Бизнес • 16 Тамыз, 2018

Бизнес үшін GSP-ның артықшылықтары көп

340 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеше елордада отандық бизнестің ірі өкілдері АҚШ Оңтүстік және Орталық Азия істері жөніндегі сауда өкілінің көмекшісі Марк Линскоттпен,  АҚШ сауда өкілінің сауда және экономика саясаты жөніндегі көмекшісі Эдвард Грессермен кездесті. 

Бизнес үшін GSP-ның артықшылықтары көп

Делегация құрамында аме­ри­калық басқа да экономикалық ұйымдардың өкілдері және АҚШ-тың Қазақстандағы елші­лігінің қызметкерлері болды. Шараға «Атамекен» ҰКП, Қазақ­станның Сыртқы сауда палата­сы, Астананың Кәсіпкерлер пала­тасы бірлесіп мұрындық бол­ға­нын айта кетейік. Кездесу өткі­зудегі басты мақсат Қазақстан биз­несінің өкілдеріне АҚШ-тағы Артықшылықтардың бас жүйесі (GSP) бағдарламасын кеңірек таныстыруға бағытталды. Аталған бағдарлама елімізде өн­ді­рілетін 3500-ден астам тауар түрін мұ­хит­тың арғы жағындағы елдің на­рығына баж салығынсыз енгі­зуге жол ашатынын айта кетейік. 

Кездесу барысында АҚШ сауда өкілінің сауда және экономика саясаты жөніндегі көмекшісі Эд­вард Грессер екі мемлекеттің ара­сын­дағы сауда қатынастарына қа­тысты бірқатар деректі тілге тиек етті. Ал еліміздің Сыртқы сауда пала­та­сының басқарма төрағасы Аян Ереновтің айтуынша, бү­гін­гі таң­да АҚШ-қа тұрақты тауар экспорт­таумен 2 мыңға жуық қазақ­­стан­дық өндіруші айналысады. Қа­зақ­­станның тауар айна­лымын­да әлем мемлекеттері ара­сын­да АҚШ 6-орынды иеленеді. Қа­зақ­стан мен АҚШ арасын­дағы тауар айналымы 2017 жы­лы 1 млрд 645 млн АҚШ дол­ларын құра­ды. Бүгінгі таңда GSP бағ­дар­ла­ма­сын тұтынатын елдердің ішінде Қазақстан тауар тасыма­лы­ның көлемі бойынша 12-орын алатынын айта кетейік. 

Арнұр АСҚАР,

«Егемен Қазақстан»