралық мерген жұптарының «Алтын үкі – 2018» сайысы өткізілмек. 

Биыл «Алтын үкі» кубогына әлемнің 11 елінің – Қазақстан, Ауғанстан, Беларусь, Бельгия, Ұлыбритания, Үндістан, Италия, Қытай, Қырғызстан, Пәкістан мен Ресейдің құралайды көзге ататын мергендері жиналмақ. 

Ал сайысқа бақылаушы ретінде Америка Құрама Штаттары, Біріккен Араб Әмірліктері, Оңтүстік Корея мен Түркияның өкілдері қатыспақшы. 

Мергендер бес күн бойына әртүрлі қашықтықтан, әртүрлі жылдамдықта түрлі нысаналарды көздеп, жасырынып қалу, күндізгі және түнгі мезгілдерде бағдарлау сынды сынақтардан өтеді. 

Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, алдағы сайыс «Алтын үкі» байқауының тарихындағы ең ауқымды шара болмақ. Оның үстіне бірқатар мемлекеттер мергендер бәйгесіне алғашқы рет қатысқалы отыр. 

Жалпы, халықаралық «Алтын үкі» байқауын өткізу 2008 жылы қолға алынып, әрдайым өзіне тән бірегей ерекшеліктерімен дараланып тұрды. 

Жарысты жоспарлау мен ұйымдас­тыруда АҚШ, Иордания, Беларусь, Ресей және басқа да мемлекеттердегі мергендер сайысына қатысып, тәжірибе шыңдаған қазақстандық атқыштардың тәжірибелері ескеріліп келді. 

Қорыта айтқанда, «Алтын үкі» Азия мергендер форумының аясында өтетіндіктен, алдымен жарысқа қатысушылардың кәсіби байланыстары мен тәжірибе алмасуларына мүмкіндік беріліп келеді. 

Осы күндері Қазақстан Қарулы Күш­терінің өкілдері «Бейбіт миссия – 2018» оқу-жаттығуына да дайындық үстінде. Биыл Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттердің әскери лаңкестікке қарсы бірлескен командалық-штабтық «Бейбіт миссия – 2018» оқу-жаттығулары Ресей Федерациясы Челябі облысы Шұбаркөл қаласында өтеді. 

«Бейбіт миссия» деген атаумен лаң­кес­тікке қарсы оқу-жаттығу екі жылда бір рет өтетіндігін де айта кеткен жөн. 

Серік ӘБДІБЕК,

«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

22.09.2018

Жалпықалалық сенбілікте 9 мыңнан астам ағаш егілді

22.09.2018

Мақтаарал ауданында «Жасыл ел» жастардың еңбек жасақтары жұмысын бастады

22.09.2018

«Балалар Евровидениесі» байқауының жеңімпазы анықталмақ

22.09.2018

Халықаралық «Ясауитану-2018» байқауы өз мәресіне жетті

22.09.2018

Елбасы елорданың қала құрылысын игеру жоспарымен танысты

22.09.2018

Даниал Ахметов Зырян ауданын Алтай деп атау туралы ұсынысты қолдады

22.09.2018

Елбасы Чан Дай Куангтің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты

22.09.2018

Жаңа Жібек жолы: Алматы

22.09.2018

Катонқарағай ауданы тұрғынының сібір жарасынан көз жұмғаны расталды

22.09.2018

Сенаторлар сенбілікке шықты

22.09.2018

Б.Бекназаров Әзербайжан Парламентінің 100-жылдығына арналған шараға қатысты

22.09.2018

Мұнайдың әлемдік бағасы өсті

22.09.2018

Лондонда қазақстандық өнер көрмесі ашылды

22.09.2018

Түркия «Қазақстан» журналын шығарды

22.09.2018

Ақтөбеде «Анаға тағзым» орталығы ашылды

21.09.2018

Тимур Жақсылықов Президенттің көмекшісі болып тағайындалды

21.09.2018

Маман дайындау мәселесі талқыланды

21.09.2018

Астанада тұрғын үй кешенінде шартты өртті сөндіру бойынша тактикалық оқу-жаттығу өтті

21.09.2018

Бүркітші қыз Айшолпан түскен «Көшпенділер» фильмі көрерменін қуантады

21.09.2018

Павлодарда биыл 1655 жұп қосылса, 1101-і ажырасқан

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Qasiet pen qasiret

«Dánikkennen qunyqqan jaman» degen sózge mán bersek, munda úlken fılosofııalyq maǵyna bar. Táýba, bireý bireýden nan surap jeıtin zaman emes qazir. Toqshylyq zaman. О́zimizdi qoı ústine boztorǵaı jumyrtqalaǵan barshylyqta, etek-jeńniń keń kezinde dúnıege kelgen, zárýlik kúıin sezinbeı ósken urpaqqa balaımyz. Dastarqannan nan, maı, qant, sút, qaımaq eshqashan úzilgen emes. Sonymyzben baı sanalmasaq ta, bardyń sanatynan bolatynbyz... Qudaı saqtaı gór, taǵamǵa talǵam-talabymyzdyń sharyqtap ósip ketkeni sonshalyq keıde dastarqannan búginde nan qoıylatyn bos oryn tappaı qınalatynymyz ras. Sóıte tura, toqshylyq zamanda ómir súrip jatqanymyzdy sezinbeıtinimiz jaman. Moıyndaǵymyz kelmeıtini qorqynyshty. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Minez adamnyń taǵdyry ma?

Qazir Elbasynyń «Bolashaqqa baǵdar: rýhanı jańǵyrý» baǵdarlamasy týraly jıi áńgime qozǵalýda. Jańa turpatty jańǵyrýdyń eń basty sharty – ulttyq kodyńdy saqtaı bilý, ıaǵnı zaman jańalyqtaryn qabyldaı, oǵan ún qosa otyryp, basqa ulttardan árdaıym erekshelendirip turatyn ózińniń ulttyq bolmysyńdy, qazaqy qalybyńdy damyta bilý ekendigi aıtylýda.

Жұмабай ШАШТАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Esti men eski

Elektrondy aqparat quraldaryn qosa qalsań-aq jarq etip shyǵa keletin ánshilerdiń bitim-bolmystarynan syr aýlaı uzaq qadalatynyń bar. Qyz-jigitterdiń arasynda burynnan biletiniń ıa qatarǵa jańa-jańa ilingenderiniń oryndaǵan ánderine qulaı elikpeseń de – beker obaldary káne, beıjaı tyńdap otyrǵyzbaıtyn izdenisteriniń qýaty barshylyq. Bul salanyń jetik bilgiri sanalmasań da, tańdaǵan repertýaryna ózińshe kóńil aýdaryp, naqyshyn ishki tarazyńmen ólshep, órnek ıirimin oısha saraptaısyń ǵoı, baıaǵy. 

Ермухамед Мәулен, «Егемен Қазақстан»

Boljam aıtyp baıyǵandar

Sport bızneske aınalǵaly qashan. Árıne bul sózben qazir eshkim daýlasa almaıdy. Álemdegi eń baı adamdar sportshylar ekeni anyq. Alaıda osy sport bıznesi salasynda alaıaqtyq ta joq emes. Ásirese bás tigip aqsha tabatyndar men qandaı báske qoıý kerektigin usynatyndardan aıaq alyp júre almaısyz. Keńes beretin keń­seler men aqyl aıtyp otyratyn saıttar qap­tady. Aldaǵy ýaqytta alaıaqtardyń arbaýyna túspes úshin bul júıeniń qalaı áreket etetinin aıtyp óteıin. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Naǵyz Báıterek

Qazirgi baspasóz betterinde, buqaralyq aqparat quraldarynda «Báıterek» degen sóz teńeý retinde kóbinese qoǵamǵa eńbegi sińgen nemese ómir jolynda jeke basy jaqsy tabystarǵa jetken, sodan halyqtyń kózine túsken adamdarǵa qatysty qoldanylyp júr. Durys-aq. Ondaı adamdardyń eńbegi halyq ıgiligine jarap jatsa, sol ıgilikten kóptegen adamdar nár alyp, turmysyn jaqsartsa nemese sol adamnan úlgi alý arqyly urpaǵyna durys tárbıe, baǵyt-baǵdar berse, tipti basqany bylaı qoıǵanda, et jaqyn týystary, aýyldastary sonyń saıasynan pana taýyp, sol arqyly ómirin durys arnada jalǵastyryp jatsa, nege qoldanbasqa. Rasynda da, mundaı adamdar «Báıterek» degen atqa ábden laıyq qoı.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу