Astra: жол ақысын төлеудің жаңа электронды жүйесі, тарифтері және жеңілдіктер

Бүгінде «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында Астанада қоғамдық көліктің жол ақысын төлеудің электронды жүйесі енгізілген. Жоба туралы толығырақ РrimeMinister.kz ұсынады.


Егемен Қазақстан
16.08.2018 4224
2

Көлік картасын пайдаланудың артықшылығы неде?

«Астана LRT» ЖШС ақпаратына сәйкес, жол ақысын электронды түрде төлеу жүйесі (әрі қарай — ЖТЭЖ) жол ақысын төлеудің екі түрін ұсынады: көлік картасымен және бір реттік билетті қолма-қол ақшалай сатып алу. Яғни, ЖТЭЖ енгізу кезінде де жолаушылар қолма-қол ақшалай жол ақысын төлеп, белгіленген түрдегі бір реттік қағаз билеттерін алуына болады.

Сондай-ақ, көлік картасын пайдалану кезінде қосымша артықшылықтар да қарастырылған. Мәселен, жолаушыларға жол ақысын картамен төлеу кезінде 60 минут ішінде бір көліктен екіншісіне ауысып отыру кезінде тегін жол жүру мүмкіндігі берілген. Қала маңындағы бағдарларда қалаға кірген кезде 60 минут ішінде бір көліктен екіншісіне ауысып отыру мүмкіндігі қарастырылған.

Айта кету керек, бір көлік картасы тек бір жолаушының жол ақысын төлеуге жарамды. Төлем жүйесі туралы айта отырып, назар аудара кеткен жөн, көлік картасын сатып алып, оның теңгеріміне ақша салғаннан кейін карта иесі оған салынған қаражатты ешқандай мерзім шектеуінсіз пайдалана алады. Яғни, «Көлік әмияны» тарифі бойынша толтырылған қаражатты пайдалану мерзіміне шектеу қойылмаған.

Сонымен қатар, ЖТЭЖ көшудің тағы бір себебі — «Астана LRT» ЖШС деректеріне сәйкес көптеген кикілжіңдерге себеп болған кондуктор мен жолаушының арасында ендігі байланыс орнамайды.

Жол ақысын төлеудің электрондық жүйесінің деректеріне сәйкес, 2018 жылғы 21 шілде – 7 тамыз аралығында көлік картасын пайдалану үлесі 90% құрады, 180 мыңға жуық карта іске асырылды, шілде айының басынан бері 244 мыңнан астам карта сатылды. 18 күн ішінде көлік картасымен 415 мың пайдаланушы, соның ішінде 61,9 мың жеңілдік берілген адам кем дегенде бір рет валидация жүргізді.

ЖТЭЖ жүйесі жол ақысы құжаттарының қандай түрлерін ұсынады?

Бүгінде аталған жүйе жол ақысы құжаттарының келесі түрлерін ұсынады:

Бір реттік жол жүру құжаты, қағаз түрінде бір сапарға және тек билетті берген көлік құралында бір сапар кезінде ғана жарамды құжат;

Бірнеше тариф түрлерін жүктеуге мүмкіндік беретін, толтырылатын ұзақ мерзімге қолдануға арналған көлік картасы (пластик);

Мектеп оқушыларына арналған көлік картасы;

Жеңілдікті көлік картасы;

Көлік билеті (шектеулі жол жүруге арналған жұмсақ, толтырылмайтын көлік картасы).

Жеңілдікті көлік карталары кімдерге беріледі?

Біріншіден, жеңілдікті көлік картасында пайдаланушының есімі жазылып тұрады және үшінші адамға пайдалануға беруге жарамайды.

Жеңілдікті санаттың азаматтары қалалық жолаушылар көліктерінде жол ақысын төлеуден босатылған. Оларға зейнет жасына және еңбек өтіліне байланысты зейнеткерлер, сондай-ақ жасына байланысты және асыраушысынан айырылған жағдайда мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылар, көп балалы аналар, көп балалы отбасылар, мүмкіндігі шектеулі жандар, он сегіз жасқа толмаған мүмкіндігі шектеулі балалар, сонымен қатар ата-анасының (заңды өкілдерінің) біреуі, сондай-ақ, Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері және оларға теңестірілген тұлғалар жатады.

Екіншіден, қалалық және экспресс бағдарларда жүруге берілетін жеңілдікті карталарды толтырудың қажеті жоқ және оларға жол жүру саны бойынша шектеу қойылмаған. Дегенмен, жеңілдікті санаттың азаматтары жол ақысын төлемегенімен, олардың карталарында жол жүру саны жазылмағанымен, олар автобус салонына кірген кезде көлік картасын валидаторға тигізу арқылы жол сапарын тіркеуі керек. Себебі, қоғамдық көліктегі жол жүруді міндетті түрде тіркеу субсидияларды дұрыс есептеу үшін қажет. Қала әкімдігі тасымалдаушылардың (автопарктердің) жеңілдікті санаттағы азаматтарды тасымалдағаны үшін жұмсаған шығындарын ішінара өтейді. ЖТЭЖ жүйесі мен валидаторлардың көмегімен автопарктердің қанша жолаушыны тасымалдағанын нақты есептеуге болады. Бұл әкімдіктер автопарктерге тиісті қаражатты аударуы үшін жол жүрудің нақты санын есептеуге мүмкіндік береді. 

Бұдан өзге міндетті валидация жолаушылар ағынына нақты талдау жасауға мүмкіндік береді. Осы талдаудың негізінде бағытжол тораптары жақсарады: жаңа бағыттар қосылады, өзгереді, сұранысқа аса ие автобус бағыттарының жүктемесін жеңілдетуге бағытталған жұмыстар жүргізіледі.

Қазіргі уақытта Астанада 120 мыңға жуық жеңілдікті санат азаматтары тіркелген, бүгінде 100 мың жеңілдік берілген адам атаулы көлік карталарын алды.

Мектеп оқушыларына арналған атаулы көлік картасы

Айта кету керек, мектеп оқушыларына арналған көлік картасында да әр оқушының есімі жазылып тұрады және үшінші адамға пайдалануға берілмейді. 7–15 жас аралығындағы балалар мектеп оқушыларына арналған атаулы көлік картасын алуға құқылы. 15 жасқа толмаған балаларға арналған атаулы көлік картасын қолданушылар үшін жол ақысы 40 тг құрайды.

Оқушы көлік картасын өзі білім алатын оқу орнынан алады. Оқушыға картаны рәсімдеу үшін оның туу туралы куәлігі және фотосуреті қажет. Картаның бастапқы шығарылымы тегін болады. Егер жоғалған болса, оны қайта шығару құны 400 теңгені құрайды.

Егер мектепте картаны рәсімдеуден бас тартса, онда баланың ата-анасы немесе қамқоршысы Қажымұқан көшесі, 14 мекен-жайында орналасқан Төлем жүйелері департаментіне жүгіне алады. Өзімен бірге баланың туу туралы куәлігінің түпнұсқасы, ата-анасының біреуінің жеке куәлігі, баланың 3*4 көлеміндегі фотосуреті (егер бала бірге еріп келмеген болса) болуы керек.

Сондай-ақ, мектеп оқушыларына арналған атаулы көлік картасын басқа қаланың балалары ата-аналарымен немесе заңды өкілдерімен карта беру пунктіне барып, 400 тг көлемінде құнын төлеп, алуына болады. Орталық кассаның мекен-жайы: Қажымұқан көшесі, 14 үй. Кассаның жұмыс режимі: дүйсенбі–жұма күндері сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін, үзіліссіз.

Бүгінде 120 000-нан астам мектеп оқушыларына арналған көлік картасы берілген.

Билет құны қалай белгіленеді немесе неліктен тарифтер қымбаттады?

Қоғамдық көліктің билет құны қалай құрылатынын түсіну үшін, есептік және белгіленген тарифтер болатынын білу қажет. Есептік тариф — бұл жол ақысының нақты құнын көрсететін тариф. Ол маршруттарда қызмет көрсетуге тасымалдаушының жұмсаған шығындарын ескере отырып құрылады. Бұл — ЖЖМ, жөндеу және техникалық қызмет көрсету, жүргізушілердің және кондукторлардың еңбекақылары және т.б. секілді шығындар. Тарифті белгілеуге отын бағасының өсуі, автобустардың босалқы бөлшектері және шығыс материалдары, сондай-ақ, жалпы еліміздегі еңбекақы деңгейіне ықпал ететін тұтыну бағаларының өсуі секілді факторлар да әсер етеді.

Тасымалдаушылар (автопарктер) берген есептер мен ұсыныстарды комиссия қарау кезінде есептік тариф қалалық бағдарларға 301 тг деңгейінде анықталды. Алайда белгіленген тарифті, яғни жолаушыларға арналған билет құнын қолма-қол ақшалай төлеу кезінде 200 тг деңгейінде белгілеу жоспарланған. Қалған бөлігі мемлекеттен берілетін субсидиялар есебінен жабылады. Яғни, мемлекет жол ақысының нақты құнының үштен бір бөлігін төлейді. 

Көлеңкелі айналымды азайту: тарифтердің өсуі қала өміріне қалай әсер етеді?

2014 жылғы тамыз айында қалалық автобустағы жол ақысы 30%-ға қымбаттады. Барлығы 4 жыл ішінде бағдарлар саны 54-тен 63-ке дейін артты. Қала маңындағы елді мекендердің тұрғындары енді жұмыстарына ыңғайлы қоғамдық көлікпен жетеді. Сонымен қатар күнделікті желідегі автобустар саны 22% ұлғайды. Оған қоса, бағыттардың орташа аралықтары да қысқартылды. Мұның бәріне жаңа ыңғайлы, барлық тараптарға сай келетін автобустарды сатып алудың арқасында қол жеткізілді.

Барлығы 738 автобус сатып алынды: 2014 жылы — 358 дана, 2017 жылы — 380.

Бұдан өзге, қаражаттардың көлеңкелі айналымын азайтуға, жолаушылар ағынын есептеуге мүмкіндік беретін жол ақысын төлеудің электронды жүйесі енгізілді. Бұл, өз кезегінде, тасымалдаушылардың шынайы кірістерін көруге, сондай-ақ бағдарларды жоспарлап, субсидиялар мөлшерлерін дұрыс есептеуге жол ашады.

Қоғамдық көліктегі жол ақысының қымбаттауы тасымалдаушылардың сапалы қызмет көрсетуі үшін қажет. Жол жүру үшін әділ тарифтерді белгілеу ақшалай қаражаттарды қоғамдық көлікті дамытуға, жылжымалы құрамды жаңартуға, жолаушылар тасымалдарының сервисін жақсартуға мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда 958 бірлік көлемінде жылжымалы құрамға қажеттілік бар (20% резервті қоса есептегенде).

Өз кезегінде сараланған тарифті енгізу: базалық — көлік картасымен төлеу кезінде 120 тг және қолма-қол ақшаны төлегенде 200 тг, елорда тұрғындарын ЖТЭЖ-ды қолдануға ынталандырады, бұл қаражаттың көлеңкелі айналымын барынша азайтып, бюджетке кірістерді ұлғайтады. Мұның бәрі келешекте елорда деңгейіне сәйкес келетін сапалы қызметтер мен жолаушылар тасымалы түрінде өз нәтижесін береді.

Bus Lane, City Bus және LRT: көлік жүйесінің жаңа компоненттері нені көздейді

Жалпы қоғамдық көлік жүйесін дамыту туралы айтар болсақ, қоғамдық көлік жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталған бірқатар жобаларды атап өту керек. Мәселен, «Bus Lane» жобасы — қала көшелерінде қоғамдық көліктердің кедергісіз қозғалысына арналған арнайы бөлінген жолақ. Bus Lane жолаушылардың бағдарлар бойынша қозғалыс уақытын қысқартады, сондай-ақ қоғамдық көлікті танытады.

Күтілетін нәтижесі:

Бағдарлар бойынша жолаушылардың қозғалыс уақытын 10%-ға (12 минутқа) қысқарту.

Автобустардың орташа жұмыс жылдамдығын 10%-ға (3 км/сағ) ұлғайту.

Қалалық автобустардың бағыттары бойынша «Bus Lane»-ді енгізу қоғамдық көліктің жұмысын жақсартуға мүмкіндік береді, атап айтқанда, автобустардың көлік кептелістерінде тұрып қалу уақытын қысқартады, жалпы ағындарда қоғамдық көлікті басқаруды жеңілдетеді, кесте бойынша сәйкес келмеушіліктер санын азайтады және т.б.

Қазіргі таңда «Bus Lane» жобасының 2 кезеңі іске асырылған:

І кезең — 2015–2016 жж. Астана қаласының 11 негізгі көшесінде «Bus Lane» арнайы жолақтары енгізілді, жалпы ұзындығы — 38,4 шақырым. Аталған көшелердегі «Bus Lane» енгізудің тиімділігі – 9%. 

ІІ кезең — 2017 жыл. Астана қаласының 12 негізгі көшесінде «Bus Lane» арнайы жолақтары енгізілді, жалпы ұзындығы — 36,7 шақырым. «Bus Lane» енгізудің тиімділігі – 11% құрады. 

Осылайша, «Bus Lane» екі кезеңін енгізудің жалпы тиімділігі 10% құрады.

ІІІ кезең. «Bus Lane» арнайы жолақтары Қосшығұлұлы көшесінде салынды (Орал көшесінен Күмісбекова көшесіне дейін). Сондай-ақ, «Bus Lane» арнайы жолақтарын Астана қаласының 6 негізгі көшесіне жалпы үзындығы 11,2 шақырым етіп салу жоспарда бар.

Аталған көшелерде «Bus Lane» салудың жоспарлы тиімділігі — 8%.

Сонымен қатар, бүгінде автобус паркін жаңарту мәселесі өзектілердің қатарында. Мәселен, «City Bus» жобасы Астана қаласының автобус паркінің жылжымалы құрамын жаңартуға бағытталған. Қазіргі таңда жобалар іске асырылған және барлық автобустардың 70% жуығы жаңартылды. Қаланың автобус паркінде барлығы 1130 автобус бар. Автобустар еуропалық сапа стандарттарына сай келеді, сонымен қатар Астананың ауа-райы–климаттық жағдайларының ерекшеліктерін ескере отырып шығарылған (қосымша жылыту жабдығымен, екі қабатты шыныпакетпен, жылытылған еденмен, GPS жүйесімен жарақтандырылған). Астанада барлығы 9 автопарк қызмет көрсетеді.

Астана — жылдам дамушы қала, таяу уақытта тұрғындарының саны 2 млн-ға жақындайды. Бұндай жағдайда қазіргі жерүсті жолаушылар көлігі барлық пайдаланушыларды қоғамдық көлікпен қамтамасыз етуге жеткіліксіз болуы мүмкін. Жылдамдықты жеңіл рельсті көлік жобасының (LRT) мақсаты — Астана қаласының көлік жүйесінің негізі болып табылатын және қоғамдық көліктің барлық түрлерін біріктіретін жылдамдықты жеңіл рельсті көлік жүйесін құру. Жүйенің ұзындығы — 22,4 шақырым. Барлығы 18 бекет салынады. Жобаны өткізу мерзімі — 2019 ж. желтоқсан.

Қаланың жаңа көлік жүйесінің компоненттері қалаға айтарлықтай пайда әкеледі:

1) негізгі дәліздердегі үлкен мобильділік;

2) барынша қысқа және кепілдік берілген жол жүру уақыты (LRT қозғалысының жылдамдығы қолданыстағы жолаушылардың жерүсті қоғамдық көлігінен әлдеқайда жоғары);

3) арнайы трассаны пайдаланудың арқасында жолаушыларға сенімді үздіксіз қызмет көрсету;

4) кептелістерге және жоғары коммерциялық жылдамдыққа әкелетін жолдағы көлік құралдарының санын азайту;

5) қолданыстағы көлік құралдарын LRT-ны жабдықтау ретінде пайдалана отырып, қоғамдық көліктің жетілдірілген және толығымен интеграциялаған жерүсті желісін құру мүмкіндігі.

6) тартымды технология;

7) қоршаған ортаға зиянсыз технология, аз шуыл, энергияны аз тұтыну;

8) көліктегі жақсартылған қауіпсіздік және жол-көлік оқиғаларының санын және ауырлығын азайту.

LRT енгізу кезеңінде жолаушылар ағынының шамаланған сұранысы тәулігіне 146 мың болады. Жоғарыда аталған барлық факторлар белгілі бір аудандарда автожолдардың қазіргі жүктемесін 30%-ға жеңілдетуге мүмкіндік береді.

Қорытындылай келе, тартымдылықты арттыру үшін қоғамдық көлік барлық заманауи технологиялық талаптарға жауап беруі керек, аталған барлық іске асырылып жатқан жобалар осыған бағытталған.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

20.09.2018

Д.Қыдырәлі – Түлкібас ауданының құрметті азаматы

20.09.2018

Мемлекеттік органдардың бірыңғай платформасы құрылады

20.09.2018

Қостанайда жалпықазақстандық диктантқа 4 сынып оқушысы қатысты

20.09.2018

Павлодарда Google компаниясының қызметкері Қуат Есеновпен кездесу өтті

20.09.2018

Әділ Дүйсенбек. Ұрпақ сабақтастығының үлгісі

20.09.2018

2018 жылдың 8 айында 7,7 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді

20.09.2018

«Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының екінші кезеңі басталды

20.09.2018

Астана қаласы Әуе көлік прокуратурасы жолжүктерді ашудың 80 дерегін анықтады

20.09.2018

Елбасы Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті

20.09.2018

GGG үздіктер тізімінде төмендеді

20.09.2018

Қазақстан құрамасын Кака баптайды

20.09.2018

Сапа менеджментін енгізу бәсекеге қабілеттілікті нығайтады

20.09.2018

Елімізде 1 қазаннан бастап депозит шарттары өзгереді

20.09.2018

Машина жасаушылар форумына әлемнің 20 елінен 1000-нан астам делегат қатысады

20.09.2018

Жеңімпаз қыздың қайырымдылығы көпке үлгі

20.09.2018

Б. Сағынтаев Инвесторларды тарту мәселелері жөніндегі Үкіметтік кеңестің отырысын өткізді

20.09.2018

Экс-чемпион бокс мектебінің директоры болып тағайындалды

20.09.2018

 Жаңа заң – жаңа үміт

20.09.2018

Мөлдірдің мөлдір әлемі

20.09.2018

Көкшетау тұрғыны тираждық лотерея ойынының миллионері атанды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Minez adamnyń taǵdyry ma?

Qazir Elbasynyń «Bolashaqqa baǵdar: rýhanı jańǵyrý» baǵdarlamasy týraly jıi áńgime qozǵalýda. Jańa turpatty jańǵyrýdyń eń basty sharty – ulttyq kodyńdy saqtaı bilý, ıaǵnı zaman jańalyqtaryn qabyldaı, oǵan ún qosa otyryp, basqa ulttardan árdaıym erekshelendirip turatyn ózińniń ulttyq bolmysyńdy, qazaqy qalybyńdy damyta bilý ekendigi aıtylýda.

Жұмабай ШАШТАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Esti men eski

Elektrondy aqparat quraldaryn qosa qalsań-aq jarq etip shyǵa keletin ánshilerdiń bitim-bolmystarynan syr aýlaı uzaq qadalatynyń bar. Qyz-jigitterdiń arasynda burynnan biletiniń ıa qatarǵa jańa-jańa ilingenderiniń oryndaǵan ánderine qulaı elikpeseń de – beker obaldary káne, beıjaı tyńdap otyrǵyzbaıtyn izdenisteriniń qýaty barshylyq. Bul salanyń jetik bilgiri sanalmasań da, tańdaǵan repertýaryna ózińshe kóńil aýdaryp, naqyshyn ishki tarazyńmen ólshep, órnek ıirimin oısha saraptaısyń ǵoı, baıaǵy. 

Ермухамед Мәулен, «Егемен Қазақстан»

Boljam aıtyp baıyǵandar

Sport bızneske aınalǵaly qashan. Árıne bul sózben qazir eshkim daýlasa almaıdy. Álemdegi eń baı adamdar sportshylar ekeni anyq. Alaıda osy sport bıznesi salasynda alaıaqtyq ta joq emes. Ásirese bás tigip aqsha tabatyndar men qandaı báske qoıý kerektigin usynatyndardan aıaq alyp júre almaısyz. Keńes beretin keń­seler men aqyl aıtyp otyratyn saıttar qap­tady. Aldaǵy ýaqytta alaıaqtardyń arbaýyna túspes úshin bul júıeniń qalaı áreket etetinin aıtyp óteıin. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Naǵyz Báıterek

Qazirgi baspasóz betterinde, buqaralyq aqparat quraldarynda «Báıterek» degen sóz teńeý retinde kóbinese qoǵamǵa eńbegi sińgen nemese ómir jolynda jeke basy jaqsy tabystarǵa jetken, sodan halyqtyń kózine túsken adamdarǵa qatysty qoldanylyp júr. Durys-aq. Ondaı adamdardyń eńbegi halyq ıgiligine jarap jatsa, sol ıgilikten kóptegen adamdar nár alyp, turmysyn jaqsartsa nemese sol adamnan úlgi alý arqyly urpaǵyna durys tárbıe, baǵyt-baǵdar berse, tipti basqany bylaı qoıǵanda, et jaqyn týystary, aýyldastary sonyń saıasynan pana taýyp, sol arqyly ómirin durys arnada jalǵastyryp jatsa, nege qoldanbasqa. Rasynda da, mundaı adamdar «Báıterek» degen atqa ábden laıyq qoı.

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Tо́relik qyzmetke tо́r qashan beriledi?

Abaı atamyz: «Burynǵy qazaq jaıyn jaqsy bilgen adamdar: «bı ekeý bolsa, daý tórteý bolady» dep aıtypty», deıdi. Rasynda, bul sózdiń ómir tájirıbesinen alynǵanyna esh kúmán joq. О́ıtkeni bul arada hakim bıdiń sany emes, sapasy daýdy azaıtatynyna mán bergeni anyq. Al endi bul búgingi kúni de elimiz aýmaǵyndaǵy tórelik qyzmet prosesinde týyndaıtyn qoǵamdyq qatynastardy sheshýde eń basty eskerer jaıt bolyp tur. Sebebi azamattyq daýlardy qaraýda qara qyldy qaq jaratyn ádil sheshimge qol jetkizý áli de arman.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу