16 Тамыз, 2018

Солтүстік Қазақстанда науқас жандар тегін дәріге қол жеткізе алмай жүр

287 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

№2 қалалық емханада тегін дәрі-дәрмек алушылар ұзын-сонар кезекте тұр.

Солтүстік Қазақстанда науқас жандар тегін дәріге қол жеткізе алмай жүр

Зинаида Кузнецова қант диабетімен көптен бері ауырады. Ем қонбайтын дерттің бірден-бір шипасы – тегін дәрі-дәрмек.  Инсультты басынан кешірген кейуана кезекте 4 сағаттан аса  тұрыпты. Өзін  нашар сезінгеннен кейін  келген ізімен кері қайтуға мәжбүр болған. 

«Емханаға келіп жүргеніме екі күн болды. Ұзын сонар кезек таусылар емес.Тегін дәрі қолыма қашан тиері белгісіз. Бір келгенімде дәрі-дәрмек таусылып қалыпты», дейді науқас.

Гипертоник Антонина Спивакованың айтуынша  кезегі жетсе де  қажетті престариум препаратының жоқ екені анықталған. Сосын  дәріханадан сатып алуына тура келген. Тегін дәрі-дәрмек  бұған дейін әлеуметтік дәріханаларда босатылып келсе, енді бұл міндет емдеу мекемесіне жүктелген соң бірқатар проблемалар туындаған. Кезекте тұрғандардың көбі  қызметтің баяу көрсетілетіне шағымданады. 3 терезе орналасқанмен толыққанды жұмыс істемейді.

Тиісті орындардың жағдайды түзетуге асығар түрі көрінбейді.

Өмір ЕСҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан»

Петропавл